2. Топтық, тектік объект - дегеніміз қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі болып табылады. Мысалы, қарақшылық, басқа біреудің мүлкін ұрлау, тонау, оны алаяқтыұпен алу, бір топтық объектіге - басқа біреудің мүлкіне меншігіне байланысты қарсы қоғамдық қатынастарға қылмыстық қол сұғуды білдіреді. Осыған байланысты бір топтық объектіге қол сұғылатын қылмыстар ҚК-тің Ерекше бөлімінің бір тарауына жиналған.
Қол сұғушылықтың топтық объектісі кодекс тарауының атында көрсетіледі, кей жағдайда заңшығарушымен Ерекше бөлемнің бабында көрсетіледі, ал кейде қылмыс құрамының әлеуметтік саяси анализі арқылы пайда болуы мүмкін.Сол себепті ҚК Ерекше бөлімін құру кезінде топтық объект алынады және топтық объектілерге байланысты тарауларға бөлінеді. Топтық объект қылмыстар және жасағаны үшін жауапкершілік көзделетін нормаларды заңды, ғылыми жіктеуге жол ашады.