Қылмыстық құқық бұзушылық субъектiсi – қылмыс не қылмыстық теріс қылық құрамының мiндеттi элементтерiнiң бiрi. Есi дұрыс, қылмыстық заңда белгiленген жасқа толған қылмыс жасаған адамдар ғана қылмыс субъектiсi бола алады. ҚК-нің Жалпы бөлiмiнде қылмыстық құқық бұзушылық субъектiсiнiң белгiлерiн анықтайтын бiрнеше нормалар қарастырылған.
ҚК-ң 15-бабының 1-бөлiгiне сəйкес ″қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа жатады″.
ҚК 15-бабы қылмыстық құқық бұзушылық субъектiсiн сипаттайтын негiзгi үш белгісін қарастырады:
жеке адам,