Себептік байланыс: әрекет және әрекетсіздікпен туындаған зардаптың арасында пайда болған объективті байланыс. Себебі, іс әрекет мағыналығына, орын алуына қарай соған сәйкес келетін зардап туындайды. Объективтік байланыс: қажетті, кездейсоқ. Себепті байланыс: тікелей, қажетті.
Факультативті белгілері: қылмыс жасалған жері, уақыты, қылмыс жасау тәсілі, қаруы және құралы. Іс-әрекеттің объективтік жағы болмаса онда объектіге қолсұғушылық та іс-әрекеттің объективті белгілерінің көрінісі ретінде қылмыстың субъективтік жағы да, субъектісі де болмайды. Және де қылмыстың басқа элементтерімен бірге объективтік жағы жасалған іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік деңгейін тұлғаның кінәсін анықтайды және де тағайындалатын жазаның сипатына әсер етеді. Жасалған iс-əрекеттiң қауiптiлiк дəрежесiне ықпал ететiндiктен жазаның түрi мен мөлшерiн анықтау кезiнде мiндеттi түрде фак белгілер ескерiледi. Көбiнесе бұл белгiлер жауаптылықты ауырлатушы жағдайлар ретiнде танылады.