Кінәнің қос нысаныменжасалған қылмыстар.
Көп жағдайларда қылмыс бір ғана қылмыс нысаны арқылы істеледі. Кейбір жағдайларда қылмыстың екі нысаны кездесуі мүмкін. Кінәнің қос нысанын ҚК 22 бабы «егер қасақана қылмыс жасаудың салдарынан заң бойынша неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын және адамның ниетімен қамтылмаған ауыр зардаптар келтірілсе, мұндай зардаптар үшін қылмыстық жауаптылық, егер адам олардың пайда болатынын алдын ала білсе, бірақ осыған жеткілікті негіздерсіз оларды болдырмауға менмендікпен сенген жағдайда немесе адам бұл зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдын ала білмесе, бірақ болжауға тиіс және болжай алатын болған жағдайда ғана пайда болады» деп анықтаған. Кінәнің аралас нысандарына Қылмыстық кодекстің 103 бабының 3 бөлігіндегі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруден жәбірдленушінің қазаға ұшырауы, 152 бапта көрсетілген еңбек қорғау ережелерін бұзу, 117 баптың 4 бөлігіндегі заңсыз аборт жасаудан жәбірленушінің қаза болуы немесе басқа да ауыр зардаптарға әкеліп соқтырушы құрамдар жатады . Кінәнің қос нысаны бар қылмыс үшін жауаптылық заң баптарында арнайы көрсетілмесе, онда қылмыстар жиынтығымен сараланады.