Қылмыстың субьективтік жағының қосымша белгілері және олардың мәні. Кiнəлi адам неге жəне не үшiн қылмыс жасады деген сұраққа кiнə жауап бермейдi. Бұл сұрақтарға жауапты қылмыс құрамының факультативтi белгiлерi болып табылатын қылмыстың ниетi мен мақсаты бередi.
Ниет –бұл адамды қылмыс жасауға итермелейтiн iшкi сезiм.
Ал, мақсат –бұл қылмыс жасаушы адамның қылмыс жасау арқылы қол жеткiзуге ұмтылатын нəтижесi.
Қылмыстың ниетi мен мақсаты қылмыстық заң диспозициясында тiкелей көрсетiлген жағдайларда қылмыс құрамының мiндеттi белгiлерiнiң қатарына қосылады. Мысалы, ҚК-нiң 237- бабындағы “бандитизм” құрамының субъективтiк жағының мiндеттi белгiсi болып азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсаты табылады.