Факультативтік тікелей объект - қылмыс жасаған кезде зиян келтіру қаупі туатын, бірақ қылмыс құрамының негізгі элементіне жатпайтын, қылмыстық заңмен қорғайтын қоғамдық қатынастарды айтамыз.
Қылмыстың объективтік жағы - Қылмыстың құрамының объективтік жағы - қылмыстық қол сұғушылықтың сыртқы процесін бейнелейтін заңмен бекітілген қылмыс белгілерінің жиынтығы.
Қылмыстың объективтік белгілерінің болуы қылмыстық жауапкершіліктің негізі болады және олар заңда көрсетілген. Сол себепті қылмыстық жауапкершілікке тек қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекеттер үшін ғана тартуға болады. Тек ойы, көзқарасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Нақты қылмыс үшін жауапкершілік көрсетілген қылмыстық заңда объективтік жағына жақсы түсінік беріледі. Ерекше бөлімнің кейбір баптарында қылмысты қылмыс еместен бөлетін критерилері ретінде объективтік жақтар белгілерін көрсетеді. Бір немесе әртүрлі объектілерге қол сұғылатын қылмыстар бір-бірінен іс-әрекеттің формасымен, қылмысты жасау тәсілімен, келтірілген зардабымен және басқа да объективтік жағының белгілерімен ерекшеленеді. Ұрлықтың 7 тәсілі ұрлықтың 7 формасын белгілейді. Қылмыстың объективтік жағының белгілері негізгі және факультативті болып бөлінеді. Негізгі, міндетті белгілеріне: қылмыстық іс-әрекет (әрекет, әрекетсіздік) қылмыстық зардап; себептік байланыс,
Іс әрекет: әрекет (орындауға қылмыстық заң тийым салған және ерекше бөлім баптарында көрсетілген жүріс тұрыстарының бір формасы), әрекетсіздік (адамның тиісті іс әрекетті орындамауы, қоғамға қауіптілік білдіретін заңда анықтайтын жүріс тұрыс ережесінің бір формасы).
Зардап: мүліктік (матер.зардап мүліктік немесе ақшалай сомасында келетін зардап түрлерін білдіреді. Көлемі бойынша: ұсақ, жай, елеулі, ірі, аса ірі), физический (өмірге, денсаулыққа келетін зардаптар: жеңіл, орташа, ауыр), моральдық (ар намысына тиетін зардаптар, олардың құрамы қылмыстық құқықта анықталмаған).