Iii республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференциясының баяндамалар жинағЫ



бет150/184
Дата08.06.2018
өлшемі13,94 Mb.
#41389
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   184
Литература

1. Сухарев М.В. Основы Delphi профессиональный подход. – Наука и Техника, Санкт-Перербург, 2004, 603с.

2. Солонина А. И. Основы цифровой обработки сигналов. - БХВ-Петербург, 2005, 387с.

удк 004.056.55
Мобильді интернет-ликбез - GPRS және EDGE-нің қазірдегі қолданысы
Бердімағанбетова Қ.А.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана

Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Ташенова Ж.М.


Біз ұзақ уақыттан бері мобильді телефондарды тек классикалық рөлде ауызша cөйлесу үшін ғана емес, сонымен қатар машиналық тілде жазылатын SMS жинақтары үшін қолданып келеміз. Бұл функциялар уақыт өте келе қолданыстан шығып келеді. Телефондар жұмыс ортасында көбірек пайдаланылуда, ал біз бір кабинет ішінде немесе жол бойында жұмыс істеуіміз мүмкін. Сіз тіпті поездің купе вагонында селкілдеп отырсаңыз да немесе бір кабинетте креслода отырсаңыз да ақпаратқа қолжетімділік бірдей болу керек. Керекті ақпаратқа «тез арада» принципі бойынша тез қолжетімділік құралы ретінде GPRS және EDGE технологиялары біздің күнделікті өмірімізге енгізілуде.

Сонымен бұл қандай нәрсе екенін талқылап көрейік.

GPRS –тің кеңейтіліп айтылуы былайша General Packet Radio Service, оның аудармасы - «желісіз мәліметтердің берілуі». Қазірде бұл технология бүкіл дүниежүзілік мобильді телефондардың операторларымен енгізілген. Шетелде бұл Қазақстанмен салыстырғанда ертерек жасалынды (негізі GSM-желілерінің жасы 7-10 жылға бізден үлкен).

Алғашқыда GPRS деп пайдаланылған GSM-желілері «жүрді». Мұндай әрекеттің принципі неде? Себебі техникалық терминологияға бірден күш тигізбеу. Таймслотта (уақыттық интервалда) деректердің жіберілу жылдамдығы, олардың саны төртеу – CS1, CS2, CS3, CS4.

Сөйлесу кезінде немесе мәліметтердің берілуі кезінде абонентке 9,6 кбит/с жылдамдықтағы радиотрактаның бөлігі бөлініп беріледі. Бөлінген радиоканал уақытша аралыққа (таймслот) бөлінеді, оның саны телефон мен желінің жүктелуіне байланысты түрленеді. GPRS жіберілуі сол уақытта бос тұрған таймслоттар арқылы орындалады. Жылдамдығы көріп тұрғандай айтарлықтай күшті емес. Мұның себебі: алғашында GSM-желілер сөйлесу қызметі үшін ойлап табылды, ал кенеттен мәліметтерді жіберу үшін қажеттілігі туғанда өндірушілердің ойына ең алдымен осы желінің типі келді. Міне осыдан олар GSM-желілерден барлық мүмкіншіліктерін шығара отырып, ол тек уақытша альтернатива екенін түсінді және енді желілерді профиль бойынша жасау керек екенін ұйғарды.

Қазақстанға GPRS-тің енгізілуі кештеу болды, бірақ бұл бірқатар жақсы жағдайлармен енді, себебі шетелдік провайдерлер жоқтан бастаған болатын, сосын белгілі бір уақыттан кейін құрылғылардың жаңғыртылуы қажет болды. Біздің желілер жаңа болып табылады шетелдіктермен салыстырғанда, операторларға ескірген құрылғыларды жаңартудың қажеттілігі жоқ, олар GPRS-тің соңғы өнімдерін сатып ала қояды.

Қазақстанда барлық дерлік операторлар GPRS базасындағы (Актив, Билайн, Пасворд, Мегафон, региональді компаниялар) қызметтерді ұсынады. Күннен күнге еліміздің көптеген территорияларында мобильді интернетпен қамтылуда.

Провайдерлер GPRS қолданудағы әртүрлі статистиканы жүргізуде– цифрлар аймаққа, тәулік уақытына, абоненттік және операторлық құрылғыларға тәуелді түрде түрленеді - абоненттік базаның 6 дан 45%ке дейін.

GPRS қолдауымен телефондар жылдамдықтарына қарай 12 класқа бөлінеді (MultySlot Class). Мәліметтердің берілу жылдамдығы - 40 кбит/с және одан жоғары. Телефондар сонымен қатар жұмыс тәсілі мен дауысқа (GPRS Class) қарай да классификацияланады. А класындағы телефондар бір уақытта деректерді беруі және дауыстай берілуі мүмкін. В класы бір уақытта қолдануға мүмкіндік бермейді. С класы біреуін таңдаулы түрде қолдайды.

Біз әрине GPRS - тің қолданылуы бойынша жетекші орындағы Япония мен Филлипинимен салыстырғанда әлдеқайда арттамыз.

Эксперттердің пікірінше, GPRS Қазақстанда келесідей себептерге байланысты көп қолданылады:


  • Мобильді сатылымы белсенді дамуда. Қазірде кz сайттарында бірнеше жүздеген WAP-ресурстар функционалданады, олар үшін GPRS "транспорттық құрылғы" ретінде қызмет етеді.

  • GPRS қолдайтын телефодар саны қазірде өте көп.

  • Операторлар бірте бірте GPRS-роумингті енгізуде.

Дегенмен де барлығы қиындықсыз болмайды, олар: техникалық және тіпті стратегиялық. Қазірдегі маңызды кемшіліктердің бірі Қазақстанда GPRS –тің жылдамдығы аз. Теориялық түрде GPRS технологиясымен деректер жіберілуінің максималды жылдамдығы 171,3 кбит/с. Ал бұл іс жүзінде анағұрлым аз

Көріп отырғанымыздай барлығы жақсы емес. Енді келесі желіні үшінші буынды (3G) енгізу қажеттілігі туады, ал бұл GPRS-желілердің таралуына күдік тудырары сөзсіз. Ал әзірше GSM байланысы бар кезде тағы бір деректерді жіберудің керемет технологиясы бар екенін айтайық - EDGE. Ол GPRS- тің қажетті жалғастырушысы,кеңейтіліп айтылуы - Enhanced Data for Global Evolution.



EDGE және GPRS

EDGE технологиясымен деректердің жіберілу жылдамдығы GPRS – пен салыстырғанда3 есеге жоғары, яғни - 474,6 Кб/с (бұл тағы да теориялық түрде). EDGE тиісті жиіліктерде деректерді қабылдауға/жіберуге мүмкіндік береді, ол бүгіндегі GSM-желсімен, 3G туындысының мүмкіндіктерімен сипатталады.



EDGE өз пайда болу тарихын 90-шы жылдарда бастады. Алғашқыда Ericsson компаниясы оларды D-AMPS стандарттағы желілері үшін шығарды. EDGE технологиясы базалық станция мен мобильдік құрылғылардың радиоканалына жаңа модуляцияны ұсынады. Алдыңғы уақытта бұл технологияны осы күнгі желіде қолдану үшін EDGE-мен бірге қосылатын жіберушілер керек және EDGE-ны қолдайтын телефондар қажет (олардың саны әрдайым өсуде, бірақ әлі жеткіліксіз). Менің жаңадан телефрнды сатып алушыларға айтарым, оның EDGE-ны қолдайтынына назар аударыңыз.

Айтылып кеткендей, қазақстандық операторлар өз бизнестерін осы заманғы құрылғыларды сатып алудан бастады, олар шетелдегі операторлардың құрылғыларымен салыстырғанда «алдыңғы орында» болды. Сонымен қатар мобильді байланыстың шарықтаған кезі Қазақстанға дәл «орнында» келді - бұл уақытта шетелде енді ғана EDG-ні ендіріп жатқан болатын. Қазақстандық операторларға қиындықтардың кешені толық өшкен болатын – олардың жаңа құрылғылары EDGE-мен жұмыс істеуге дайын болды. Бірақ басқа да сұрақтар калады, оның ішінде: бұл технологияны қолдануға әкімшілік рұқсат. Сондай–ақ барлық құрылғыларды EDGE-мен сәйкес келуін қарап шығу керек, оны оптимизациялау (GPRS –пен туындаған мәселелерді ескере отырып). Желінің өткізу мүмкіндігін кеңейту керек, себебі EDGE–ні енгізу оларға жүктемені екі–үш есе арттырады.

Нені иелендік?

Сонымен, мобильді телефон арқылы интернет желісіне жылдам(немесе салыстырмалы түрде жылдам) қолжетімділік мүмкіндігі әзірше тек GPRS арқылы орындалуда. Оның кемшіліктеріне назар аудармасақ (жылдамдық төмен, желінің «қырсықтығы»), бұл жоқтан жақсы, ал EDGE келуде, бірақ әлі келген жоқ. Дегенмен де егер сізге сәті түссе, және сіздің қалаңызда EDGE ұстайтын болса, батыл түрде эксперименттеуіңізге болады.

GSM-желілердің құрылымдық ұйымдастырылмаушылығын ескере отырып, жоғары жылдамдықты күту үмітін басу керек ( бұл қазақстандық келеңсіздік емес, оның себебі олар «ашық архитектура» топологиясына ие және әрдайым құрылымдауын көбейте береді, ал операторлар құрылғылармен эксперименттейді). Өте тез жылдамдықтағы деректердің жіберілуі мүмкін болмайды, 140-150 кбит/с жылдамдықтарға үйрене беріңіз. Бұның өзі жаман емес екені белгілі.

GPRS және EDGE–ні қолданушыларға кеңес: егер сізге интернетпен асығыс емес жұмыс керек болса және бұл үшін сізге қажеттілердің барлығы (телефон, кабельдер, компьютер) болса, онда қала сыртында, саяжайда қосылған дұрыс. Егер бұл GSM-желісінің қолжетімді аймақтарында болса, ол анық жүктелмеген болады. Желіде тезірек жұмыс істеуге болады және денсаулыққа да пайдалырақ.


Әдебиет

  1. Автор: Виталий Леонтьев - Мобильный интернет: Интернет и локальные сети. Издательство: ОЛМА Медиа Групп- 2008

  2. Гладкий А.А. - Остап Бендер в ХХI веке, или Изощренные способы выманивания денег через Интернет-2011

  3. Плющев А., издательство Питер Коммерсантъ - 2007



удк 004.056.55
Симметриялық криптожүйелер
Боранбаева Ә.С.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана
Ғылыми жетекшісі – ф.-м.ғ.к.,доцент Ташатов Н.Н.
Симметриялық криптожүйелер (сонымен қатар симметриялық шифрлеу, симметриялық шифр) — шифрлеуге және кері шифрлеуге бір криптографиялық кілт қолданылатын шифрлеу тәсілі. Асимметриялық шифрлеу сұлбасы шықпастан бұрын жалғыз шифрлеу жүйесі болды. Алгоритм кілті екі жақтан да құпия сақталу керек. Шифрлеу алгоритмі екі жақтан хабар алмаспастан бұрын таңдалады.

Шифрлеу және кері шифрлеу алгоритмі басқа адамдардың қастық әрекетінен ақпаратты жасырын сақтау үшін компьютер техникасында кеңінен қолданылады. Онда негізгі принцип болып жіберуші мен қабылдаушы алдын-ала шифрлеу алгоритмін, сонымен қатар хабарламаны ашу кілтін білу болып табылады. Хабарламаны ашу кілтін білмесе жіберілген ақпарат мағынасыз, тек символдар жиынтығы болып қалады.

Мұндай алгоритмдердің негізгі мысалы болып төменде көрсетілген симметриялық криптографиялық алгоитмдер табылады:

1. Қою


  • Қарапайым қою.

  • Кілт бойынша жеке қою.

  • Екілік қою.

  • "Сиқырлы квадрат" қоюы

2. Ауыстыру

3. Гаммалау

4. Блоктық шифрлеу

Кілтсіз қарапайм қою – шифрлеудің ең қарапайым тәсілдерінің бірі. Хабар кестеге баған бойынша жазылады. Ашық мәтін бағандарға жазылған соң шифрді оқу үшін ол жол бойынша саналады. Бұл шифрді пайдалану үшін жіберуші мен қабылдаушы кесте түріндегі ортақ кілт туралы келісу керек.

Кілт бойынша жеке қою –алдынғы тәсілге ұқсас көп қолданылатын шифрлеу әдісі. Айырмашылығы кесте бағаны кілттік сөз бойынша, фраза немесе сандар жиыны бойынша қойылады.

Екілік қою. Хабарды қосымша жасыру үшін шифрленген хабарламаны қайтадан шифрлауға болады. Бұл тәсіл екілік қою атымен белгілі. Ол үшін екінші кестенің өлшемін оның жолдарымен бағандары бірінші кестеден өзгеше болатындай етіп таңдайды. Олар қарапайым болады. Бұдан басқа бірінші кестеде бағанды, екінші кестеде жолды қоюға болады. Сонымен қатар кестені ирек түрінде немесе спираль тәрізді, басқа да тәсілдер арқылы толтыруға болады. Кестені мұндай тәсілмен толтыру егер шифрдың беріктілігін күшейтпесе, онда шифрлеу процесін көбірек жасайды.

"Сиқырлы квадрат" қоюы. Сиқырлы квадрат деп таблица ішінде 1- ден бастап натурал сандар жазылатын және ол сандардың қосындысы тігінен де, көлденеңінен де, диогоналінен де бірдей болатын квадраттық кесте айтылады. Мұндай квадраттар оларда көрсетілген номер бойынша шифрленген тексті жазуда қолданылады. Егер кейін сол кестені баған бойынша жазса, онда әріптерді кері қою шифрлеуі болады. Бірінші кезде сиқырлы квадраттар аз болып көрінеді. Бірақ квадрат өлшемін үлкейткен сайын олардың саны өсе береді. 3 х 3 өлшемдегі сиқырлы квадрат тек біреу, егер оның бұрылыстарын ескермесе. 4 х 4 өлшемдегі сиқырлы квадрат 880 болып саналады, ал 5 х 5 өлшемдегі 250000-дай. Сондықтан үлкен өлшемдегі сиқырлы квадраттар сол уақыттың шифрлеуінің сенімді жүйесі үшін жақсы негіз болды, өйткені кілттің барлық варианттарын қарау мағынасыз болды.

4 те 4 өлшеміндегі квадратқа 1-ден 16-ға дейінгі сандар жазылды. Оның сиқыры сандардың қосындысы тігінен де, көлденеңінен де, диогоналінен де 34-ке тең болды. Алғаш рет мұндай квадраттар Қытайда пайда болды.

16 3 2 13

5 10 11 8

9 6 7 12

4 15 14 1

Сиқырлы квадрат бойынша шифрлеу келесі түрде орындалды: Мысалы, «ПриезжаюCегодня.» сөзін шифрлеу керек болсын. Бұл сөздің әріптері сандары бойынша квадратқа тізбектеле жазылады: Сөйлемдегі әріп позициясы позиция реттік санға сәйкес келеді. Бос ұяшыққа нүкте қойылады.

16. 3 и 2 р 13 д

5 з 10 е 11 г 8 ю

9 С 6 ж 7 а 12 о

4 е 15 я 14 н 1 П

Бұдан соң шифрленген мәтін жолға жазылады (оқу солдан оңға қарай жүреді):

.ирдзегюСжаоеянП

Кері шифрлеген кезде мәтін квадратқа жазылады, ашық мәтін «сиқырлы квадрат» сандарының тізбегі бойынша оқылады. Программа кілт бойынша керегін алу керек. Квадрат өлшемі 3х3-тен үлкен.

Көпалфавитті ауыстыруағымдағы мәтіннің символдарын басқаға күрделі ережемен ауыстыратын түрлендірудің қарапайым түрі. Үлкен криптоберіктілікті сақтау үшін үлкен кілттерді қолдануды талап етеді. Оған Цезарь ауыстыруы, Вижнер ауыстыруы, Кардано т.б жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет