Іі тарау. Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу танымдық қызғушылығын дамытудың әдістемелік негіздері



бет6/10
Дата20.01.2023
өлшемі415 Kb.
#165980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ана тілін оқыту формалары мен түрлері

А н а т і л і (3-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Қанағат қарын тойғызар. (Ел аузынан)
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға мәтін мазмүнын таныстыру және оның негізгі идеясын ұғындыру. Олардың сөздік қорын молайту, тілін дамыту.
ә) дамытушылық: 1. Оқушылардың кейіпкерлер бейнесін талдау арқылы қарапайым мінездеме беру дағдыларын жетілдіру.

  1. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

б) тәрбиелік: Оқушыларды ақылды, қайратты, қанағатшыл және еңбекқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, тірек сөздер жазылған қағаз.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, пікірлесу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың барысы:



  1. µйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, олардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Балалар, біз бүгін ңҚанағат қарын тойғызарң атты жаңа тақырыппен танысамыз.

  • Ертеде бір оқымысты болыпты. Ол барлық халықтың, жан-жануарлар, жәндік, өсімдіктің тілін біледі екен.

Бір күні ғұлама бақ ішінде келе жатып, құмырсқаның илеуіне тап болады. Әлгі адам бір құмырсқаны ұстап алады да:

  • Сенің басың неге үлкен?

  • Ақылым көп.

  • Құйрығың неге үлкен?

  • Қайратым көп.

  • Ал белің неге жіңішке?

  • Қанағатым көп, - дейді құмырсқа.

  • Егер саған бір бидайдың дәнін берсем, қаншаға жеткізер едің? – дейді.

  • Бір жылға жеткізер едім, - депті құмырсқа.

Оқымысты құмырсқаны сауытқа салап, қасына бидайдың бір дәнін қояды.
Бір жыл өткен соң сауытты алыпқараса, құ мырсқа бидайдың жартысын ғана жепті.

  • ңБір дән маған бір жылға жетедің, - деп едің, жыл өтті, ал сен жартысын ғана жепсің. Оның қалай? – деп сұрайды оқымысты.

  • Иә. Ол дәнді бір жылда жеп бітірсем, қазір менің халім әлдде қайда жақсы болған болар еді. Бірақ сен бір жылдан кейін мені босатуды ұмытып кетсең, мен бостан-босқа ашташ өлген болар едім. Сол себепті, бір жыл бойы жарты дәнді қанағат қылдым, - дейді.

  • Егер босатуды ұмытып кетсем, қалған жарты дәнді қанша уақытқа жеткізген болар едің?

  • Төрт-бес жылға жеткізген болар едім, - депті құмырсқа.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет