Іі нұсқа 1-билет Неолит ескерткіштері шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері


Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызы



бет2/4
Дата28.02.2020
өлшемі216,24 Kb.
#59270
1   2   3   4
Байланысты:
2 нусқа


2.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызы.

Тәуелсіз мемлекетке айналған Қазақстан , отаршылдық езгіге түскен соңғы 200 жылдан астам уақыттан кейін Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайын өткізуге мүмкіндік алды. Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы 1992 ж 29 қыркүйекте Алматыда ашылды. Құрылтайға түрлі кезеңдерде Отанынан кетуге мәжбүр болған дүние жүзінің 33 елінен қазақтар қатысты. Отандастар әр түрлі жағдайларға байланысты,негізінен мемлекет тарапынан жасалған күш көрсетудің нәтижесінде,туған жерлерін тастап,шет елдерді мекендеуге мәжбүр болған еді. Қазақстаннан тыс жерлерде қоныс аударушылар кемсітушілікке де ұшырап,көптеген қиыншылықтар көрді.

-Әлемнің 70-ке жуық елдеріндегі қазақ диаспорасы – 3 млн 200 мың (32%)

Қонақтардың арасында көрнекі діни қайраткерлер, ғалымдар,кәсіпкерлер мен студенттер болды. Құрылтайға көптеген елдерден,үлкен диаспорасы бар Ресейден(660 мың), Өзбекстаннан (870мың)делегациялар келді.Барлық қатысушылар -800 адам. Құрылтайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев,көрнекті ақын және қоғам қайраткері О.Сүлейменов, Түркиядан келген дінтанушы ғалым Халифа Алтай,Ресейден келген қонақ Аман Төлеев т.б. сөз сөйледі.

Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі жарияланды. Құрылтайда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру шешімі қабылданды.Төрағасы-Н.Ә.Назарбаев.

30 қыркүйек-Ұлттық бірлік күні.

2002 жылы 23 қазанда Түркістанда дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті. (400-ге жуық адам қатысты)

1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. 1993 жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан,Түркиядан,Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді. 1992 ж 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді.



7-билет

1.Үйсіндердің тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы)

Үйсіндер атауы б.з.б. ІІ ғасыр қытай жазбаларында кездесе бастады. Қытай жазбаларында үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» деп бейнеледі.Үйсіндердің мекендеген жері Жетісу,шығыс шекарасы Қытайдың солтүстік-батысы Бесбалық ауданына жетіп, батыста Шу мен Талас өзендеріне дейін созылып жатты. Астанасы- Қызыл Аңғар (Чигучен) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауында орналасқан.

Үйсіндердің қоғамдық құрылысы:

Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген тайпалар.

Билеушілері «гуньмо», тайпа көсемдері бек деп аталады.

Жер мен малға жеке меншік болды. Үйсін билеушілері «Менің жайылымыма ешкім мал жаймасын» деп ешкімді жолатпаған.

Мүлік теңсіздігі болғандығын жерлеу орындары дәлелдейді.

Бай үйсіндердің 4-5мың жылқысы болған. Байлар өз жылқысын айыру үшін таңба салды. Қатардағы адамдардың мөрлері балшық және тастан, ауқатты адамдар мен әскербасыларда алтын мен мыстан жасалды.

Дәулетті адамдардың киімі көбінесе жібектен тігілді.

Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы. Негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Қыстаулары Балқаш, Мойынқұмда орналасқан.Дәнді дақылдардан арпа мен тары өсірді. Үйсіндер суармалы және тәлімді егіншілікпен айналысты. Егіншіліктің болғандығын дәлелдейтін деректер Ақтас қыстауынан табылды. Тері өңдеу кәсібі жақсы дамыды, мата тоқу үшін тоқыма кермесі пайдаланды. Саз балшықтан ыдыс жасаумен әйелдер айналысты. Тұрақты үйлері тау бөктерінде орналасты, сұйық тағамға арналаған негізгі ыдыстары былғарыдан жасалды. Қысқы үйлері шикі кірпіштен және тақтастан балшық лай құйылып қаланды.


2. «Мәңгілік Ел» - ұлттық идеясының негізгі мақсаты және тарихи маңызын анықтаңыз.

Мәңгілік Ел – бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл – кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы» деді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы 2014 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.

«Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген.

«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.

Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу.



Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.

Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін – деді Елбасы. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.



Мәңгілік Елдің Жеті тұғыры:

1.Мәңгілік Ел, бұл – Тәуелсіздік және Астана.

2.Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

3.Мәңгілік Ел, бұл – Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.

4.Мәңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім.

5.Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

6.Мәңгілік Ел, бұл – Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.

7.Мәңгілік Ел, бұл – Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.



8-билет

1.Қаңлылардың тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы.)

Қаңлы тайпаларын Қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарияның орталық ағысында өмір сүрген деп тұжырым айтады.

Біздің заманымыздаң бұрынғы III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Олардың астанасы – Битянь қаласы. Олардың саны 600 мың, немесе 120 мың үй болған.

Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан басқа мемлекеттік аппаратқа патшаның орынбасарлары және үш кеңесші кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы мемлекетіне бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда байланыс жасап тұрды. Олар үйсін, ғұн тайпаларымен соғысқан.



Қаңлылырдың қоғамдық құрылысы.

Жазба деректер бойынша қаңлы елін хан билеген. Елді басқару оның үш орынбасары – уәзір көмектесіп отырған. Қаңлы елі өз ішінде бес иелікке бөлініп, әр иелікте кіші хандардан басқарған.Кіші хандар Ұлы ханға бағынған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған.



Шаруашылығы. Қаңлылардың негізгі кәсібі егіншілікпен ұштасқан мал шаруашылығы болды. Оларда тәлімі және көлдетіп суару егіншілік жақсы дамыды. Олар дәнді дақылдар еккен және огород өсурумен де айналасқан.

Аң аулау мен балық қосалқы маңызы болды. Елік, тау теке, арқар, киік аулады. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде балық аулау құралдары – шанышқылар, сүңгілер, қармақтар, жүкшелер шықты.

Ет, балық және өсімдік өнімдерімен жабайы өсетін алма, алмұрт, өрік, тау жуасы, сарымсақ т.б. пайданылды.

Қаңлылар қоғамында әр түрлі кәсіптер, қол өнер, сауда және ақша айналысы дамыды. Олардың қоныстарында ондаған тұрғын үй мен қора – қопсылар болды. Қоныстарда тұрғын үйлерде болсын, қора-қопсыларда болсын дән, астық сақтайтын ұра, еденді сылайтын балшыққа, шикі кірпішке қосылған сабан, толып жатқан дәнүккіштер, астық, бақша дақылдарын сақтайтын қыш кеспектер табылды. Жерді тас кетпендермен өңдеген, сүйектен жасалған егіншілік құралдары да пайданылған.


2.Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық етуінің тарихи маңызына талдау жасаңыз.

Саммит  дегеніміз  не?-Жоғарғы деңгейдегі  кездесу. Қатысушы  елдердің   мемлекет  және  үкімет  басшыларының  мерзім  сайын  өткізіп  тұратын    кездесуі.

Саммитте  не  мәселелер  қаралады?

Сенім мен  қауіпсіздікті  нығайту  жөніндегі  шаралар  мен  қаруларды  бақылау  мен  адам  құқықтары.

Осы  ұйымға  қанша  мемлекет  мүше?-56 мемлекет.

ЕҚЫҰ деген  не?

Алғашқы кезде Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің негізі 1973 жылы Кеңестер Одағының ұйытқысымен қаланыпты. 1973 жылы шілде айында Шығыс пен Батыс елдері арасында орын алған шиеленісті жағдайды реттеу үшін Хельсинкиде 33 мемлекеттің басшысы кездесіпті. Сол кездегі келісім-шарттың қорытындысына 1975 жылы қол қойылып, ол тарихта «Хельсинки келісімі» деген атпен қалды.

Жұмыс  бағыты

1. Қауіпсіздік

2.Ынтымақтастық

3.Адам  құқығы

30 қаңтар 1992  жыл- Қазақстан  бұрынғы  Кеңес  Одағы  елдерінің  ішінде  алғашқы болып Еуропадағы   қауіпсіздік  және  ынтымақтастық   ұйымына   мүшелікке  кірді.

Қазақстанның Еуропа Қауіпсіздігі және Ынтымақтастығы Ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық еткен уақыты: 2010 жыл,желтоқсан.

Астанада   ЕҚЫҰ   саммитінің    өтуі  — бұл:

Қазақстанның халықаралық  беделі мен Мемлекет басшысының  бейбітшілікті  нығайту  жолындағы  ерен  еңбегін   мойындау.

Еліміздегі ұлтаралық  татулық  пен  келісімнің  бірегей моделінің.  ҚР  тәуелсіздік  жолындағы  әлеуметтік  – экономикалық, саяси  жетістіктерінің  нәтижесі мен  танылуы.

Елдің қауіпсіздігі  мен  тұрақтылығын   қамтамасыз   етуге, тәуелсіздікті  нығайтуға   қосқан   үлес.

Қазақстандық экономикаға  инвестицияларды  молайтудың, туризмді  дамыту  мен  іскерлік  байланыстарды  кеңейтудің  факторы.

Орталық   Азия  өңіріндегі  мәселелерді  шешуге  әлемдік қауымдастықтың назарын аударуға мүмкіндік берді.

Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) – Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды.

Қазақстан – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет. Мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қағидатын және «Ванкуверден Владивостостокке дейінгі ортақ кеңістік» доктринасының пәрменділігін ЕҚЫҰ-ның сақтағанын көрсеткен бұл тарихи шешім республикамыздың халықаралық саясаттағы барған сайын артып келе жатқан рөлінің мойындалуының айғағына айналды.

Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance). Сенім – халықаралық қатынастардағы басты ресурс.  Елдер арасындағы өзара сенімге құрылған қарым-қатынас пен ұдайы үнқатысып отыру ұжымдық қауіпсіздіктің заманауи жүйесінің негізін құрайды. Дәстүр Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын айшықтайды. Транспаренттілік мейлінше ашықтықты, «қосарланған стандарттың» және «жіктеу шектерінің» жоқтығын, сонымен қатар қауіпсіздік саласында басты назарды сындарлы ынтымақтастыққа бағыттауды аңдатады. Төзімділік – бұл мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогтың  барған сайын артып отырған маңызын түйсіну.

Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы  Ыстамбұлда өткен болатын.

Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 мемлекет және үкімет басшысы, жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар  басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Германия Федеральдық Канцлері Ангела Меркель, Италия Премьер-министрі Cильвио Берлускони, т.б бар.

Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының халықаралық саясатта алдын ала байқалған поляризация нышандарын еңсерудегі және Ұйымға қатысушы елдерінің өзара алыстау бағытына қатысты саяси жігерінің айқын көрінісі болды.

Еуро-атлантикалық және Еуразиялық кеңістіктердегі тұрақты қауіпсіздік мәселелері, Ауғаныстан түйткілі, «тоңы жібімей келе жатқан» қақтығыстарды шешу жайы Саммиттің негізгі тақырыптары ретінде талқыланды.

Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа парадигмасына көшу, яғни ынтымақтастықтың төрт мұхит шекарасындағы – Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және Солтүстік Мұзды мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі біртұтас кеңістіктігін қалыптастыру қажеттігі жөнінде мәлімдеді.

Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астана декларациясы қабылданды. Онда Саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Хельсинки актісінде және Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында, Ұйымның өзге де құжаттарында бекітілген міндеттемелерін, қағидаттары мен құндылықтарын қуаттады. Сонымен қатар, қатысушы елдер өкілдері ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемі бойынша жұмысты жалғастыруға,  ұйымның жауапкершілігі аймағында орын алып отырған қақтығыстарды реттеуде күш-жігерді артыруға, адам  құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, жаңа қатерлерге лайықты түрде қарсы тұру мүддесі жолында Ұйым жұмысын жаңаша жолға қоюға міндеттенді.

Астанадағы Саммит делегациялар басшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Мәселен, Ұйымның Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо Қазақстан елордасында қабылданған шешімдер ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың біртұтас стратегиясын жасауға ықпал ететінін атап өтті. БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының мейлінше табысты болғанын атады. Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта үлкен рөл атқаратынының дәлелі екенін атап айтты.

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті «еуропалық ортақ үй» салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана рухы» айрықша белгісіне айналған екікүндік Саммитті «бүкіл ЕҚЫҰ қоғамдастығы үшін тарихи оқиға» ретінде сипаттап берді.

9-билет

1.Қола дәуіріндегі шаруашылық пен қоғамдық –мәдени өміріндегі өзгерістер.

Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болды. Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды.Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды.1.Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстанның бірнеше өңірлерінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады.2.Бақташылық, мал шаруашылығы. Б. з. б. II мың жыл аяғында – I мың жыл басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді.3.Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды.

Қола дәуіріндегі экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай – ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттырды. Андронов мәдениеті. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Евразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андронов қонысындағы Ашинск  селосы маңынан табылған. Андронов мәдениеті шығыстағы Минусинск шұнқырынан бастап солтүстік аса үлкен Батыс Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Памир тауларына дейінгі кең-байтақ аумақты қамтыған. Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі - Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150- ге жуық қабірі, 30 – дай елді мекен тұрағы бар.

Шаруашылығы. Андроновтықтарда, негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл егін шаруашылығының дамығанын көрсетеді. Жер тесемен өнделгендіктен, сол кездегі, егіншілік Андронов тайпаларында «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсіріген: бақшалық шаруашылық та дамыған.

Андроновтықтар жылқы, сиыр, қой, ешкі, кейіннен түйе өсірген: жануарлардың терісі мен жүнін киім ретінде, еті мен сүтін тамақ ретінде және қосымша жануарларды көлік, күш ретінде пайдаланған. Олар жүннен тоқылған баскиім, теріден тігілген құлақшын, өкшесі жоқ аяқкиім т.б. киген.

Андронов кеншілері. Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындары: Жезқазғандағы мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындары (б.з.б. үш мыңжылдық).

Кен өндіру әдістері: а) опыру әдістері; ә) отпен үгіту әдісі; б) үңгіп қазу әдісі.

Андронов тайпалары өндірген кенді суда жуған. Ол кендер балқыту пештеріне тасылған. Мұндай балқыту пештері Атасу, Суықбұлақ, Қанай манындағы андроновтықтар елді мекендерінен табылған.

Қоғамдық қатынастар. Шаруашылықтың дамуындағы өзгерістер андроновтықтарда қоғамдық үйымдағы өзгерістерге жеткізді. Әлеуметтік және әскери саяси құрылымдарда рулық – тайпалық бөлімшілер пайда болды.

Еркек - көсем, еркек – жауынгер, қоғамда, материалдық игіліктерді өндіруге үстем дәреже алды; ол рулық қауымнның басшысы болды, туыстық әке жағынан есептеле бастады. Әр рудың өз аты болды. Мал, үй мүліктері; еңбек құралдары рудың байлығы болып есептелді. Жеке меншік пайда болды. Осыдан мүлік теңсіздігі күшейіп, бай мен кедей ұғымы дүниеге келді.  Тұрғын үйлері: жертөле немесе жартылай жер бетіндегі үйлер. Қала дәуірінің соңындағы үйлер – жер бетінде салынған сопақша үйлер.  Дін және өнер. Қола дәуіріндегі адамдар ең алдымен табиғат күштеріне табынды. Андроновтықтар арасында өлгендерге табыну да күшті болған, сондықтан жерлеу ғұрпына ерекше мән берілген:

1. Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік - батысқа қаратқан. 2. Өліктің аяқ -қолын бүгіп қабірге жатқызған 3. Адам өлігін өртеп, күлін қабірге қою ғұрпы да болған.

Тасқа салынған суреттер: жабайы бұқа, билеген адамдар, қос өркешті түйе, екі аяқты арба, әскерлер шайқасы.

Әшекейлер: сақина тәріздес дөңгелек сырға, алтын білезік т.б. Бұл әшекейлер Жетісудағы Мыңшұнқыр қабірінен, Орталық Қазақстандағы Айбас сағасынан табылған.

Беғазы- Дәндібай мәдениеті — қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. 9 - 8 ғасырлар) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті. Бегазы мәдениетіне жататын тарихи жәдігерлер ерте заманнан, дәлірек айтқанда, қола дәуірден жеткен мұралар болып табылады. Мандаты «Беғазы» деген атау сол жердегі Беғазы тауына, Беғазы өзеніне байланысты қойылған. Дәндібай да жер атауы. Осы екі атау біріктіріліп, сол жердегі ежелгі өркениет қонысын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» деп атайды. Ерте дәуірдегі Қазақстанның тарихынан сыр қозғайтын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» Қарағанды облысындағы аудан орталығы Ақтоғай кентінен 40 шақырымдай жерде. Бұл тарихи мекенді зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын айқындаған ғалым - әйгілі академик оқымысты, тарихшы, этнограф Әлкей Марғұлан болды. Осы ғалым бастаған арнаулы археологиялық топ Бегазы - Дәндібай мекенін 1947-1949 және 1952 жылдары жан-жақты зерттеді. Осы зерттеулер негізінде Қазақстан тарихы ғана үшін емес, көне дәуірлердегі жалпы адамзат тарихы үшін маңызды ғылыми қорытындылар жасалды. Беғазы - Дәндібай қонысынан табылған заттар айғақтағандай, бұл обалар біздің заманымыздан бұрынғы ғасырларға, яғни қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын мәдениетті сипаттайды. Академик Әлкей Марғұланның анықтауынша, Беғазы - Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі - ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Атап айтқанда, билігі, діни сенімі, саяси әкімшілік орталығы, өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған , алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құру деңгейіне көтерілген тайпалардың болғандығы анықталды. Беғазы - Дәндібай мәдениетін қалыптастырған бұл тайпалар, ғалымдардың айтуынша, шығысында Абыралы, Шыңғыс тауларына, батысында Ұлытауға дейінгі аралықты мекендеген.

Бегазы - Дәндібай мәдениеті ғылымда - Беғазы кешені, Беғазы қорымы, Дәндібай, Бұғылы, Саңғыру, Қойшоқы сынды бірқатар археологиялық орындар деректері мен жәдігерліктерін қамтиды.
2.Ж.Нұрмұхамедұлы мен Е.Көтібарұлы бастаған көтерілістердің ортақ және ерекше белгілерін анықтаңыз.

XIX ғасырдың ортасы Ресейдің Сырдарияның оңтүстігін және Оңтүстік Қазақстанды отарлауын кеңейтуіне қарсы, сонымен қатар Хиуа хандарының өктемдігіне қарсы бағытталған антифеодалдық ірі көтерілістерімен белгілі болды. Қазақ елді мекендерінен жиналатын көптеген алымдар онсыз да кедей елдің жағдайын қиындатып жіберді. Оған қоса, Хиуа феодалдарының өздерінің саяси ықпалын күшейтуге тырысуына қазақтар қарсылық көрсетті. Сонымен қатар Хиуа ханының ұлы Мұхаммед-Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуаңдария аудандарында көптеген қамал тұрғызуы - халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің тууына себеп болды.1843 жылы халық қолдауымен Жанқожа батыр Хиуа бекінісін құлатты. 1845 жылы оның қолы жақсы қаруланған екі мыңдай хиуалықтарды жеңіп шығып, батырдың даңқы үш жүзге тарады.

Хиуа ханы Жанқожа батырдың өсіп келе жатқан даңқ-беделінен қауіптеніп, ескі әдісті колдануға көшті. Батырға оның Кіші жүз ішіндегі саяси қарсыластарын айдап салды. Хиуалықтар бұл аймақта орыс әскери бақылау пункттерін салуға қарсылық білдірді. 1847 жылы Хиуаның Райым бекінісін жойып жіберуге тырысқан әрекеті сәтсіз аяқталды. Қазақтарды құнарлы жерлерінен біртіндеп ығыстыру саясаты көтерілісшілердің қатарын көбейтті. 1856 жылдың жазында Жанқожаның қасына екі мыңдай қарулы топ жиналды. Жаңақала ауданы көтерілісшілердің ошағы болды.

Көтеріліске Арал теңізі маңындағы көшпелі ірі рулар: кішкене шектілер, шөмекейлер, төртқаралар, қарасақалдар, және т.б. белсене қатысты.

1856 жылы желтоқсанның аяғында батырдың батыл қимылының арқасында Қазалы порты қоршауға алынды. Көтерілісшілер мен Булатов басқарған топ арасында қарулы қақтығыс басталды. Жанқожа басқа да жасақтардың қолдауына сүйену үшін, отаршылдыққа қарсы қозғалыс басшыларының бірі Есет Көтібарұлына сенімді өкілін жіберді.

Патша үкіметі күштерді біріктірмеу үшін, генерал- майор Фитингоф басқарған ірі топты қарсы жіберді. Казактар майор Булатовтың жазалаушы отрядымен қосылып үлгерді. Сөйтіп саны және қару-жарағы жағынан қазақ батырларының күшінен асып түсті, ал Жанқожа батырдың сол кезде мыңдай ғана сарбазы бар еді.

1856 жылы Жанқожа батырдың туы астында 1500 адам, 1857 жылы -5 000 адамға дейін болды. Жанқожа көтерілісі тек 1860 жылы жаншылды. Патша әскерлерінің ізіне түсіп қуғындауы Жанқожаны Арал маңынан бірте- бірте шегінуге мәжбүр етті.

10-билет

1.Кенесары Қасымұлының бастаған ұлт- азаттық көтеріліс (мақсаты,кезеңдері және сипаты)

Көтерілістің алғышарттары. Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жалғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығуына себеп болды. Бұл күрестің кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алуы, Кенесары күресінің өзіне тән саяси ерекшелігі деу керек. Азаттық күреске қатысушы рулардың саны күрестің алғашқы жылдарына қарағанда 1843-1845 жылдары көбейе түскені байқалады. Кенесарыны анағұрлым белсенді қолдаған рулар: Қыпшақ, Төрткара, Жағалбайлы, Табын, Тама, Бағаналы, ІІІекті, Алшын, Керей, Жаппас, Арғын, Үйсін, Дулат т.б. Кенесары жетекшілік жасаған азаттық күресіне ру басылары мен билер және басқа да ауқатты топ өкілдері қатысты.

Көтерілістің мақсаты

1. Россияның отарлау саясатына шек қою.

2. Патша үкіметінің құрамына кірмеген өңірлердің дербестігін сақтау.

3. Қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салуын тоқтату.

4. Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету.

Көтерілістің қозғаушы күштері.Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды. Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері де қатысты. Дерек бойынша, бұл көтеріліске 80-ге таяу старшын мен сұлтан қатысқан. Мысалы, Қанқожа, Шеген, Тани Тортайұлы, Күшік, Жанай Айшуақұлы сияқты сұлтандар көтерілісті қолдаған. Олардың мақсаты:1. Көтерілісті пайдалынып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу. 2. Көшпелі феодалдық дербес мемлекеттің негізін салу.

Көтеріліске әртүрлі ұлттардың өнілдері қатысып, (орыс, өзбек, қырғыз т.б.) кейде көтерілісшелер саны 20 мыңға жетті. Көтерілісшелердің жеке әскери бөлімдерін басқарған қазақ батырлары: Ағыбай, Имак, Бұхарбай, Жоламан, Бұғыбай, Жеке, Бейсейіт, Сұраншы, Анғал батыр т.б.. Көтеріліске Кенесарының інілері Наурызбай, Әбілғазы, Әпкесі Бопай қатысты.

Көтерілістің барысы.1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары (1802-1847 жж.) сұлтан басшылық жасайды. 1837 жылы қараша айында Кенесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі қазак отрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. Бұл көтерілістің басталуы болды. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді. Ақмолаға иелік еткен Карбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіулы бекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Кенесарыны қолдайды. 1838 жылы күзде көтеріліс Кіші жүз өңіріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады.

Көтерілістің кеңеюінен сескенген патша үкіметі көтерілісті тезірек басуға тырысады. Орынбор губернаторы Обручев пен Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков көтерілісті басуға әскер жібереді. 1842 жылы Кенесары қолына қарсы бағытталған Сотниковбасқарған жазалау отрядтары жіберілді. Сібір жазалау отрядтары бейбіт қазақ ауылдарын ойрандап, 14000-ға жуық малын алып, 100-ге жуық адамды өлтірді.1843 жылы 27 маусымда старшын Лебедев басқарған, 300 адамнан тұратын казак отрядтары көтерілісшілерге қарсы аттанады. 1843 жылы тамызда көтерілісшілерге қарсы Жантөреұлы, Айшуақұлы, Бизанов, подполковник Генс басқарған 5000 адамнан құралған жазалаушы топ ұйымдастырылды. Омбы және Қарқаралы маңында жазалаушылырдың қосымша тобы жасақталды. Кенесарының басын кескенге 3 мың сом белгіленді.1843 жылы 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасып, казак Сарбаздары шегінді. 1843 жылы 17 тамызда полковник Бизановтың төбы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды.1844 жылы 21 шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы басқарған отрядты женіп, 44 сұлтан қаза табады, сұлтанның аман қалған тобы Тобыл өзеніне қарай шегінеді. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін старшын Лебедев Орынборға шақылырып, сотқа берілді.1844 жылғы Кенесарының жеңістері Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбур етті. Кенесары патша үкіметімен тартысты келіссөз арқылы шешуге бұдан бұрында ойлаған болатын. 1838 жылғы желтоқсанда Батыс

Көтерілістің сипаты: Қазақ жерін әскери отарлаудан, яғни Ресей бодандығынан, Қоқан бектерінің озбырлығынан құтқаруға бағытталған азаттық жолындағы күрес болды.Бұл ұлт-азаттық қозғалыстың маңызы зор, ол Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихында өшпес із қалдырды, кейінгілердің азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресіне үлгі-өнеге әрі тарихи сабақ болды. Кенесарының күресі, оның өзінің халықтың мақсат-мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, ақылды саясаткер ретіндегі сирек кездесетін қасиеті XIX ғасырдың өзінде-ақ халық тарапынан қадірлеушілік туғызды. Патша өкіметі тұсында бұл қозғалыстың мүлде сөз болмауы, ал бола қойса, оны бұрмалап теріс түсіндіру себептері белгілі. 

Жеңілу себептері:

1. Көптеген қазақ феодалдары Кенесарыны қолдамады.

2. Қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар, руға жіктелу басым болды.

3. Россия билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемелекет қуруға мүдделі болмауы.

4. Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза қолданды.

5. Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады.

6. Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы Россияға қарсы тұра алмады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет