Пиримидинге пиридиннің қасиеттеріне ұқсас қасиеттер тән, оның бензолдан айырмашылығы пиридиннен гөрі көбірек. Оның 2, 4, 6-қалыптардағы электрондарының тығыздығы төмендеген: 5-қалып электрондарын аз ж
Пиримидинге пиридиннің қасиеттеріне ұқсас қасиеттер тән, оның бензолдан айырмашылығы пиридиннен гөрі көбірек. Оның 2, 4, 6-қалыптардағы электрондарының тығыздығы төмендеген: 5-қалып электрондарын аз жоғалтады.
Нуклеофильдік реагенттер — 2, 4, б-қалыптарды оңайырақ шабуылдайды, электрофильдік реагенттер — 5-қалыпты жеңілі-рек, бірақ бензолдағыдан гөрі аздап қиындау шабуылдайды.
Осыған сәйкес натрий амидінің 6-метилпиримидинге әрекетімен 2-амино- және 2,4-диамино-6-метилпиримидин түзіледі:
Электрофильдік реагенттер егер сақинаның басқа қалыптарында (—NH2, —ОН, —SH) күшті электрондонорлық топтары болса, онда пиримидин сақинасын тек қана 5-қалыпта шабуылдайды.
Нитрлеу екі электродонорлық топтың болуын талап етеді. Күкірт қышқылында 50° С нитрлеу арқылы жақсы шығыммен 2-амино-4-окси-5-нитро-4-амино-6 - окси : 5 - нитро - пиримидиндер алынды; реакция жағдайларын 2,4- және 4,6-диоксипиримидиндер үшін қолайлырақ етуге болады.
Галогендеу үшін бір электрондонорлық топ жеткілікті. Мысалы, 5-қалыпта 2-аминопиримидин хлорланады және бромданады, ал 4-аминопиримидин иодтанады (С1):
Ең кемінде екі электрондонорлық тобы бар пиримидиндер диазоттанған ароматик аминдермен сілтілік ерітінділерді 5-қалыпта бірігу реакциясына түседі.
Нитрозалау реакциясы үшін де ең азы электрондонорлық топ қажет.
Пиримидин туындылары.
Үшхлорпиримидинге аммиактың әрекетімен және әрі қарай тотықсыздандыру арқылы аминопиримидин түзіледі.
Нуклеин қышқылдарын гидролиздегенде түзілетіндер:
Урацилді синтетикалык жолмен алудың ең қарапайым тәсілі мо-
чевинаны алма кышқылымен конденсациялауға саяды: Алма қышқылы түзілу сәтінде мочевинамен конденсацияланатын коцентрациялы күкірт қышкылымен формилсірке қышқылын береді. '