Үй тапсырмасын тексеру.
“Шегіртпе мен құмырсқа” мысалы. Әр топтан бір-бір оқушы оқиды.
Шегіртке жазды қалай өткізді?
Ол құмырсқаға неге келді?
Құмырсқа шегірткеге не деді?
Мысалды сахналау.
ІІІ. Ой ашар. Жаңа сабақ.
“Ребус” шешу. Жауабы “Егінші мен қасқыр”
Біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы “Егінші мен қасқыр” екен. Бұл литван ертегісі. Балалар, ертегі дегеніміз не, кім айтады?
Ертегі дегеніміз шындық өмірге сүйене отырып, адамдардың ой-қиялынан туған оқиға.
Балалар, литван халқын біліміз бе?
Литван халқы, қазақ, өзбек сияқты бұл да бір ұлт. Оларда Европада өмір сүреді. Кейбір ертегілер ауыздан ауызға беріліп, неше жыл бойы өмір сүреді. Сондықтан оның авторы ұмытылып кетеді. Сөйтіп оны халық ертегісі деп атап кетеді. Солардың бірі бүгінгі литван ертегісі.
- Ертегіні оқып беремін.
- Түсіндіремін.
- Тізбектей дауыстап оқытамын.
- Сұрақтар қоямын.
- Адам қандай кәсіппен айналысады?
- Ол қасқырмен не жайында әңгімелеседі?
Егіншінің кәсібі қасқырға неліктен ұнамады?
Ролге бөліп оқыту.
Сөздік жұмыс.
Диірмен – бидайды ұнтақтайтын құрал.
Кәсіп – айналысатын іс.
Сергіту сәті.
Егін шығып жайқалды
Желмен бірге шайқалды.
Уақыт бізді күтпейді
Орып алам егінді.
Топпен жұмыс.
“Бидай” тобы – егіншіге мінездеме беру.
Егінші – еңбекқор.
мейірімді.
“Жүгері” тобы - қасқырға мініздеме беру.
Қасқыр – жалқау
шыдамсыз.
“Тары” тобы - қима қағаздармен мақал құрастыру, мағынасын ашу.
“Еңбек етсең ерінбей
Тояды қарның тіленбей”.
“Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті”.
“Күріш” тобы – нанның қалай дайын болтыны жайлы шағын әңгіме жазу.
“Арпа” тобы – нан туралы, еңбек туралы, күз туралы өлең шығару, жұмбақ, мақал-мәтел айту.
Достарыңызбен бөлісу: |