106
Сол себепті өлеңдерінде айтқан кейбір ойларын қайталап, қара сөзбен жазады.
Өлеңдерінің әңгіме өзегі
болған кейбір ой-толғамдарын, әсіресе адам баласының ұнамды-
ұнамсыз қылықтары туралы білген-түйгенін жаңа үлгіде айтқысы келеді [1, 565].
Абай мұрасын сан рет көшіріп, сақтап бізге жеткізген Мүрсейіт Бікеұлы, Жандыбайұлы
өздерінің дәптерлеріндегі жазба дүниені «Ибраһим Құнанбай ұғлының ел мінездерін айтып
жазған насихат сөздері» деп атайды. Ал «ел мінезі» деп отырғандары – «әділет, ақтық,
турашылдық, ғылымға құмарлық, еңбекті бағалағыштық, шындықты сүйгіштік және аярлық,
бәлеқұмарлық, мақтаншақтық,
мансапқорлық, өтірік-өсекке құмарлық, еріншектік» сияқты
адам баласының, оның ішінде замандастарының мінез-құлықтары мен қадір-қасиеттері.
Бұлардың бәрі ағартушылық, тәрбиелік мақсат көздейтін, адамгершілікке үгіттейтін әңгімеге
апарады. Бір сөзбен айтқанда, Құдай тағаланың адам баласына бір-ақ рет беретін «өмір» атты
ұлы сыйын бағалап, дұрыс «жұмсауға» шақырады: «Адам баласы жылап туады, кейіп өледі.
Екі ортада дүниенің рақатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне бірі мақтанып,
есіл
өмірді ескерусіз, босқа жарамсыз қылықпен қор етіп өткізеді де таусылған күнде бір
күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды», – дейді (4-сөзінен). Ал «дүниенің
рақаты» – ақылды, арлы, мінезді, білімді болу деп есептейді: «Тегінде адам баласы адам
баласынан ақыл, ғылым, ар мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым
ғой демектің бәрі де – ақымақшылық» (18-сөзінен).
Абай «Қара сөздерін» басқалар үшін жазғанын дәлелдеу үшін бірнеше мысал келтіріп
көрейік. «Қара сөздердің» бірқатары (12, 13, 32, 43-сөздер), әсіресе 38-сөз жалпы
көпшіліктен гөрі, оқырмандардың белгілі бір тобына арналған. Мысалы, 12, 13-сөздерін
«иман» дегенді қалай ұғыну керек деп, иманды уағыздайтын, бірақ оны теріс ұғатын, теріс
ұғындыратын дін қызметкерлеріне немесе жалпы «иманмен ісі бар» адамдарға арнайды. 32-
сөзін «білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға» жазады. Бұл жерде бастапқы шағын
ғана
білім-ғылымды емес, жоғары білім-ғылымды терең меңгерсем дегендерге айтқан
насихаты болып табылады [1, 566].
Саяси жүйеге қатысты Абай либералдық
Достарыңызбен бөлісу: