Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет19/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   330
Байланысты:
3 том (1)
0c319226bb704f368d1dc8e9b87c0c63, Келимбердина Дария. Гылыми жумыс 2019 шу қаласы
 
 
Тірек сөздер : 
инфинитив, есімше, көмекші етістік, герундий, формалары, категория.
Ключевые слова: 
инфинитив, имена, формы, вспомогательный глагол, категории, герундий.
Кeywords: 
Infinitive, names, forms, auxiliary verb, categories, gerund. 
 
Ағылшын тіліндегі етістіктердің құрылымы мен сыртқы тұлғалары жөнінде бірқатар 
ғалымдар еңбек еткен. Олардың қатарында И.В. Арнольд, А.И. Смирницкий, В.Н. Ярцева, 
Б.А. Ильиш, Е. Круисинг, К. Гобилд, Х. Пауль, О. Eсперсон, Ч. Фриз, басқа да атақты 
ғалымдардың атын атауға болады. Ағылшын тіліндегі етістіктердің сыртқы тұлғасының өзі 
қазақ тіліне қарағанда өзгеше екендігін атап өткен жөн. Ағылшын тілінде етістіктер көбіне 
көп морфологиялық категориялар, олардың бір бірімен қатынасы тұрғысынан 
қарастырылады.
Ағылшын тіліндегі етістік тұлғаларының зерттелуі сөздердің белгілі бір сөз таптарына 
бөліну кезеңінен бастау алады. Кез келген тілде сөз таптарын жіктеу принциптері мен сөз 
таптарының саны мен сипаты жағынан әр қилы пікірлер болатыны секілді ағылшын тілінде 
де сөздерді жіктеу туралы бірізді пікір.
Етістікті топқа жіктік формалары, инфинитив пен герундий, соның ішінде шақ және 
етіс категориялары біріктірілген. Олай болса, инфинитив пен герундий (вербалий) 
синтаксистік қызметі жағынан атаушы сөздер қатарына қосылса, морфологиялық қасиеттері 
жағынан етістік тобына жатады. 
Г. Суиттің пікірінше, сөз таптарының морфологиялық және синтаксистік қасиеттерінің 
үйлесімсіздігі байқалады. Ал оның өзара үйлесімді топтастыру жасау әрекетін былайша 
бағалауға болады: синтаксистік сипаты жағынан топтастырғанда, сөздердің лексикалық және 
морфологиялық жағынан бір топқа жататын сөздері ажырап кеткен болса, екінші жағынан, 
лексикалық және морфологиялық жағынан алшақ сөздер бір топқа біріктірілген [1, 24]. 
Ағылшын тілінде де етістіктің анықтамасы көпшілік тілдердегі анықтамаларға ұқсас 
болып келеді. Мәселен, Ю.С. Маслов етістіктерді іс қимыл грамматикалық мағынаны 
білдіретін, яғни белгілі бір шақта динамикалық түрде созылып жататын мағынаны білдереді 
деп анықтаған [2, 20].
Ағылшын тілінде етістіктердің сөз түрлендіру жүйесі басқа сөз таптарына қарағанда 
әлдеқайда бай және көп қырлы болып келеді. Оның түрлену жүйесіне флективті тілдердің 
негізгі сипаты болып саналатын синтетикалық әдіс қана емес, сонымен бірге аналитикалық 
формалар да ерекше орын алады. Ағылшын тілінде етістіктер аналитикалық формалары бар 
жалғыз сөз табы екендігін айта кеткен жөн. 
Ағылшын тіліндегі барлық етістіктер белгілі бір морфологиялық сипаттарына, атап 
айтқанда өткен шақ формалары мен есімшенің екінші жағындағы формасының жасалуына 
қарай үлкен екі топқа бөлінеді.
Саны жағынан етістіктердің көп бөлігін аталған формалардағы негізгі стандарттар 
бойынша жасалатын дұрыс етістіктер (Regular Verbs) құрайды. Ал екінші топқа стандартқа 
сай келмейтін бұрыс етістіктер (Irregular Verbs) жатады. 
Басқа тілдердегідей ағылшын тілінде де етістіктің үш қыры басты назарға алынады:
1. Мағынасы. Етістіктер белгілі бір қимылды білдіретін сөз табы.
2. Формасы. Етістіктер морфологиялық категориялардың күрделі бір жүйесі. Ол 
морфологиялық категорияларға шақ, аспект, рай, етіс, жақ, және түр жатады.
3. Функциясы. Етістіктердің қызметі сөйлем құрамында негізінен баяндауыш ретінде 
жұмсалуынан және олардың өзінен бұрын (children play) немесе өзінен кейін (play games) 
орналасқан зат есімдермен тіркесетіндігі жағынан сипатталады. Етістіктер ағылшын тілінде 
үстеулермен (write quickly) және сын есімдермен (married young) де тіркес құра алады. Ал 


19 
етістіктен жасалатын вербалийлердің (инфинитив, есімше және герундий) сөйлемдегі 
қызметтері жеке тақырып ретінде қарастырылады [2, 22]. 
Етістіктердің функционалдық жағынан қызметі олардың сөйлем құрамындағы 
функционалдық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ағылшын тіліндегі етістіктердің сөйлемде 
қызмет ету қабілеті олардың мағынасы жағынан толықтығы немесе әлсіздігімен астарласып 
жатады. Сондықтан ағылшын тілін зерттеген ғалымдар етістіктердің осы сипатына көп көңіл 
бөледі. Ағылшын тілінде етістіктердің негізгі (Simple) және көмекші (Auxiliary) етістік 
болып бөлінуі қазақ тіліндегі етістіктерді осы белгісі жағынан жіктеудің принциптерімен 
бірдей болып келеді. Мұнда да етістіктердің мағынасының толық болуы, сөйлемде жеке 
қызмет атқара алуы мен өз алдына жеке сұраққа жауап бере алуы басты өлшемдер болып 
есептеледі. Ал көмекші етістіктердің әрі қарай жіктеле түсуі қазақ тіліне қарағанда 
өзгешелеу. Ағылшын тіліндегі көмекші етістіктерді көмекші және байланыстырушы етістік 
деп екі топқа бөлушілік орын алған. Көмекші етістіктер өздерінің лексикалық мағыналарын 
толығымен жоғалтқандықтан, етістіктің аналитикалық формасына тек грамматикалық 
компонент ретінде ғана қатысады. Сондықтан көмекші етістіктер лексикалық мағынасы 
жағынан толық үйлесім таба алатын негізгі етістіктермен байланысқа түседі. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет