Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Қара өлең ұйқасы, кезекті ұйқас түрлеріне сипаттама беріңіз



бет143/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

42. Қара өлең ұйқасы, кезекті ұйқас түрлеріне сипаттама беріңіз
Ұйқас – өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі. Ұйқас өлең сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, өлеңнің әуезділігін арттырады.
Ұйқас – ұйқас үшін тұрмауы керек, яғни ұйқас өлеңнің пішініне ғана емес, мазмұнына қызмет етуі шарт. Ұйқастағы табиғилық та осында жатады.
Қара өлең ұйқасы.Бұл - бұрыннан келе жатқан ұйқастың бір түрі. Қазақ халқының фольклорындағы тақпақ,бір ауыз өлеңдерінің көбі осы ұйқаспен құрылған. Бұл ұйқасты күні бүгінге дейін көп жайылған ұйқас деп айтуға болады. Қара өлең ұйқасының өзінше ерекшелігі 1-2-4-жолдары ұйқасады да, 3-жолы ылғи ұйқассыз, бос қалып отырады. Жаңағы Абайдан келтірген үзінді осыған жатады. Бұлай ұйқасу жалғыз он бір буынды өлеңдерде ғана емес, 7,8 буынды өлеңдерде де бола береді. Мысалы:
Оқыған білер әр сөзді,
Надандай болмас ақ көзді.
Надан жөндіге жөн келмес,
Білер қайдағы шәргезді. (Абай)
Бұл да жоғарыдағы Абайдан келтірген үзіндіміз тәрізді. 1-2-4-жолдары
ұйқасады да, 3-жолы бос қалады. Айырмасы жалғыз-ақ буын санында.
Кезекті ұйқас
Шумақтың бір жолы ұйқаспай, екінші жолы ұйқасып келсе, кезекті ұйқас дейміз.
Мысалы:
Сәулең болса кеудеңде,

Танымассың, көрмессің,


Мына сөзге көңіл бөл!
Қаптаған соң көзді шел.
Егер сәулең болмаса,
Имамсыздық намазда
Мейлің тіріл, мейлің өл!
Қызылбастың салған жол т.б. (Абай)
Кезекті ұйқас өлеңнің шумағына қарай осы ретпен келе береді. Егер өлеңнің
бір шумағы 4 жолдан тұрса, онда 1-3-жолдары бос қалады, ұйқасатын 2-4-жолдары болады. Ал шумақ бірнеше жолдардан тұрса, жоғарғы тәрізді, ылғи тақ жолдары ұйқассыз қалып, жұп жолдары ұйқасып отырады.
43. Өлең құрылысындағы буын қызметі мен оны түрлеріне тоқталыңыз
Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өлеңдері), қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т.б. тән. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және философия түрлерге жіктеледі.Өлең құрылысы – өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар. Өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан.
Қазақ өлеңдерінің құрылысын әдебиет теориясының категориясы ретінде алғаш зерттеген – А. Байтұрсынов. Ол өлең теориясын өлең айшықтары, шумақ түрлері, өлең тармақ тұлғалары, бунақ буындары, өлең ағындары, тармағының кезеңдері, тармақ ұйқастығы деп бөліп қарастырды. Буын ырғағы мен өлең ырғағын ажырату үшін, буын ырғағын жорғақ деп атауды ұсына отырып, оның тіл табиғатына қарай үш түрлі жолмен жасалатындығын айтады. Олар:
• дауысты дыбыстарында ұзын-қысқалық бар тілдер;
• екпін буыны бірыңғай келетін тілдер;
• екпін буыны бірыңғай келмейтін тілдер.
Байтұрсынов енгізген Қазақ өлеңдерінің құрылысы атауларының үлгісі:
• өлең кестесі – айшық, оның төрт түрін анықтайды;
• өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының арасы – бунақ;
• бунақ ішінде – буын;
• бунақ араларындағы дауыс толқынының жіктері – кезең;
• өлең кестесінің реті – тармақ және шумақ.
Өлеңді өлең ететін ырғақ болса, қазақ өлеңіндегі күллі ырғақ буынмен үндес. Керек десеңіз, тіпті ұйқассыз (ақ) өлеңнің өзін өлеңге айналдыратын ден- күш, құрал осы — буын. Енді қазақ поэзиясының күллі дамуының кезең- бір кезеңдерівде қалып-тасып, уақыт сынынан өткен, жұрт санасына сіңген буын түрлерінің кейбіреулеріне қысқаша тоқтап өтейік.
1. Он бір буынды өлең. Бұл — қазақ өлеңінің қашаннан келе жатқан көне түрі.
4 3 4
/Құлагердей/. /алдымда/ /бүкіл еңсең/
3 4 4
/Тұратын/ /жыр бейнесін/ /күтіп өңшең/
4 3 4
/Маңдайына/ /қазақтың/ /өлең бітсе/
3 4 4
/Өлеңнің/ /маңдайына/ /бітіп ең сен/
(Г. Есімжанов.)
Қара өлең демекші, он бір буынды өлеңді Шоқан Уәлиханов үш түрге бөліп, той-думанда, ойын-сауықта айтылатын, әр шумағы төрт тармақты әзіл, әжуа, жұмбақ, айтыс өлеңдерін — қ а й ы м ө л е ң, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” сияқты ұзақ дастандар мен хиссалар әуенін — қ а р а ө л е ң, өз тұсындағы ақындар қолданып жүрген өзге машықтың бәрін — ө л е ң атағаны * мәлім. Шоқан пікірінің теориялық құнын өз алдына қойып, тек тарихтық байыбына барғанның өзінде, он бір буынды өлең — қазақтың акындық өнері баяғыда туғызған, қалыптастырған, дамытқан етене, тума өлшем, адамдардың қуанғанда әні, қайғырғанда мұңы болған, қашаннан көңілдегі сырын, өмірдегі шындығына сәулелендірумен келе жатқан, аса икемді, сұлу, сазды да назды өлең. Бұл өлшемнің ықлым ғасыр жасаса да, көнеру орнына жаңарып, қартаю орнына жасарып ‘келе жатуы да сондықтан. Бүгінде де бұрынғыша он бір буынмен жазбайтын қазақ ақыны жақ. Бүгінде де бұрынғыша он бір буын әрбір талантты ақынның ешкімге ұқсамай, тек өзінше, тек өз өзгешелігімен ғана жазуына ешқашан кедергі болған емес, болмайды да; бұл өлшемнің мүмкіндігі мол, ғұмыры ұзақ болу себебі де сондықтан.
2. Он буынды өлең. “Алпамыс” жырының қарақалпақ вариантында: “Айыл тартқаным бедеудің белі, ішкен сусыным Байсынның көлі”,— деп келетін он буынды өлең жолдары бар еді. Бірақ бұл қазақ поэзиясына арнаулы өлшем ретінде шұғыл сіңіп кете қойған жоқ-ты. Оның есесіне, он буынды егіз тармақтар, қазақтың байырғы мақал-мәтелдерінде, ақыл-нақылдарында жиі ұшырасады. Мысалы:
2 5 3
/Бардың / /пайдасы тиер/ /тар жерде/
2 5 3
/Жоқтың/ /залалы тиер/ /әр жерде/
3. Тоғыз буынды өлең. Бұл да бір тынысы кең, лепті ойнақы өлшем. Әрбір үш буыннан кейінгі дауыс толқынының соқпа-соқпасы айрықша ашық ырғақпен тақпақтап естіліп, іркіліссіз, жүрдек оқылады. Әнге де келеді (“Отаным кең байтақ, орманды…”), жалпы жұртка жария айтылар толғамды, ойлы жарлай арнауға да көнеді (“Тынықсын тимеңдер адамға”).
Енді бірде бұл ырғақ өлеңде суреттеліп отырған құбылыстың, не қимылдың құдды өз дыбысы секілденіп, өмірден өнерге тура ырғып түсетіні бар:
3 3 3
/Жолдағы/ /төбелер/ /жоғалды/
3 3 3
/Көк орман/ /күзетті/ /арнаны/
3 3 3
/Сарқырап/ /өмірге/ /жол алды/
3 3 3
/Халықтың/ /қашанғы/ /арманы/
(X. Ерғалиев )
4. Сегіз буынды өлең. Туған кезі тым әріде жатқан мен көнермей, ажарына ажар қоспаса, әжім түсіруді білмей келе жатқан аса сұлу, сырбаз, сылқым өлең. өлшемнің тамаша үлгілері атам заманғы ауыз әдебиеті де де бар:
5 3
/Ақ қоян қашар/ /жотадан/
5 3
/Ақ тайлақ өсер/ /ботадан/
(“Жар-жар” )
арғы тұстың Асанқайғысында да:
5 3
/Қырын да киік/ /жайлаған/
5 3
/Суында балық/ /ойнаған/
бергі тұстың Махамбетінде де бар:
5 3
/Арай ма сұлтан/ /арай ма/
5 3
/Астыма мінген/ /арғымақ/
5 3
/Аяңдай түсіп/ /марай ма/
Абай тұсында бұл өлең қарға аунаған түлкідей түлеп, тіпті құлпырып кетті:
5 3
/Өзгеге көңлім/ /тоярсың/
5 3
/Өлеңді қайтіп/ /қоярсың/
5 3
/Оны айтқанда/ /толғанып/
5 3
/Іштегі дертті/ /жоярсың /
5. Жеті буынды өлең. Академик Корш былай деп жазды: “Мейлінше ықшам, мейлінше мол тараған, түрік жазу-сызуының тіпті көне ескерткіштерінен кездесетін жеті буынды өлеңді хронологиялық жағынан, сірә, бар өлеңнің басы деп білген жөн болар”*. Дәл осындай пікірді академик Гордлевский де айтты: “Түрік нәсілдес халықтардың бәріне жаппай таралуына қарағанда, жеті буынды өлең түрік әнінің ең негізгі ж-әне ең ескі өлшемі тәрізді”**,
Қазақтың тума, төл әдебиетіне келсек, оның фольклорлық үлгілеріндегі жеті буынды жырдан аяқ алып жүре алмайсыз. Өлеңді мақалдар мен мәтелдердің, нақылдар мен жұмбақтардың көбі жеті буынды болып келеді және бұл өлшемнің ырғағы әр күйге бір түсіп, қүбылып тұрады.
а) Бас бунағы төрт буын:
4 3
/Қайраны жоқ/ /көлден без/
4 3
/Қайыры жоқ/ /елден без/
б) Бас бунағы үш буын:
3 4
/Біреуді/ /өзі жақсы/
3 4
/Біреудің/ /көзі жақсы/
в) Бас бунағы екі буын:
2 5
/Қайғы/ /қан аздырады/
2 5
/Мылжың/ /мый тоздырады/
Батырлар жырының көптен-көбі жеті буынмен жазылған. Ақпа-төкпе жыраулар, суырып салма ақындар -_ бәрі де жыр жырлаған. Ал жыр үлгісінің жазба әдебиетіміздегі жетілген, ұстарған түрі, әрине, Абайда бар.
6. Алты буынды өлең. Бұл да бұрыннан бар өлең. Жалғыз-ақ, әр тармағы үш буыннан тепе-тең екі бунаққа бөлінген бұл өлшем бұрын өзінен-өзі нақпа-нақ, тақпақтап айтылатын:
3 3
/Жүргенге/ /жол жақсы/
3 3
/Қалғанға/ /үй жақсы/
7. Аралас буынды өлең. Мұның түрлері көп, Абай туғызған түрлері тіпті көп және қазақ өлеңінің Октябрьден кейінгі дамуына (ойға бағынған еркін өлшемдерге) сәйкес, әр ақынның тың пішін іздеу, түр табу нәтижелеріне қарай көбейе бермек. Әрине, әр түрдің табылу һәм тұрақтану заңдылығы болмақ. Бірақ біз аралас буынды өлең түрлерінің әрқайсысын жеке мінездеп жатпай-ак, жұртқа таныс көрнекті үлгілерінің бірнешеуін ғана таңдап ұсынамыз:
4
І /Бойы бұлған/
4
/Сөзі жылмаң/
4 3
/Кімді көрсем/ /мен сонан/
4
/Бетті бастым/
4
/Қатты састым/
4 3
/Тұра қаштым/ /жалма-жан/
(Абай.)
5
ІІ /Алыстан сермеп/
5
/Жүректен тербеп/
5 3
/Шымырлап бойға/ /жайылған/
5
/Қиуадан шауып/
5
/Қисынын тауып/
5 3
/Тағыны жетіп/ /қайырған/
5 3
/Толғауы тоқсан/ /қызыл тіл/
5 3
/Сөйлеймін десең/ /өзің біл/(Абай.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет