Фактiлiк қате – адамның өзi жасаған қылмыстың объектiсiне жəне объективтiк жағына жататын мəн жайларды қате түсiнуi. Мұндай қателерге:
Қылмыстың объектiсiне қатысты қате,
Қылмыс құрамының объективтiк жағын құрайтын iс жүзiндегi жағдайға қатысты қате.
Объект бойынша қатеде, адам өзiнiң қателесуi салдарынан өзi бағытталған объектiге емес басқа объектiге қол сұғады. Мысалы, адам əскер қоймасынан қару-жарақ салынған жəшiктi ұрлайды, алайда шын мəнiнде онда аяқ киiм, басқа заттар болады. Объект бойынша қатеден қылмыстың заты жəне жəбiрленушiнiң жеке басы бойынша қатенi ажыратқан жөн. Мысалы, адам шетел азаматының ақша салынған əмианын, онда шетел валютасы бар деп ұрлайды, ал шын мəнiнде онда қазақтың теңгелерi бар болып шығады. Ал жəбiрленушiнiң жеке басы бойынша қатеде, мысалы, Н қателесiп А–ны өлтiрудiң орнына қателесiп В–ны өлтiредi. Қасақана адам өлтiрудiң құрамы үшiн А–ның өмiрi де, В-ның өмiрi де тең объект болып табылады. Сондықтан бұл қателесу қылмысты саралауға əсер етпейдi.
Қылмыстың объект жағын құрайтын iс жүзiндегi жағдайларға қатысты қате:
Жасалған əрекеттiң немесе əрекетсiздiктiң сипатына қатысты қатеден,
Қоғамға қауiптi зардаптардың тууына қатысты қатеден;
Себептi байланыстың дамуындағы қатеден тұрады.
Адам өзiнiң əрекеттiң қоғамға қауiптi деп санамайды, ал шын мəнiнде бұл қылмыс құрамын құрайды. Мысалы, медбике сырқат адамның организiмiне қажеттi дəрiнi салудың орнына басқа уколды салады, нəтижесiнде жəбiрленушiнiң өлiмiне əкеп соғады.
Қоғамға қауiптi зардаптардың тууына қатысты қатеде адам қылмыстан келтiрiлетiн зардаптың мөлшерi туралы қате түсiнедi. Мысалы, субьект жəбiрленушiнiң бетiнен ұрғанда одан келген зардап жеңiл болады деп ойлайды. Алайда, бұл ұрудан жəбiрленушi асфальтқа құлап, басы жарылып ауыр жарақат алады.
Себептi байланыстағы қате адамның жасалған əрекет пен одан туған зардап арасындағы себептi байланысты дұрыс түсiнбеуi. Егер қылмыс жасаған адам өзiнiң əрекетiнiң нəтижесiнде қандай зардап болатынын нақты жағдайда оның жауаптылығына оның қателесуi еш ықпал етпейдi. Мысалы, егер субъект жəбiрленушi жүрегiнен пышақпен өлтiргiсi келдi, бiрақ ол артерия тамырының жаралануынан көп қан жоғалтқанынан қайтыс болады.