31
барлық ғылыми жетістіктерді шоғырландырып кӛрсете отырып, оқулық білім
берудің негізгі мазмұнын ашады, оқушыларды бұл туралы хабардар етеді.
Сондықтан да оның мазмұны қазіргі заман жетістіктерімен,
жаңалықтарын
қамтуы міндетті.
Оқу жоспарларының, бағдарламалар мен оқулықтардың белгілі бір бағытта
қажетті кӛлемдегі тиісті ғылымдардың негізінде берілген материал оқытылатын
пәннің логикалық ішкі сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, оның
политехникалық, еңбектік, тәрбиелік бағытын, оқытудың барлық кезеңінде
оқулыққа қойылатын талаптарды қамтамасыз етеді.
Оқулықтың ақпараттық функциясын толығымен жүзеге асырудың
негізінде, білім мазмұнына енгізілген, оқу пәнінің ғылыми тұрғыда берілетін
мазмұны әрі қарай жетілдіруді керек етеді. Бағдарлама талабы бойынша
берілген оқулықтағы ақпарат кӛлемінің нақты ӛлшемдерін анықтайды, осыған
орай, ол шын мәнінде оқушылардың жүктемелерінің
шамадан тыс артық
болмауын қамтамасыз етеді.
Оқулықта бағдарламадағы негізгі білімдер мен дағдыларға қойылатын
талаптарды айқын тұжырымдап, оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің мақсаттарын
егжей-тегжейлі сипаттап кӛрсетеді.Оқулық мазмұнының ғылымилығы мен
түсініктілігі, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі оларға білім берудің
тиімділігін арттыруда ең басты тірек. Себебі, қандай пәнді оқытсақ та,
оқытудың әдістері оның мазмұнына байланысты анықталады. Бұл оқулықта
берілетін, материалды мұқият ойластыруға,
пәнаралық байланыстарды
қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, оқулықтың ақпараттық функциясының
ойдағыдай іске асуының алғы шарты болып есептеледі.
Тасымалдаушы (трансформациялық)
түрлендіру, ғылыми-техникалық,
дүниетанымдық, кӛркем құндылықты, жаратылыстану және басқа да ғылым-
дарды ӛңдеумен байланысты, дидактикалық қағидалар мен ережелер негізінде
мемлекеттік оқу бағдарламасын қалыптастыру және нақтылау. Бұл жерде ең
алдымен қолжетімділік қағидасы есепке алынады. Қолжетімділікмәтіндер,
тапсырмалар және иллюстарциялар арасындағы ұтымды байланыстың
болуы.Оқу
материалын
мазмұндау,құбылыстар,
заттар,
нысандарды
сипаттаудың нақтылығы мен түсініктілігі. Оқулыққа енген жаңа атауларға
байланысты түсініктемелердің берілуі. Сол арқылы оқушылардың материалды
түсінуіне жеңілдік туады.
Оқулық мазмұны берілетін
білімнің неден басталып,қалай жалғасып,
немен аяқталатынын кӛрсетеді, яғни белгілі бір тақырып бойынша берілетін
білімнің бірізділікпен берілетін жүйесін кӛрсетеді.
Алайда, білім мазмұны ретінде оқулыққа енгізу үшін, белгілі бір білім
деңгейін педагогикалық ӛңдеу – бұл тасымалдаушы функцияның тек бір ғана
сыртқы маңызды бӛлігі. Бұл функция химиядан берілетін білім негіздерін оқу
материалына айналдырумен байланысты (мысалы, тапсырмалар мен
жаттығулар жүйесіне). Онда қоғамның және педагогиканың талаптарын ескере
отырып, химиядан берілетін білімді ӛмірмен, күнделікті ӛздерін қоршаған орта
тәжірибесімен байланыстыруға, сондай-ақ, оқушылардың жасы және басқа да
32
ерекшеліктерін ескеріп, жүйені жандандыру қажеттілігінде
оның эмоциялық-
құндылық қатынастары оқушылардың танымдық әрекеттері әсерінен
танымдық-түрлендіру әсеріне жетеді. Бұл ретте оқушылардың репродуктивті
әрекеттерінен бӛлек, ӛнімді іздестіру әрекеттері, яғни эвристикалық (ішінара
іздеу, бақылау) және шығармашылық (зерттеу, құрастырушылық) әрекеттері
туындайды. Осылардың нәтижесінде оқушылардың білімін жандандыруда
айтарлықтай ӛзгерістерге қол жеткізіледі. Мәселен, белгілі бір заттың
химиялық қасиетін зерттеу барысында ол заттың бір түрден екінші түрге
айналатындықтарына қӛз жеткізу арқылытаңдану, қызығу, қуану сезімдері
күшейеді.
Достарыңызбен бөлісу: