Іі. Негізгі бөлім Жасушаның тіршілік циклі, құрылысы


Организмдердің әр қилы түрлерінің табиғи ДНК зерттеу, олар биологиялық жағынан да, химиялык жағынан да бірдей емес екендігін және организмдердің әр түрлі өзіндік ерекше ДНК сипатталуы мүмкіндігін көрс



бет22/35
Дата12.12.2023
өлшемі3,57 Mb.
#196564
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Байланысты:
лекции по основам биохимии и синтезу БАВ

Организмдердің әр қилы түрлерінің табиғи ДНК зерттеу, олар биологиялық жағынан да, химиялык жағынан да бірдей емес екендігін және организмдердің әр түрлі өзіндік ерекше ДНК сипатталуы мүмкіндігін көрсетті.

ДНК-дағы дезоксирибонуклеотидтердің арақатынасы әрбір түрінде әр түрлі болуы мүмкін.

ДНК полимерлік тізбектерінің макромолекулалық құрылысы, олардың химиялыік ерекшелігіне қарамастан, жанды заттардың небір түрлері үшін жаппай бір типтес болады.

Қазіргі уақыттағы көзкарастар бойынша, ДНК молекуласы спираль бойын қуалай, ортақ осьті айнала дұрыс шырмалған екі полидезоксирибонуклеотидтік тізбектер болып табылады. Бұл екі тізбек олардың азотты негіздерінің арасында сутектік және гидрофобтық байланыстармен қосылған. Мұнда негіздер спиральдің ішіне, орталыққа, шамамен спиральдің ұзын осіне перпендикуляр бағытталған. Олардың арасында сутектік байланыстар түзілген, онда бір тізбектегі пуриндік негізіне әрқашан басқа тізбектегі пиримидиндік негіз, ал бірінші тізбектің пиримидиндік негізіне — екіншінің пуриндік негізі сәйкес келеді. Сутектік көпіршіктер — N'-пуриндік сақина және N'-пиримидиндік сақина арасында, пириндік сақинаның алтыншы көміртек атомында орналасқан азот пен оттектің және пиримидиндік сақинаның алтыншы көміртек атомында орналасқан оттек немесе азоттың арасында бола алады. Бір тізбек негіздерінің орналасу реті толығьімен басқа тізбектегі негіздердің ориаласуы алдын ала анықталады, өйткені бірінші тізбектегі адеинге — әрқашан тимин, гуанинге — цитозин, тиминге — аденин және цитозинге —гуанин сәйкес келеді. Гуанин мен цитозиннің жұбында цитозиннің 2-ші көміртек атомындағы азот арқылы үшінші сутектік көпірше де өтеді.

Д НК структурасындағы сутектік байланыстар



ДНК екі тізбегінің арасында молекуланың бүкіл ұзындығының өн бойында қайталамалы сутектік байланыстардың берік жүйесі құрылады.

Негіз жұптарының жазықтықтарының арасындағы молекуланың осінің бойымен есептелген қашықтық 3,'4А тең; бір айналымға осьтің бойымен 10 жұп негіздер енеді және оның ұзындығы 34А тең.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет