107
туған.
Абай 19-шы қара сөзінде «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап,
татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп
болған адам білімді болады. Естілердің айтқан
сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол
естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе,
жаман дегеннен сақтанса, сонда іске
жарайды, сонда адам десе болады» деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін
айтады. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субъекті жеке басының өмірлік
тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады. Осы тұжырымдамалармен
Абайдың пайымдаулары мағыналас. Себебі, ақын адам баласы үшін дыбыстарға, табиғат
көріністеріне, дәмге негізделген бейнелі естің, яғни түйсіктерге сәйкес келетін көру,
есіту
және дәмдік ес түрлері өте маңызды болып келетінін өз қара сөздерінде айтып өткен.
Өзінің 7-ші қара сөзінде Абай жас балада анадан туғанда екі түрлі қажеттіліктің
болатындығын атап көрсетеді: «біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам» деп туады. «Бұлар тәннің
құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды»,
екінші – білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған
қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап,
сырнай-керней
болса, дауысына ұмтылып, одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де,
біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге
бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі –
жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген» дейді Абай. Осындай
айналасын қоршаған дүниені танып білуге құлшынуды, ұмтылуды Абай ең жоғарғы жан
құмарлығы дейді.
Абай атамыз өзінің 37-ші қара сөзінде «Адамның мінезін өзгертуге болмайды − деп
айтқан адамның тілін кесіп алар едім», ─ деген. Ендеше адам мінезінің қалыптасуы отбасы
тәрбиесімен, қоғаммен, әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Мінез өзгермейтін тума
қасиет емес, ол өмір тәжірибесімен қалыптасады дейді ақын.
Абай адамның танымдық қасиеттерінің табиғатын біршама
материалистік тұрғыдан
түсіндіреді. Сезіну және түйсіну мәселелерін де дәл осы бағытта талдайды. Ақын сыртқы
дүниенің адамның сезім мүшелеріне әр түрлі сипатта әсер ететінін айта келіп: «Құлақ
болмаса, не қаңғыр, не дүңгір, жақсы үн, күй, ән – ешбірінен ләззәт ала алмас едік. Мұрын
иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық
қолымыздан келмес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе, дүниедене тәтті, не қатты, не дәмдінің
қайсысынан ләззәт алар едік? Бұлардың бәрі біздің пайдамыз емес пе?» (27-ші сөзі) дейді.
Ақын ғақлияларында қоршаған әлемді тану үшін адамға қажет қасиеттерді атай келіп:
«алдымен – «не көрдің, есіттің, әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып...» алу; екінші – «...
бір нәрсені естіп, көріп білдің, қош келді, қазір соған ұқсағандарды тексересің. Түгел ұқсаған
ба? Яки бір ғана жерден ұқсағандығы бар ма? Әрнешік сол іске бір келіскен жері бар
нәрселердің бәрін бөтеннен хабарласып білмей, тыншытпайды» деп танудағы қызметін
дұрыс түсіндіреді. Ақын: «Дүние
бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры
бірқалыпты тұрмайды. Әрбір мақлұққа құдай тағала бірқалыпты тұрмақты берген жоқ. Енді
көңіл қайдан бірқалыпты тұрады?...» (20-шы сөзі), деп табиғат қана емес, адамның да үнемі
өзгеріп отыратындығына ерекше көңіл аударады. Абай адам мен жан-жануарлардың мінез-
құлқындағы айырмашылықтарды: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар,
мінез деген нәрселермен озады» (18-ші сөзі), - деп ажыратып берді. Адамның ең басты
артықшылығы оның қоғам пайдасы үшін белсенді әрекет жасай алатындығында, «қай өгіз
шаһар жасап, құрал жасап; неше түрлі сайман жасап, сыпайылық шеберліктің үдесінен
шығарлық қисыны бар?» (27-ші сөзі), деп түсіндіреді Абай.
Өзінің 15-ші қара сөзінде Абай: «Егерде есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде
бір мәртебе, болмаса жұмасына бір,
ең болмаса, айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!» деп,
адамдарды өз ісі мен амал-қимылдарына талдау жасай білуге шақырады. «Сол алдыңғы есеп
алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды,
108
күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де
білмей қалыппысың?» деп, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесіндегі маңызды да мәнді іс-
әрекетінің бірі – рефлексия екенін ерекше айтып өтеді. Сондай-ақ, ол әр адамды өз өмірін
қалай өткізгені жайында, өз іс-әрекеттері мен қылықтарына талдау жасап, оған орынды баға
беріп, жауапкершілігімен қарауына шақырады. Мұндай өз істеріне талдау жасау әрекетін
көптеген педагог-психологтар рефлексия деп атайды [4, 109].
Қара сөздердің негізі – Абай заманындағы жағдайды, тарихтық шындықты өз қалпында
бұлжытпай толық танытып береді. Осы тұрғыдан қарағанда қарасөздердің арманы мен
мазмұны, мұраттары тек тарихтық жағынан бағалы деу керек. Екінші –
Абайдың
адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да
бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес.Біздің осы күнгі сөйлеп, жазып жүрген
әдебиет тіліміздің тарихы жалғыз ғана Абайдан басталады деп кесіп айтпасақ та, сондай
сапалы тілді қазақтың жазба әдебиетінде анық биік белге өрлетіп шығарған Абай екені
даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: