Қылмыс деп танылады. Қылмыстық теріс қылық


Қылмыс құрамы элементтері | түрелрі



бет24/29
Дата07.02.2022
өлшемі71,63 Kb.
#84217
түріКодекс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
ҚҚ 3,4,5 Қылмыс Құрамы

Қылмыс құрамы элементтері | түрелрі:
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен мәніне қарай қылмыс құрамдары: негізгі құрам, жауаптылықты ауырлататын құрам, жауаптылықты жеңілдететін құрам болып бөлінеді.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың негізгі құрамы – іс-әрекеттің белгілі түрі бойынша онда негізгі, тұрақты белгілердің болуын айтамыз. Негізгі қылмыс құрамында қылмысты ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар көрсетілмейді. Мысалы, ҚК-188-бабының бірінші бөлігінде көзделген ұрлық құрамы. Онда ұрлықтың жай түрі ғана көрсетілген, жауаптылықты ауырлататын және жеңілдететін түрлері көрсетілмеген.
Егер қылмыс құрамында осы әрекеттің негізгі белгілерімен қатар жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар да көрсетілсе, онда мұндай қылмыс құрамы ауырлататын (сараланған) құрам деп аталады. ҚК-тің 188-бабаның 2-бөлігінде ұрлықтың сараланған түрлері көрсетілген. Олар:

  1. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

  2. тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен;

  3. ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық

Негізгі белгілерінің болуымен қатар жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән жайлар көрсетілсе, онда ондай қылмыс құрамын жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамы деп атаймыз. Мұндай қылмыс құрамдарына ҚК-тің 101-103-баптарында көрсетілген қылмыс құрамдары жатады.
Қылмыс құрамының белгілерін заңда сипаттау тәсіліне байланысты қылмыс құрамдары: жай қылмыс құрамы, күрделі қылмыс құрамы және балама қылмыс құрамы болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет