Іі. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің әрі қарай дамуы


Демек, білім  беру мазмұны - мектепке бағытталған  әлеуметтік тапсырыстың педагогикалық  моделі



бет19/24
Дата27.01.2022
өлшемі52,33 Kb.
#129979
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
баяндама
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Демек, білім  беру мазмұны - мектепке бағытталған  әлеуметтік тапсырыстың педагогикалық  моделі. Яғни білім беру мазмұны  қоғамның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге  қойып отырған әлеуметтік тапсырысын педагогика тіліне аударуды қажет етеді. Бұл дегеніміз – жеткіншек ұрпақ қоғам талабына сай болуы үшін адамзат баласы жинақтаған мол тәжірибенің оқушы игеруге тиісті деңгейін, көлемін айқындау деген сөз. Сондықтан білім беру мазмұны бірнеше деңгейде анықталады.
«Жалпы білім беретін мектептің білім мазмұны тұжырымдамасының» қағидаларын, сол сияқты қазіргі қоғамның ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын іріктеудің және материалдардың орналасу жүйесін анықтаудың принциптерін төмендегідей  тұжырымдайды.

  • Біріншіден, жалпы  қоғам дамуының қазіргі ерекшеліктерінің бірі – ғылыми-техникалық прогресстің  тездеп дамуы және оның нәтижесінің  өндіріске енгізілуі болып отыр.

  • Екіншіден, Қазақстан  Республикасының тәуелсіздікке  ие болуы, соның арқасында оның әлемдік–экономикалық геосаясатқа дербес араласуы елімізге көптеген адамдардың келуіне, сол сияқты біздің азаматтардың басқа елдерде  жұмыс жасауына, оқуына әсер етіп отыр. Осыған байланысты біз Қазақстан мектептерінде берілетін білім деңгейі өркениетті елдердегі оның мөлшері мен деңгейінен төмен болмау керек деп есептейміз.

  • Үшіншіден, әлем халықтарының арасындағы қатынастардың  қазіргідей деңгейге көтерілуі әр ұлттың өзіндік ерекшеліктерін сақтап қалуына қауіп төндіруде.Мұндай жағдайда біз де өзімізге тән ерекшеліктерімізді (тілімізді, дінімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетінімізді, және т.б.) сақтап қалу үшін жеткіншек ұрпақты “ұлттық  және патриоттық санасын жоғары етіп тәрбиелеуіміз қажет

  • Төртіншіден, бастауыш білім берудің мазмұны бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға ғылыми білімдердің негізін хабарлауға, қоғамдық-тарихи тәжірибелер негізінде дамытуға жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеуге бағыт алады.

Білім беру барысы, оның мазмұны оқу бағдарламаларында  қарастырылатын оқу пәндерінің өзара  байланыстарының ашылуымен сипатталады. Әрбір оқу пәні белгілі бір ғылымның мәліметтерін, түсінік – ұғымдары.

Мектептегі  жалпы білім кезеңдерінің ішіндегі ең қиыны да күрделісі де – бастауыш мектеп екені осы бағытта еңбек етуші адамдарға ғана мәлім. Өйткені олардың мақсаты – мектепте жаңа келеген балаға оның бар өмірлік тәжірибесін, дүниені танудағы империкалық көзқарасын, психологиялық, жеке құқықтық денсаулық ерекшеліктерін ескере отырып, білімдерінің негізін хабарлап, ерік-жігері, таным-талпынысы бар тұлғаны тәрбиелеу осы кезеңдегі жұмыстардың жүйелілігімен жемістілігімен баланың кейінгі кезеңдердегі сапалы қасиеті, қабілеті, білім алу қарқыны қамтамсыз етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет