Қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамы деп – қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамы болмаса қылмыстық жауаптылық жүзеге аспайды. Заңдылық талабын дұрыс жүзеге асыру қылмыс істеген адамға заңды дұрыс қолданып, оның әрекетіне заң талабына сай баға беру болып табылады.
Қылмыстың Элементтері: Қылмыстың объектісі болып қылмыстық құқық нормаларымен қол сұғылған үшін жауапкершілік көрсетілген қоғамдық қатынастар.
Қоғамдақ қатынастар - адамдар арасындағы байланыстар және олардың белгілі бір құндылықтар жайлы тәртібі.
1. Жалпы объектісі деп қылмыстық заң нормасы арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Әр қылмыс барлық уақытта қоғамдық қатынастардың белгілі бір түріне қиянат келтіруінің өзі қоғамдық қатынастардың барлық қылмыстың жалпы объектісі екендігін көрсетеді.