Қылмыс деп танылады. Қылмыстық теріс қылық


Кінә екі нысаны: қасақана және абайсыздық



бет9/29
Дата07.02.2022
өлшемі71,63 Kb.
#84217
түріКодекс
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Байланысты:
ҚҚ 3,4,5 Қылмыс Құрамы

Кінә екі нысаны: қасақана және абайсыздық.
Қасақаналық - кiнəнiң көп кездесетiн нысаны. Қасақаналық қылмыстық заңда қоғамға қауiптiлiгi жағынан жоғары болғандықтан абайсыздыққа қарағанда кiнəнiң анағұрлым ауыр нысаны ретiнде қаралады. Өйткенi, саналы түрде қоғамға зиян келтiруге бағытталған қасақана əрекеттiң абайсыздыққа қарағанда қоғамға қиян келтiру мүмкiндiгi мол. Тікелей және Жанама.
Тiкелей қасақаналықта адам: пиғылмен

  1. өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптiлiк сипатын ұғынады;

  2. қоғамға қауiптi зардаптардың болуы мүмкiн екенiн немесе болмай қоймайтынын алдын ала бiледi;

  3. осы зардаптардың болуын тiлеуi.

Жанама қасақаналықта адам:

  1. өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптiлiк сипатын ұғынады;

  2. оның қоғамға қауiптi зардаптарының болуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлуi;

  3. осы зардаптардың болуын тiлемесе де, оған саналы түрде жол бередi не бұған немқұрайды қарайды.

Тiкелей қасақаналық пен жанама қасақаналықтың негiзгi айырмашылығы ерiктiлiк кезеңдерiнде. Егер тiкелей қасақаналықта ол қоғамға қауiптi зардаптың болуын тiлеумен сипатталса, ол жанама қасақаналықта – кiнəлi адам бұл зардаптың болуын тiлемейдi жəне зардаптың болуына саналы түрде жол берiп, немқұрайды қарайды.


Кез келген психологиялық актiге, соның iшiнде кiнəге əртүрлi дəрежеде кiретiн үш компонент бар – интеллектуалдық, ерiктiлiк жəне эмоцияналдық (сезiмдiк).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет