Қылмыстың жай құрамы дегеніміз қылмыс құрамының белгілерінің біркелкі болуы, яғни оның бір ғана объектісі, бір ғана объективтік жағы ғана болуы. Мысалы, ҚК-тің 188-бабының 1-бөлігі.
Қылмыстың күрделі құрамы дегеніміз құрамының қандай да бір элементінің (объектінің, объективтік жағының, субъективтік жағының, субъектінің) күрделенуі орын алатын құрам. Мысалы, ҚК-тің 192-бабында қарақшылық жасағанда екі объектіге бірдей қол сұғушылық жасалады меншікке және адамның жеке басына, сонымен қатар осы баптың 3-бөлігінде денсаулыққа ауыр зиян келтірумен, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қарақшылық, бұл жерде кінәнін екі нысанымен жасалған қылмыс.