20
«белгілі шақ» "
definite tenses
" деген терминді қолданады [1, 66]. Б. Ильиш өз пікірін
«ағылшын тіліндегі «шақ» сөзі біз шақтан тапқан бөлек категорияға тән кейбір
ерекшеліктерді қамти алмайды» деп жалғастырады [3, 81]. Сондай ақ «созылыңқылық
формасы» "
expanded form
", немесе "
progressive form
" деген термин де дәл осы категорияны
білдіру үшін қолданылғандығын атап өту керек.
Ғалымдар
арасында
wrote, writes, және will write
етістіктері білдіретін шақтардың
арасындағы ерекшеліктер туралы ерекше пікір білдірушілер жоқтың қасы. Шақ
категориясында көп жағдайда ағылшын тілінде неше шақ бар деген мәселенің шеңберіндегі
зерттеулер сөз болады. Шақ формаларының арасындағы арақатынас та ғалымдар назарынан
тыс қалмаған.Ағылшын тілінде «аяқталған» (perfect) шақ формалары ғалымдар арасында
қызу тартысқа түскен тақырыптардың қатарына жатады. Аяқталған осы шақ (the present
perfect)
have
көмекші етістігінің жәрдемімен жүзеге асады.
Оның білдіретін мағынасын
ғалымдар өткен шақта жүзеге асқанымен, осы шақпен бір байланысы бар, яғни өткен шақта
басталғанымен осы шақта аяқталып қалған әрекеттің мағынасын білдіреді деп түсіндірген.
Ағылшын тіліндегі етіс категориясы да өзіндік қиыншылықтары бар тілдік категориялар
қатарына жатады. Бұл категорияның проблемалары да, негізінен, мағына және форманың
бірлігі мен алшақтығы тұрғысында қалыптасқан. Мәселен, құрамындағы негізгі етістік ұқсас
болса да,
I opened the door
деген сөйлем мен
the door is opened
сөйлемдерінің мағыналары бір
емес. Өйткені мұнда етіс категориясының грамматикалық мағыналары қосылып отыр.
Бұл жұмыста ағылшын тілінің халықаралық тілдердің ішіндегі
әлемдегі басымдығын
және оны оқып-үйренудің аса қажеттілігін ескере отырып, қазақ және ағылшын тілдерінің
сөйлемді ұйымдастыратын негізгі тілдік құрал — етістік тұлғаларының ұқсастықтары мен
айырмашылықтары контрастивті лингвистика тұрғысынан сипатталды.
Достарыңызбен бөлісу: