Iii республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференциясының баяндамалар жинағЫ



бет8/184
Дата08.06.2018
өлшемі13,94 Mb.
#41389
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   184

Литература

  1. Тихонов А.Н., Самарский А.А. Уравнения математической физики. –М.: Наука, 2004, 768 с.

  2. Лаврентьев М.А., Шабат Б.В. Методы теории функции комплекснего переменного. –М.: Наука, 1987, 860 с.

  3. Диткин В.А., А.П.Прудников А.П. Интегральные преобразования и операционное исчисление. –М.: ГИФМЛ, 1961, 523 с.

УДК 517.51


ЭКОНОМЕТРИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ҚҰРАСТЫРУ ЖӘНЕ

ОЛАРДЫ ШЕШУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

Ажбаева Н.Б.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті,Астана
Ғылыми жетекші- Рахымжанова С.Қ.

Соңғы онжылдықтарда эконометрика ғылыми пән ретінде қарқынды дамып келе жатыр. Эконометрикалық әдістерді қолдану арқылы зерттеулер мен ғылыми жұмыстар саны артуда үстінде. Қазіргі заманғы экономика ғылымының жетістіктері экономистердің жоғары мамандандырылған біліміне жаңа талаптар қоюда. Қазіргі заманғы экономикалық білім үш бөлімнен тұрады: макроэкономика, микроэкономика, эконометрика. Егер де экономиканың орталықтандырылған жоспарлы периодында басты назар зерттеулердің тиімді әдістеріне, кәсіпорындардың және салалардың тиімді моделін құруға аударылса, ал қазір нарықтық экономикаға көшу кезінде эконометрикалық әдістердің рөлі артуда. Осы әдістерді білмей зерттеулер жүргізу, банктық салада, қаржыда немесе бизнесте болжам жасау мүмкін емес. Эконометрика терминін 1926 ж Норвегия ғалымы Р.Фрише енгізген және сөзбе –сөз аударғанда “экометрикалық өлшемдер” деген мағынаны береді. Эконометриканың мақсаты-экономикалық заңдылықтарды эмпирикалық жолмен табу. Осы пән бойынша кітаптардың барлығы орыс тілінде немесе кейде шетел тіліндегі басылымдарды көруге болады. Осыған сәйкес бұл кітаптардағы есептерде статистикалық мәліметтер Ресей немесе басқа шетел экономикаларынан алынған. Мақсатым–осындай түрдегі есептерді Қазақстан Республикасы экономикасының статистикалық мәліметтерін қолдану арқылы құрастыру және шығару жолдарын көрсету. Мысалы, келесі тақырыпты қарастырайық: сызықты жұбтық регрессия. Статистика бойынша агенттік сайттардан келесі мәліметтерді алдым. 2009 ж мәлімет бойынша Қазақстан Республикасының облыстары мен Астана және Алматы қалалары бойынша бір айда орташа есеппен жан басына шаққандағы тұтынуға жұмсалған үй-шаруашылықтарының кірісі және шығысы. Мәліметтер келесі кестедегідей берілсін.





Облыстар

Бір айда орташа есеппен жан басына шаққандағы тұтынуға жұмсалған үй-шаруашылығының шығысы, y тенге

Бір айда орташа есеппен жан басына шаққандағы тұтынуға жұмсалған үй-шаруашылығының кірісі,х тенге

1

Ақмола

22270

20069

2

Ақтөбе

22270

20461

3

Алматы

17949

16097

4

Атырау

18983

18128

5

БҚО

19307

16999

6

Жамбыл

16884

15424

7

Қарағанды

23948

22496

8

Қостанай

21317

19030

9

Қызылорда

19201

17840

10

Маңғыстау

15479

15421

11

ОҚО

15291

13847

12

Павлодар

23047

21216

13

СҚО

23188

19884

14

ШҚО

23086

20400

15

Астана қ

34884

34010

16

Алматы қ

30324

30117

Бірфактілі сызықтық регрессия-нәтижелік көрсеткіш пен фактордың сызықтық теңдеу түріндегі байланысының теңдеуі. нәтижелік фактор, фактор.

Регрессия теңдеуіндегі және параметрлерін табу үшін көп жағдайда ең кіші квадраттар әдісін қолданады. Ең кіші квадраттар әдісі нәтижелік көрсеткіштің факторлардан тәуелділігін, нәтижелік көрсеткіштің фактілік мәндерінің регрессия теңдеуімен анықталатын мәндерінен ауытқуларының квадраттарының қосындысын минимизациялау арқылы табу әдісі. Ең кіші квадраттар әдісінің негізі моделіміздің және параметрлерін табуда, яғни бұл кезде нәтижелік белгінің эмпирикалық (фактілік) мәндерінің таңдалған регрессия теңдеуімен анықталған теориялық мәндерінен ауытқуларының квадраттарының қосындысы минимизацияланады



.

Бірфактілі сызықты модель үшін:



Екі айнымалылы функция экстремум мәнін осы функцияның бірінші дербес туындылары нөлге тең болған кезде қабылдай алады.



және

Осы дербес туындыларды есептей келе төмендегіні аламыз



Түрлендірулерден кейін бірфактілі сызықты модел теңдеуіндегі және



параметрлерінің шамаларын анықтайтын қалыпты теңдеулер жүйесін аламыз:



Мұндағы n-берілген мәліметтер саны.

Регрессиялық теңдеуіміздің сызықты теңдеу болған кезінде моделіміздің А орташа ауытқуы (есептелген мәнінен факторлық мәнінің ауытқуы) 3,08% яғни моделіміздің сапасы жақсы болып есептелінеді, қалыпты 8-10%-дан аспайды, ал детерминация коэффициенті 97%, ол бір айда орташа есеппен жан басына шаққандағы тұтынуға жұмсалған үй-шаруашылығы шығысының (y ) 97% бір айда орташа есеппен жан басына шаққандағы тұтынуға жұмсалған үй-шаруашылығының кірісі, (x) факторының вариациясымен түсіндіріледі. Корреляция коэффициентінен бұл моделде х пен у арасындағы байланыстың тіке, арақатынасы тығыз екенін көреміз. Икемділік коэффициенті - бір айда орташа есеппен жан басына шаққандағы тұтынуға жұмсалған үй-шаруашылығының кірісі, (x) факторы 1%-ға артқанда бір айда орташа есеппен жан басына шаққандағы тұтынуға жұмсалған үй-шаруашылығының шығысы, (y) 0,88%-ға артады. Регрессиялық теңдеуіміздің сапасын F-Фишер критериі арқылы анықтаймыз. F(таблицалық)=4,60 ал F(факт)=520,32 яғни F(факт)> F(таблицалық) бұл регрессиялық теңдеуіміздің статистикалық маңыздылығы бар және сенімді екенін көрсетеді.Осы сияқты динамикалық(уақыттылы) қатарларға, көптік регрессия үшін 10 есептен құрып және бір есептің толығымен шығару жолын көрсеттім.



Каталог: bitstream -> handle -> 123456789 -> 1831
123456789 -> Республикалық Ғылыми-әдістемелік конференция материалдар ы
123456789 -> Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу
123456789 -> Ғаділбек Шалахметов бейбітшілік бақЫТҚа бастайды астана, 2010 жыл Қызыл «мұзжарғыш кеме»
123456789 -> А. Ж. Кунанбаева
123456789 -> Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет