Іі. Негізгі бөлім Жасушаның тіршілік циклі, құрылысы



бет23/35
Дата12.12.2023
өлшемі3,57 Mb.
#196564
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Байланысты:
лекции по основам биохимии и синтезу БАВ

Егер ДНК молекуласының Н-байланыстармен қосылған тізбегін жазып жіберсе, онда құрылған әрбір жарты бөліктер ғана оны дәл толықтыратын және қайталану реті берілген тізбекті синтездеуге болады. Егер бұл орындалса, онда ДНК бір молекуласының орнына алғашқы молекуладан тура аумайтын екі молекула құрылады.



ДНК молекуласының моделі. (Уотсон және Крик бойынша):

а-молекула моделі, б-молекула схемасы.

Алғашқы екі тізбектің әрқайсысына жаңа тізбек (алғашқыларға комплементарлы) құру жолымең ДНК молекуласының өздігінен екі еселенуі туралы гипотезаны кейінгі жылдардың тәжірибелік деректері дәлелдейді.

ДНК тірі организмдердің клеткаларында ерекше структаралар құрады. Бұл структуралар клеткалардың ядролық заты деп аталатын хроматиннің негізін қалайды: олар хромосомдар түрінде тұрақталған, ал бактериялардың көпшілігіне және кейбір басқа төмен организмдерде – протоплазмада нуклеоидтер түрінде болады.

Хромосома біртұтас зор комплекс болып табылады, ол негізінен ДНК молекуларынан және белоктан тұрады.

Тірі клеткада ДНК-ның биологиялық функциясы бөлек синтезделгенде оның құрамын реттеумен, тұқым қуалайтын белгілерді әрі сақтаумен байланысты.

ДНК ролі алғаш рет іс жүзінде бактериялармен өткізілген тәжірибелерде тағайындалған.




2. РИБОНУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ (РНК)

РНК мономерлік өлшемі рибонуклеотид болып табылады. Барлық табиғи РНК рибонуклеотидтердің көмірсулық компоненті есебінде β-фураноза түріндегі Д-рибозаға ие болады.



Басқа жағынан рибонуклеотидтердің құрылымьі түгелімен дезоксирибонуклеотидтердің құрылымы сияқты. РНК нуклеотидтерінің азотты компоненті барлық жерде әр РНК үшін міндетті негіздердің біреуі ретінде болады: аденин, гуанин, цитозин және урацил. Бірқатар РНК (бактериялық) құрамында кейбір міндетті түрде, пуриндік және пиримидиндік негіздердің метилденген туындылары болып табылатын басқа негіздер табылған.

Дезоксирибонуклеотидтердегі сияқты, РНК азотты негіздері рибозаның глюкозидтік гидроксилімен, міндетті түрде, пуриндік циклдің N немесе пиримидиндік циклдің N арқылы байланысын, тиісті рибонуклеозид немесе рибозид құрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет