Ильясова гульжахан уалибековна



Pdf көрінісі
бет35/39
Дата11.03.2022
өлшемі3,92 Mb.
#135029
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Disser

ҚОРЫТЫНДЫ 
Қазіргі таңда егеменді еліміздің ӛркендеп, ғылыммен техниканың дамыған 
заманында болашақ қоғам иесі оқушыларға осыған лайықты жан-жақты білім 
беру және оларды дамыту мәселесі алға қойылып отыр. Мектеп қабырғасында 
орта білім саласының бір түрі химия пәні болса, бұл пәннің оқушыларға 
ғылыми ұғым беріп, оны іс-әрекетте қолдана білуге үйрету негізгі мәселелердің 
бірі. Себебі, қазіргі таңдағы халықшаруашылығының ӛркендеуінің негізгі 
кӛздерінің бірі химия ӛнеркәсібі. Осы салаларда болашақ кәсіптік бағдарға 
дайындау мектепте алған білім деңгейімен тікелей байланысты. Оқушылардың 
пәнге деген қызығушылығы олардың болашақта қандай бағытты ұстауының 
кепілі. Сондықтан да, қазіргі таңда химияны оқытудың ғылыми әдістемелік 
тұстары жан-жақты зерттелу кӛзіне айналуда. Біздің зерттеген тақырыбымыз да 
осы бағыттардың біріне бағытталып, бейорганикалық химия оқулығы мен оқу 
құралының мазмұндық құрылымдық сабақтастығына арналды. Зерттеу 
барысында бұл мәселені тиімді шешу үшін тек оқулық пен оқу құралының 
мазмұндық-құрылымдық тұстарын дидактикалық тұрғыдан саралап қана 
қоймай, осылардың байланысы арқылы білім берудің әдіс тәсілдеріне 
тоқталдық. 
Оқулық пен оқу құралының байланысы арқылы олардың мазмұн 
сабақтастығын жүзеге асыра отырып білім беруде негізгі мақсаттың бірі-
оқушылардың ӛзіндік іс-әрекетіне, яғни ӛзіндік жұмыс түрлерін орындай 
отырып, білімді ізденушілікпен ӛздігінен меңгеру мәселесін саралап кӛрсету 
болды.Сондықтан да, зерттеу нәтижесі мына тӛмендегідей қорытынды жасауға 
негіз болды: 
- белгілі ғалымдардың, тәжірибелі педагогтар мен психологтардың ғылыми 
еңбектеріне сүйене отырып және олардың қағидаларына негіздеу арқылы 
бейорганикалық химия оқулығы мен оқу құралдарын құрудың педагогикалық-
психологиялық негізі сараланды. 
- оқулық пен оқу құралының мазмұндық сабақтастығы бойынша білім 
берудің оқушылардың теориялық және практикалық дайындығына тигізетін 
тиімді жақтары талданды. 
- оқулық пен оқу құралының сабақтастығы кезінде оқушылардың 
атқаратын ӛзіндік жұмыстарының түрлері мен оларды сабақ барысында және 
сабақтан тыс кездерде қолданудың жүйесі жасалды. 
- зерттеу негізінде ұсынылған әдістер мен ӛзіндік жұмыс түрлері 
педагогикалық эксперимент арқылы байқаудан ӛткізіліп, оның нәтижесі 
қортындыланды. 
Болашақта бұл мәселені тереңдете қарастыруды жалғастыруға мүмкіндік 
бар деген тұжырым айта аламыз. Мәселен, бейорганикалық химия пәні 
бойынша оқушылардың зерттеушілік және жоба қорғау мәселелерін жеке алып 
қарастыруға болады. 


100 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет