Қолданыстағы қылмыстық заңға сəйкес жалпы қылмыстық жауаптылық туындайтын жас – 16 жас, ал ҚК 15- бабының 2-бөлiгiнде көрсетiлген қылмыстардың түпкiлiктi тiзiмi үшiн –14 жас деп белгiленген:
Қылмыс жасаған уақытта он төрт жасқа толған адамдардың адам өлтiргенi (99-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi (106-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiргенi (107-баптың екiншi бөлiгі), зорлағаны (120-бап), Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның есiнiң дұрыс болуы жəне қылмыстық заңмен белгiленген жасқа толуы қылмыстық құқық бұзушылық субъектiсiнiң жалпы заңдық белгiлерi болып табылады жəне олар барлық қылмыс не қылмыстық теріс қылық құрамдары үшiн мiндеттi.
Ал ″қылмыстық құқық бұзушылық субъектiсi″ ұғымы, есi дұрыстық жəне қылмыстық жауапқа тартылу жасына толу белгiлерiн қамтиды. Қылмыскердiң жеке басының ерекшелiктерi жаза тағайын дағанда, оны жеке даралағанда, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату жəне т.б. мəселелердi шешу кезiнде ескерiледi.