1
|
Жұмажанова Т.Қ. Қазақ әдебиетінен оқу-әдістемелік күнтізбелік жоспары. 6-7 сынып. А., 2003.
|
1
|
|
Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасының очерктері. – Алматы, 1962.
|
1
|
Құрманбаева Г.С., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. А., 1994.
|
1
|
|
Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – Алматы, 1969.
|
2
|
|
|
|
Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.
|
2
|
|
|
|
Жұмажанова Т.Қ. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. А., 2009.
|
2
|
|
|
|
Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. А., 1981.
|
1
|
|
|
Оқытушы --------------------------------------------
(аты-жөні, қолы)
«Филология және журналистика» кафедрасының
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнін жүргізуге арналған мамандандырылған
ДӘРІСХАНАЛАР ТІЗІМІ
№
|
Дәрісхана
(кабинет, зертхана нөмірі)
|
Дәрісхананың (кабинет, зертхана) сипаттамасы
|
Дәрісханадағы пәнді оқытуда қолданылатын приборлар мен құрал - жабдықтар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
214
|
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
|
Таблица, сурет, схема, мултимедия
|
2
|
215
|
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
|
Таблица, сурет, схема, мултимедия
|
Лекциялық сабақтардың тезистері
№1 лекция тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні
Лекция тезисі: «Әдебиет методикасы» - педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның қамтитын объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымының, оның теориясының жалпы қағида, ережелеріне сүйенеді. Бірақ әдебиет методикасы педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін өз шеңберінде ғана алып баяндайды.
Оқу бағдарламаларының тарихи желісін құру - әдістеме ғылымының алдағы дамуы үшін де мәнді болмақ. Әр оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білім мазмұны мен мөлшерін, білік пен дағдыларды және оқу жылдары бойынша бөлінген бөлімдер мен тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат бағдарлама деп аталады. Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған бағдарламалар оқу пәнінің мазмұнын белгілеу формасы болып табылады және білім мазмұнын нақты оқу үрдісіне енгізу үшін жоспарланған мазмұнның іске асырылуы үшін қызмет етеді. Бағдарлама сонымен қатар мұғалім мен оқушының іс - әрекетін анықтайтын нормативтік құжат болып табылады. Қоғамның және мәдениеттің даму өзгерістеріне сай әдебиет пәнінің бағдарламалары, оқулықтарымен қатар оны оқыту әдістемесі де жетілдіріліп отырады және ол қалыптасқан отандық әрі әлемдік тәжірибеге негізделеді.
Қазақ әдебиеті әдістемесі өзінің қалыптасу және даму тарихында мектепте әдебиетті оқытуды оқу – әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге қызмет ете отырып, өзгеріп отыратын дәуір талаптарына сай белгілі бір бағыттарда басым дамығаны байқалады. Әдістеме ғылымы дамуының қай кезеңде де оқу бағдарламалары жетекшілік басымдықта дамыған.
Қазақ әдебиеті әдістемесінің ғылым ретінде дамып қалыптасуына ғылыми – әдістемелік зерттеулер қатарында әдеби білім тұжырымдамалары, мемлекеттік білім стандарттары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оларға жазылған әдістемелік құралдар да орын алады.
«Қазақ әдебиеті» пәні арқылы адам өмірдегі жақсылық пен жамандықтың, арамдық пен адалдықтың, әділеттілікпен әділетсіздіктің, ізгілікпен қаталдықтың тағы басқа да қоғамдағы жағымды - жағымсыз қылықтардың арасындағы күресті айыра алатын қабілетке жетеді, өмірдегі түрлі құбылыстарға сыни көз қараспен қарайды, өзінше баға береді.
Әдебиеттегі көркем сөздің қуаты қоғамды, қоршаған ортаны, адам жанының небір нәзік сырлары мен әлеуметтік өмірдің терең қатпарларын ақтара білуге жеткізеді. Өмір көріністерін түрлі образдар арқылы оқушы санасына бейнелеп, көз алдына жандандырап елестетеді. Сөйтіп, оқырман көз алдынан талай тағдырлар өтіп жатады. Олардың әрқайсысы өзіндік тіршілігімен, қайталанбас мінезімен, өкініш - опығымен, қуаныш-қызығымен, түрлі тартысымен көрінеді.
Жазушы олардың әрқайсысын өзіне тән ерекшелігімен, ерлігімен, еңбегімен, ойымен, ақылымен, қулығымен, әзілімен өрнектейді. Оның бәрі жазушының ішкі және дүниесінің толғанысымен, сезім шынайылығымен бейнеленеді. Сондықтан өнер туындысында адамды баурап әкетер, ләззәтқа бөлер, жүрек толғар, қуат берер, сұлулыққа іңкәрландырар ерен күш бар. Міне, өнер туындысының танымдық, тәрбиелік мәнін ерекше бағалайтынымыз содан.
Мектепте оқушылар әдебиетті оқу арқылы халықтың ауыз әдебиеті мен өткендегі прогрессшіл әдебиетінің, тарихи-әдеби және идеялық-көркемдік ерекшеліктерін, өзіндік сипаттарын нақты танып, өтілген әрбір көркем шығарманы меңгеруге тиіс. Бұл міндет сөз өнері арқылы болмысты эстетикалық қабылдауға негізделген әдебиеттің өзіне тән өзгешелігіне сәйкес оқып үйрену, шығарманың идеялық мазмұны мен көркемдік түрін, сөз өрнегін органикалық бірлікте, ажырамас тұтастықта талдай білуге үйрету негізінде орындалады.
Әдебиет – сөз өнері. Ол – өнердің бір саласы. Әдебиет пәні де - өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар “адамтану құралы” десе, біз әдебиет пәнін “адам тәрбиелеу құралы” дер едік. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр – сырын игеруден жай білім ғана алып беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәні – сонымен бірге қоғамтанудың басты құралдарының бірі.
Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу ісіне қосар үлесі үлкен. Ол жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білуіне, адамгершілік сезімінің ұшталып, имандылық қасиеттерінің оянуына септігін тигізеді.
Әдебиет пәні бойынша оқушыға ұсынылатын білім мазмұнының сынып бойынша сұрыпталуы оқушының жас ерекшелігіне, қабылдау мүмкіндігіне қарай айқындалады, себебі әдебиет пәнінде оқушыны дамыту, тәрбиелеу, оқыту, оқу әрекетін ұйымдастыру бәрі білім мазмұнына, көркем шығарма мәтініне тәуелді. Сондықтан оқушыға ұсынылатын оқу материалы оқушының ықпалы мен ынтасын бәсеңдетпей, керісінше, оның таным белсенділігін арттыруға ықпал ететіндей болуы керек және ол оқушы ақыл-ойының дамуының шешуші факторы да болуы керек. .
Әдебиет пәні барлық пәндермен, әсіресе, гумманитарлық, эстетикалық циклдағы пәндермен өте тығыз байланысты. Соның ішінде, өзі де өнер пәні болып саналатыны себепті, ол бейнелеу өнері, музыка пәндерімен ерекше гармониялық үндестікте жүріп отыруы керек. Сондай – ақ, тарих пәні әдебиеттің ең туыстас, бауырлас пәні болып табылады. Бағдарлама мен оқулыққа назар аударған адам бірден осы туыстықты аңғарар еді. Себебі ақын – жазушы шығармашылығына тоқталмас бұрын, ол өмір сүрген тарихи кезеңнің сипаттамасы, келбеті беріледі. Қай суреткер болсын, - өз заманының жемісі. Ол, ең алдымен, өз заманын жыр етеді, соның келбетін кескіндейді, бейнелейді, шығармашылығы заманына байланысты туады. Оның шығармасы - сол өз заманының айнасы. Қазақ тілі пәнімен ерекше бауырластығы дәлелдеуді қажет етпейді. Егер әдебиетті көркем бір ғимарат, ғажайып мүсін десек, соны құрайтын заттар – тіл, тіл байлығы; сондықтан бұл екі пәнді бөліп алып қарастыру дұрыс емес.
Әдебиет пәнінің ауқымы да, мүмкіндігі де, маңызы да ерекше. Мектепте оқытылатын қай пән болсын, олардың білім мен дағды, тәрбие беруде өзіндік орны, атқарар маңызы бар. Дегенмен де әдебиет пәні барлық пәннің анасындай қызмет атқарады. Математиканы меңгеру үшін де сауатты оқи білу керек, оқығанын түсіну, ұғу, айта білу қажет (география, тарих пәндерін былай қойғанда).
Соңғы кездерде туыстас пәндерді бір арнада біріктіре оқыту тәжірибеге жиі еніп келеді. Сондай – ақ интегративтік оқытудың бір тәсілі – дуэт сабақтар, трио, гармония сабақтары да кең етек алуда. Әдебиет пәні тақырып ерекшелігіне байланысты кейде тіл, тарих, музыка, бейнелеу өнері, география пәндерімен дуэт, трио сабағы ретінде өтіліп келе жатыр. Әдебиет пәнінің тағы бір ерекшелігі- оның ойлы, ізденімпаз, өзіндік эстетикалық көзқарасы бар оқырман дайындауында. Бұл – үлкен, қасиетті міндет.
Әдебиет пәні - өнер пәні, адамтану пәні дедік. Сонымен қатар, әдебиет пәні – жан – жақты ойлантудың, терең ойлаудың пәні. Ең бастысы, әдебиеттің басқа пәннен айырмашылығы – онда дәлелденген ешқандай заң жүйесінің, формулалардың, элементтердің, бұлжымас, айнымас ережелердің жоқтығы. Орыс әдебиетінде бір ғана Пушкиннің “Евгений Онегиніне” қаншама сын – зерттеулер, монографиялар жазылды. Әр зерттеуші оны әр қырынан қарастырады, өзіндік пікір айтады, себебі, зерттеуші ғылыми еңбек жазып отырса да, онда, сөз жоқ, өзінің оқырман ретіндегі қабылдауына, сезіміне де орын береді. Қазақ әдебиетіндегі Абай шығармашылығына байланысты М.Жұмабаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиевтер еңбектерін былай қойғанда, бүгінгі әдебиетшілер де зерттеулер жазуда. Бұдан шығатын қорытынды не? Қорытынды әдебиеттің өзіндік ерекшелігінде жатыр. Ол - өнер туындысы.
Ой, ойлану, ойланту барлық пәндерге де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын мәселе - өзіндік ойлау, өзіндік пікірде жатыр. Әдебиетті оқытуда мұғалім оқушыларға көркем туынды туралы оқулық авторы, не ғалымдар пікірін қайталауды, не соны қаз – қалпында мазмұндатуды мақсат етпеуі керек, ең бастысы сол көркем туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешелігі де, күрделілігі де осында.
Достарыңызбен бөлісу: |