Материалдық құрамдар ретінде қылмыстың аяқталу кезеңі туындауы мүмкін зардаптардың пайда болуымен анықталатын құрамдар танылады. Іс-әрекеттің нәтижесінен болатын зардап қылмыс құрамында көрсетілсе ондай қылмысты материалдық қылмыс құрамы деп атайды. Кейбір қылмыстар табиғатынан заңмен қорғалатын объетілерге белгілі бір зардаптар келтірумен ерекшеленеді. Мұндай қылмыс құрамы іс-әрекет жасалған уақыттан бастап қана емес, заңда көрсетілген қылмыстың зардабы болған уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Материалдық құрамдарда қылмыс құрамының міндетті белгісінің бірі материалдық зардаптар болып табылады.