Iii республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференциясының баяндамалар жинағЫ



бет129/184
Дата08.06.2018
өлшемі13,94 Mb.
#41389
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   184


Литература


  1. А.Т.Фоменко Основания истории - изд-во Римис, 2005 г.

  2. Поиск нечетких дубликатов. Алгоритм Шинглов - http://habrahabr.ru/blogs/algorithm/65944 (актуальна на 18.03.11 г.)

ОӘЖ 371.4


MS EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДЕ ҚОЛДАНУ
Ахметов А.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Инженерлік-құрылыс факультеті. Астана қ.
Ғылыми жетекші: Информатика кафедрасының оқытушысы Ликерева А.С.
MS Excel - тек математикалық және логикалық операцияларды орындау үшін тағайындалған ыңғайлы кестелік процессор ғана емес, сондай-ақ экономика және қаржы саласында пайда болатын айтарлықтай күрделі есептерді шешудегі қуатты және қолданбалы бағдарлама. Зерттеу кезеңдері: 1) мақсатын құру, зерттеудің гипотезасын құру, зерттеу және талдау үшін материалдар іріктеу; 2) теориялық кезең: зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерді оқу және талдау, қажетті программалау тілдерін оқу, практикалық жұмыс жасау; 3) қорытынды: алынған нәтижелерді сипаттап жазу, қажетті нұсқауларды дайындау.

Зерттеу жұмысының өзектідігін былайша сипаттауға болады: мектеп бағдарламасына MS Excel кестелік процессор тақырыбын тереңдете енгізу, экономикалық есептердің шығару жолдарын көрсету, сонымен бірге қаржылық есептеулерге әр түрлі өткізу шарттарына байланысты коммерциялық мәмілелердің оңтайлы сипаттамаларын алуға мүмкіндік беретін элементарлық арифметикалық операциялардан бастап көп белгілі үлгілерді құрудың күрделі алгоритмдеріне дейін, басқару шешімдерін қабылдағанда қолданылатын тәсілдер мен есептеулердің барлық жиынтығын көрсету.

MS Excel-ді қолданудың тағы бір маңызды аясының қаржылық-экономикалық есептеулерді жүзеге асырумен байланысты. Қаржылық есептеулер басқарушы шешімдер қабылдау кезінде қолданылатын барлық әдістер мен есептеулердің жиынтығынан тұрады – қарапайым арифметикалық есептеулерден бастап, коммерциялық мәмілелердің тиімді сипаттамаларын алуға мүмкіндік беретін көп критерилі модельдерді құрудың күрделі алгоритмдеріне дейін. Мұндай есептеулерді жүргізу – аса көп еңбектенуді, математикалық дайындықты, көптеген анықтама материалдарын қолдануды қажет ететін үрдіс.

MS Excel бағдарламасы электрондық кестелерді әзірлеуге, өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама және қолдану аясы өте кең: статистикалық мәліметтер жүргізуде; медицинада; шаруашылықты жүргізу барысында; экономикада, соның ішінде банктер мен фирмаларда; түрлі мемлекеттік мекемелерде берілгендер қорын жасауда қолданыс табады.

MS Excel бағдарламасының төмендегі мүмкіндіктерін қолданамыз:


  • бухгалтерлік, статистикалық, қаржылық, инженерлік т.б. автоматты түрде есептеулер жүргізуге мүмкіндік беру;

  • деректер арқылы диаграммалар құру;

  • деректерді пішімдеу;

  • деректерді қажетіне байланысты сүзгілеу;

  • ұяшықтардың мазмұнын өзгерту немесе жылжыту;

  • өсу және кему реті бойынша деректерді сұрыптау;

  • кестенің деректері бойынша диаграмма құру, оларды кестеге кірістіру және т.б.

Нарықтық экономикаға көшкен кезден бастап қаржылық есептеулерге деген сұраныс өсті. Олар кез-келген коммерциялық мәмілелердің сәтті жасау үшін қажет бола бастады. Осы күнгі қаржылық жағдайларды модельдеу және талдау әдістерімен қоса бір кешенде қаржылық есептеулер кәсіпкерлік әрекетті ұйымдастыру және басқарудың жаңа бағытына өседі – қаржылық менеджмент пайда болады.

Осы күнгі қаржылық есептеулер әдістерін меңгеру кәсіпкерді, менеджерді, банк қызметкерін, экономистті кәсіптік даярлаудың негізі болып табылады.

Қазіргі кезде қаржылық есептеулердің стандарттық курсына келесідей негізгі тақырыптар енеді:


  • қаржылық операциялар логикасы (ақшаның уақытша құндылығы, өсіру және дисконттау операциялары және т.б.);

  • қарапайым пайыздар (өсіру және дисконттау операциялары, салықтар, инфляция, төлемдерді ауыстыру); күрделі пайыздар (валюталармен операциялар, т.б.);

  • ақшалық ағымдар;

  • инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау;

  • қаржылық активтерді бағалау.

Excel-де 15 кірістірілген және 37 қосымша қаржылық функциялар жүзеге асырылған. Қосымша қаржылық функцияларды қолдану қажеттілігі туындап жатса, Пакет анализа баптауын орындау қажет.

Шешетін есеп типіне байланысты Excel-дегі барлық қаржылық функцияларды шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады:



  • инвестициялық жобаларды және аннуитеттерді талдау функциялары;

  • құнды қағаздарды талдау функциялары;

  • амортизациялық төлемдерді есептеуге арналған функциялар;

  • көмекші функциялар;

  • несиелер, займдар, инвестицияларды бағалауды есептеуге арналған қаржылық функциялар.

Қаржылық тәжірибеде уақыт бойынша үлестірілген, төлемдер ағымдарының пайда болуымен сипатталатын операциялар жиі кездеседі. Бірдей уақыт аралығында қаражаттарды төлеу (қабылдау) бірдей көлемде жүретін төлемдер ағыны қарапайым аннуитет деп аталады. Бұндай ағындар несиелік-депозиттік операциялар жүргізу, әртүрлі қорлар қалыптастыру, ұзақ мерзімге жалға алу және т.б. кезінде пайда болады.

Мұндай операциялардың сандық талдауы келесі негізгі сипаттамалармен анықталады:



  • төлемдер ағынының ағымдық шамасы (Present value - Pv);

  • төлемдер ағынының келешектегі шамасы (Future value - Fv);

  • жеке төлем шамалары (raiment - R);

  • пайыздық көрсетілім түріндегі түсімлімділік нормасы (interest rate - r);

  • операцияларды жүргізу периодтарының саны (жылдар, айлар саны).

Инвестициялық жобалардың кең қолданылатын тиімділік критерилерін тиімді есептеуге мүмкіндік беретін функциялар да бұл топқа жатады, - NPV. IRR және т.б.

Бұл топтың функциялары сәйкес көрсеткіштерді анықтау үшін күрделі интеграциялық алгоритмдерді қоладаны. Мұндай жағдайда келесілерге рұқсат етіледі:



  • период соңында (басында) төлемдер ағыны белгілі;

  • операция орындалуының бүкіл мерзімі үшін пайыздық қойылым түріндегі бағалау анықталған, осыған сәйкес қаражаттар инвестициялануы мүмкін.

MS Excel тек математикалық және логикалық операцияларды орындау үшін ғана емес сондай-ақ экономика және қаржы саласында пайда болатын айтарлықтай күрделі есептерді шешудің қуатты және әмбебап құралы екендігін көрсету . Оқушылармен жеке жұмыс жасау кезінде, сыныптан тыс жұмыстар жүргізгенде аса тиімді болады. Бұл жұмыста MS Excel кестелік процессорға байланысты қосымша материалдарды жинақтап, оны қолданудың оқушылардың MS Excel кестелік процессор тақырыбына байланысты ұғымдарының кеңейетіндігі байқалды. Сонымен қатар есептерді тек бір ғана әдіспен шешпей, математикалық моделін құру, график арқылы да шешуге болатындығы көрсетілді. MS Excel кестелік процессорды меңгеру оқушылардың саналылығын арттырады, көптеген теориялық материалдарды тереңірек түсініп пәнге деген қызығушылығы оянады. Өткен тақырыптарды бір-бірімен байланыстыра отырып, оны кеңірек пайдаланылады.

УДК 004.94

Кейбір физикалық есептерді компьютерлік модельдеу әдістері
Балтабаева Ж., Өтепқали Ж.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана
Ғылыми жетекшісі – ф.-м.ғ.к. Нұғманова Г.Н.
Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялардың жан-жақты дамуына байланысты, жаратылыс тану ғылымдарының көптеген саларында аналитикалық жолмен шешу қиындық тудыратын есептерді компьютерлік модельдеу әдістері қарқынды дамып, жаңа формаларға ие болып келеді.

Компьютерлік модельдеу процедурасы математикалық сипаттаудан бастап, алгоритм мен бағдарламаға дейін көрсетілетін мысал есеп қарастырайық.

Есеп. Компьютер экранында тіктөртбұрышты облыстың ішінде лабиринт бейнеленген. Лабиринттің ішінде екі шар қозғалады. Егер шарлар қабырғаларға немесе бір-біріне соғылса, олар қозғалыс бағытын өзгертеді.

Есепті модельдеуді жеңілдету үшін бірнеше элементер фрагменттерге бөлеміз:



  1. Шар компьютер экранында (xc, yc) нүктесіндегі тікбұрыш ішінде пайда болады және тікбұрыштың қабырғаларының біріне жеткенше (vx, vy) жылдамдықпен қозғалады. Мұндағы vx және vy – жылдамдық векторының горизонталь және вертикаль құраушылары, xc, yc – шар центрінің берілген уақыт мезетіндегі координаталары.

  2. Егер шар тіктөртбұрыштың шетіне жетсе, онда ол қабырғадан шағылдырылады және қозғалысты жалғастырады.

  3. Шар лабиринт ішінде орналасады, оның іші экран шеттеріне параллель болатын қабырғалары бар тіктөртбұрыштарға бөлінген. Шар ішкі және сыртқы қабырғаларға соғылады және ұшып кетеді.

  4. Экранда екі бірдей шар қозғалады. Бір біріне соқтығыскан кезде олар қозғалыс бағытын өзгертеді.

Енді әр фрагментті кезеңдерге бөле отырып жеке қарастырамыз. Бұл жұмыста бірінші фрагментке толығырақ толталамыз.
Бірінші кезең: математикалық сипаттау. Физика курсынан белгілі, түзу сызықты қозғалыс кезінде материалдық нүкте координаталары келесі заңдарға сәйкес өзгереді:

, .

Екінші кезең: программа алгоритмін құру. Программа құру үшін, шардың шекараға жеткендігінің қалай тексерілетінін нақтылап алу керек. Мұнда біз мынадай шарт қолданамыз: «егер (хmin+R < xc < xmax-R) және (ymin+R < yc < ymax-R), онда шар бейнеленеді, болмаса тоқтатылады». Мұндағы R – шар радиусы, (xmax, ymax) – тіктөртбұрыштың төменгі оң бұрышының, ал (хmin, ymin) – жоғарғы сол бұрышының координаталары.

Сонымен, қатар «шарды құру» блогының нені білдіретінін нақтылайық. Бұл блокта екі операция орындалады:



  1. ескі бейне өшіріледі;

  2. xc пен yc-ның саналған мәндері бойынша жаңа бейне құрылады.


Программаның әр тактісінде барлық бейнені өшіру ыңғайлы емес, сондықтан мынадай тәсіл қолданамыз: «ескі» суреттің орнына дәл сондай сурет салатын боламыз, бірақ суреттің түсі фонның түсімен бірдей болады.



Үшінші кезең: құрылған алгоритм бойынша программа жазу. Қолданушыда программа тілін таңдауға мүмкіндік бар.

Төртінші кезең: программаны іске қосу. Бұл кезеңде vx, vy және ∆t үшін әр түрлі мәндер бере отырып, программаның тиімді жұмыс жасауына қол жеткізіледі.
Әдебиеттер

  1. Кропочева М.Г. Моделирование как метод научного исследования // МИФ, №3, 2003, С. 238-242.

  2. Мендель В.В., Ледовских И.А. Компьютерное математическое моделирование // МИФ, №2, 2004, С. 223-228.

УДК 519.237.3-8


СТАТИСТИКА СТИХИЙНЫХ БЕДСТВИЙ

«ГЛАЗАМИ» СТУДЕНТОВ-ИНФОРМАТИКОВ
Бариева А., Виховский Г.

Северо–Казахстанский государственный университет им. М Козыбаева, Петропавловск
Научный руководитель – Куликова В.П.
Стихийные бедствия могут возникать как независимо друг от друга, так и во взаимосвязи: одно из них может повлечь за собой другое. Некоторые из них часто возникают в результате не всегда разумной деятельности человека (например, лесные и торфяные пожары, производственные взрывы в горной местности, при строительстве плотин, закладке (разработке) карьеров, что зачастую приводит к оползням, снежным лавинам, обвалам ледников и т. п.). Большинство стихийных бедствий невозможно полностью предотвратить, но их неблагоприятные последствия могут быть значительно уменьшены при проведении мероприятий по прогнозированию, своевременному оповещению населения о приближении стихийных бедствий и принятию соответствующих предосторожностей и мер защиты.

Выявить закономерности и основные тенденции проявления различных бедствий, а, главное, постараться «увидеть», что ждет нас на территории Казахстана (или рядом) – вот основная цель исследования.

Для решения задач, был произведен сбор данных, из достоверных источников [1]. Из всего спектра бедствий мы выбрали 9, по-нашему мнению (небольшой соцопрос), наиболее значимых: засуха, землетрясение, эпидемии, экстремальные температуры, наводнения, промышленные аварии, штормы, вулканы и пожары.

Результаты исследования динамики общего количества бедствий позволили нам выбрать метод прогнозирования [2]: адаптивные методы, из которых «наилучший» прогноз Брауна с учетом минимальной ошибки 11% - это 403 катастрофы в 2011 году. Не радует (надеемся проверить постфактум! )... При этом, начиная с 70-х годов, среднее количество погибших на 1 катастрофу не превышает тысячи. Это связано с тем, что сейчас принимаются меры по безопасности, проводятся различные мероприятия, учения, строительство необходимых сооружений для защиты населения.




Рис.1 – распределение количества всех катастроф



Распределение количества всех катастроф в долях на каждый из исследуемых регионов (рис.1) показывает, что 40% катастроф приходится на Азию и 22% на Африку, на остальные исследуемые регионы меньше 10%.


По количеству погибших и пострадавших также лидирует Азия, 80% и 90% соответственно. Затраты в основном соответствуют количеству бедствий, кроме Африки, где доля затрат намного меньше доли количества (это объясняется отсталостью региона) и Северной Америки, где на восстановление инфраструктуры выделяются огромные средства

Проведен корреляционный анализ 4-х факторов – количества бедствий, числа погибших, раненых и денежных потерь [2]. Рассчитаны парные корреляции, множественные (для измерения комплексного влияния на результативную переменную нескольких переменных) и частные корреляции (определения тесноты связи между двумя переменными при фиксированных значениях третьей переменной). Для интерпретации принимались во внимание коэффициенты со значимостью не ниже 95% (применены тесты t-статистик Стьюдента и F-статистика Фишера).

Помимо очевидных выводов о сильном влиянии количества катастроф на количество погибших и пострадавших, а пострадавших – на количество смертей, получили следующие результаты. Частные коэффициенты корреляции (смерть,раненые/кол-во) и (кол-во,раненые/затраты) практически не отличаются от парных корреляций, соответственно, (смерть,раненые) и (кол-во,раненые). Значит, фиксированный нами фактор особо не влияет на зависимость двух других. А на связь денежных потерь с количеством бедствий большое влияние оказывает число погибших. Это говорит о том, что затраты идут не только на восстановление инфраструктуры после разрушений но и на денежные выплаты родственникам пострадавших и погибших.




Рис.2 – распределение бедствий в Азии



Поскольку наша страна расположена в Азии и 40% всех катастроф происходит именно здесь, рассмотрим ее статистику более подробно.



На диаграмме (рис.2) видим долю каждого бедствия в Азии. Можно сделать вывод, что в Азии наиболее частым происшествием является наводнение.




Рис.3 – сравнение с мировой статистикой

Сравним среднее количество жертв по каждому исследуемому виду катастроф в Азии с соответствующими данными по миру в целом. На графике (рис.3) видим, что от землетрясений и штормов в Азии людей погибает больше, чем в среднем по миру. Это объясняется тем, что на территории происхождения этих катастроф плотность населения очень велика.




Изучая статистику наводнений в Азии, натолкнулись на интересный факт. С 2000 по 2009 года количество наводнений в Азии пропорционально их числу в Африке (рис.4). Корреляционно-регрессионный анализ подтвердил предположение: коэффициент пропорциональности 1,32. Возможно, это связано с тем, что на Африку и на Азию оказывает влияние Индийский океан.




Рис.4 – «похожесть» распределений

Для наглядной демонстрации происшествий в Азии (представление многомерных данных) воспользовались технологией визуализации «лица Чернова» (процедура в система Statistica) [3]. Каждое лицо соответствует «состоянию Азии» в определенный год (рис.5)






Рис.5 – лица Чернова



Ширина лица «отражает» эпидемии. Уровень ушей –экстремальные температуры. Длина носа – вулканы. Изогнутость рта – количество промышленных аварий (чем больше, тем грустнее человечек). Расположение глаз – засуха. Наклон глаз – пожары. Высота бровей – землетрясения. Длина бровей – наводнения. Радиус ушей – шторм.



Наглядно, ярко видно, что в 2000 году было достаточно много эпидемий (самое широкое лицо), в 2009 году было мало штормов на фоне относительно низких температур), о чем говорит маленький радиус ушей в нижней части лица, в 2004 году было много промышленных аварий, да еще и вулканы «разыгрались» (длинноносый грустный человечек) и т.д.

Как показывают частные результаты нашего исследования, которые согласуются с результатами экспертных групп (уже состоявшихся специалистов), в настоящее время проводится множество мероприятий по предотвращению и предупреждению катастроф и их последствий. Это привело к снижению смертей от бедствий. Но человек не властен над природой и лучшее, что он может сделать, это покинуть зону бедствия.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет