Қылмыс деп танылады. Қылмыстық теріс қылық


Жазықсыз зиян келтірудің және оның құқықтық салдары



бет12/29
Дата07.02.2022
өлшемі71,63 Kb.
#84217
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Байланысты:
ҚҚ 3,4,5 Қылмыс Құрамы

Жазықсыз зиян келтірудің және оның құқықтық салдары.

  • Егер iс-әрекет жасаған адамның iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) және одан кейiн пайда болған қоғамдық қауiптi зардаптар оның ниетiмен қамтылмаса, ал осы Кодексте абайсызда мұндай әрекет жасағаны және қоғамдық қауiптi зардаптар келтiргенi үшiн қылмыстық жауаптылық көзделмесе, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.

  • Егер әрекет жасаған адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамдық қауiптiлiгiн ұғынбаған және iстiң мән-жайы бойынша ұғына алмаған болса, не қоғамдық қауiптi зардаптардың пайда болуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлмесе және iстiң мән-жайы бойынша оларды алдын ала бiлуге тиiс болмаса немесе бiлуi мүмкiн болмаса, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.

  • Егер әрекет жасаған кезде қоғамға қауiптi зардаптардың пайда болуын алдын ала бiлген адам оны болғызбауға жеткiлiктi негiзде сенген болса не өзiнiң психика-физиологиялық қасиеттерiнiң қысылтаяң жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуiне немесе жүйке-психикалық ауыртпалықтарға байланысты осы зардаптарды болғызбауға шамасы келмесе де, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет