Формальдық қылмыс құрамдары әрекеттің қоғамға қауіптілігі жоғары болуына байланысты қылмыстық - құқықтық шектеу белгіленіп және аяқталу кезеңі қылмысты деп танылған іс-әрекеттің жасалуымен анықталатын құрамдар болып табылады. Қылмыстың формальдық құрамдары дегеніміз қылмысты аяқталған деп санау үшін қылмыстық заңда көзделген әрекетті жасау жеткілікті болатын құрамдар, бұл жерде зардап қылмыстың міндетті белгісі болуы шарт емес. Мысалы, Мемлекеттік опасыздық, шпионаж, зорлау формальдық құрамға жатады.