Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет201/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

 
Annotation 
The aim of this article is to define the meaning of ancient words in heroic epos. It gives a great deal 
of information about ethno cultural life, spiritual culture, social life, historical events and traditional 
peculiarities of our nation. 
 
 
Кез - келген халықтың өз тарихы, әдет- ғұрпы, әдебиеті, мәдениеті, өзіндік өркениеті 
қалыптасқан. Оны ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуші – тіл. Сондықтан тілдің лексикасы сол 
тілде сөйлеуші халықтың тарихымен, мәдениетімен тығыз байланысты. Сондықтан
сөздердің семанитикалық құрылымын зерттеу олар білдіретін заттардың, ұғымдардың 
атауын белгілеу болып табылады. 
Мағыналары көмексіленген, ел ескілігімен байланысты мұндай сөздердің,
лексиканың жалпы көне қабатының бір дерек көзі-батырлар жыры. Қазақтағы батырлар 
туралы жырлар ескі заманнан басталады. Бұл жырларда баяндалатын оқиғалар тек қазақ 
халқына ғана тән емес, жалпы түркі жұртына тән оқиға болып табылады. 
Батырлар жыры халық қиялынан туындап, халыққа ауызша тарағанымен, олардың 
тарихы негізі болады. Олардың басты ерекшеліктерінің бірі – суреттелетін оқиғалардан
неғұрлым алшағырақ, тарихи шындық көлегейленіп, нақтылықтан жалпылыққа аусады 
және шындықтан гөрі қиял жағы басым болды. Бұл жырлар халық арасынан шыққан
шығармалар болғандықтан бұлар халық өмірімен, тіршілігімен, ел ескілігімен байланысты. 
Батырлар жырында қазіргі тілімізде көп кездеспейтін ескілікті сөздер көптеп кездеседі. 
Батырлар жырының лексикасын зерттеу - мағынасы көмексіленген, күңгірттенген сөздердің
мағынасын ашуға мүмкіндік береді. Ал бұл сөздер біздің халқымыздың этномәдениетін 
өмірінен, рухани мәдениетінен қоғамдық тұрмыс, тарихи жағдайынан, салттың 
ерекшелігінен көптеген хабарлар берері сөзсіз. 
Жұмыстың мақсаты - батырлар жырында кездесетін мағынасы көмескіленген әскери
сөздердің семантикасын ашу. Ол үшін мынадай міндеттер қойылады: 

түркі тілдеріне тән ескілікті әскери атауларды анықтау; 

батырлар жырындағы әскери атауларды тек-төркінін анықтау; 

батырлар жырындағы әскери атаулардың кірме қабаттарын анықтау; 

жырдағы әскери атауларды салыстырмалы –тарихи әдіс тұрғысынан зерттеу. 
Зерттеудің дерек көздері ретінде Қобланды, Алпамыс батырларға қатысты жырларын 
алдық. 
Бұл зерттеу жұмысының нәтижелерін мектепте оқытылатын әдебиет және қазақ тілі 
сабақтарында тақырыпқа сәйкес пайдалануға болады. Сонымен бірге әскери ескілікті 
сөздердің мағынасына байланысты түсіндірмелі сөздіктерге қолдануға болады. Жоғары оқу 
орындарында өткізілетін «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» және «Көркем тексті
лингвистикалық талдау» ғылыми курстарында пайдалануға болады. 
Ертедегі әскери қару – жарақтар жөнінде алғаш құнды мәліметті берген Ш.Уәлиханов. 
Оның «Вооружение киргиз в древние времена и их доспехи» атты көлемді мақаласында
әскери терминдерге тарихи анықтамалар берген. Ә.Қайдаров «Доспехи ивооружение 
воина – батыра в казахском эпосе и их этнолингвистическое объяснение » деп аталатын, 
Р.Сыздықова «Сөздер сөйлейді» деген еңбектерінде батырлар жырында, өзге де кейбір 
эпостық шығармаларда, мақал – мәтелдерде кездесетін әскери мәнді сөздердің түп – 
төркінің, мағыналарын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет