1.2 Қылмыстық құқық бұзушылықтың зардаптың түсінігі және оның түрлері
Қоғамға қауіпті зардаптар дегеніміз қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаудың нәтижесінде қылмыстық занмен қорғалатын коғамдық қатынастарға зиян келтіру.
Кез келген оқиға немесе әрекет сыртқы әлемге қалай да бір өзгеріс алып келеді, зардап тудырады.
Қоғамға жасалған қауіпті іс-әрекеттің заңмен қорғалатын қатынастарға және саяси, әлеуметтік, экономикалық саладағы мүдделерге, мораль мен өнегеге зиян келеді.
Қылмыс адамның жеке басына қарсы жасалғанда ол адамның қаза табуы немесе оның денсаулығына зиян келуі мүмкін. Экономика саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерге немесе мемле- кетке зиян келтіреді.
Қолданыстағы Қылмыстық кодексте кандай қауіпті зардаптар болатындығына қарай әртүрлі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады: ауыр зардаптар, ірі мөлшер, ірі залал, едәуір залал, елеулі зиян, елеулі материалдық залал және г. б. Бұл ұғымдар мен терминдердің біразында бағаберушілік сипат бар, оларға түсініктеме керек. Сот практикасын зерделеу негізінде ондай түсініктемені Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты бере алады, басқа ұтымдарды заң шығарушы кылмыстык заңның өзінде, ҚК баптарына
берілген ескертулерде ашады.
Қылмыстық зардаптарды материалдық және материалдық емес деп екі топқа бөлуге болады.
Көп жағдайларда материалдық зардаптарға азаматтарға, қоғамдық ұйымдар мен мекемемлекетке келген мүліктік залал. адамның жеке басына келген физикалык зиян жатады. Материалдық емес зардаптарға моральдық, саяси, ұйымдық және басқа материалдық емес зиян жатады.
Материалдық зардаптар мүліктік сипаттағы зардаптарға және азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге белінеді.
Мүліктік залал ретіндегі материалдық зардапты заң шығарушы ақшамен өлшейді. Мысалы, ҚК-нің 192-бабының ескертуінде ірі мөлшер немесе ірі залал деп қылмыс жасалу сәтінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктің құны мен залалдың мөлшері делінген. Мұны 6-тараудың («Меншікке қарсы қылмыстар») барлық баптарына қолдануға болады.
Жеке басқа келген зардаптарға мұндай сандық өлшем кейде жарамайды. Мысалы, адам өлімінде өлшем жоқ. Бірақ денсаулыққа келген зиян жеңіл, ауырлығы орташа және ауыр деп бөлінеді. Материалдық емес зардаптар мекемелердің қалыпты жұмысын, қоғамдық тәртіпті бұзудан көрініс табады. Мысалы, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар, бұзақылық.
Материалдық емес зардаптар адамның ар-намысын таптаудан, оның мүліктік емес құқықтарын бұзудан да көрініс табады. Мысалы, өсек тарату, қорлау, авторлық құқықты бұзу және басқадай моральдық зиян келтіру.
ҚК-нің баптарында заң шығарушының қылмыстың объективтік жағын қалай қалыптастырғанына қарай қылмыс құрамдарын материалдық, формальды, келте деп бөлуге болады.[4,103бет]
Қылмыстық iс-əрекет (əрекет немесе əрекетсiздiк) кез келген қылмыстың объективтiк жағының мiндеттi белгiсi, өйткенi ол объективтiк жағының негiзi, өзегi ретiнде танылады. Əрекет немесе əрекетсiздiк қоршаған ортамен өзара əрекеттесудiң əртүрлi нысанында жəне белгiлi бiр жағдайларда, уақытта жəне орында жасалуы мүмкiн.
Қылмыстық құқықтық мағынада iс-əрекеттiң құқықтың белгiлерi бар, олар қоғамға қауiптiлiк жəне құқыққа қайшылық. Iс-əрекеттiң қоғамға қауiптi белгiсi, яғни қылмыс болып табылатын iс-əрекет қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғады жəне елеулi зиян келтiредi немесе осындай зиян келтiру қаупiн туғызады дегендi бiлдiредi. Сондықтан, қылмыстық заң бойынша қылмыстық заңмен тыйым салынған əрекет, егер оның қоғамға қауiптiлiгi мардымсыз, шамалы болса қылмыстық iсəрекет деп танылмайды. Iс-əрекеттiң құқыққа қайшылық белгiсi бойынша, əлеуметтiк баға, көзқарас тұрғысынан қарағанда қоғамға қауiптi болып табылатын əрекеттер, егер олар қылмыстық заңда қарастырылмаған болса да қылмыстық iс-əрекет деп танылмайды.
Iс-əрекет нақты, саналы жəне ерiктi түрде жасалғанда ғана қылмыстық сипатқа ие болады. Адамның əрекетi оның еркiнiң сыртқы көрiнiсi, ол саналы түрде жəне белгiл бiр мақсатқа жету үшiн жасалуы тиiс. Əрекеттiң сипаты адамның еркiмен жасалған болса ғана оның кiнəсi туралы мəселе туындайды. Сондықтанда адамның рефлекторлық, яғни сыртқы əсер етуден пайда болған дене қозғалысын, сандырақтап жатқан ұйқыдағы адамның қимылын адамның саналы, ерiктi iс-əрекетi деп қарауға болмайды, себебi ол əрекеттер адамның өз ырқына бағынбайды. Мысалы, ырық бермейтiн табиғат күшiнiң немесе дүлей күш көрсетудiң əсерiне ұщыраған адамның əрекетi қылмыс емес. Сонымен бiрге, егер күштеп мəжбүрлеудi жеңе алмады делiк, мұндай жағдайда жасалған қоғамға қауiптi iс-əрекет оны жасаған адамның қылмыстық жауаптылығын болдырмайтын мəн-жайға айналады. Сонымен, қылмыстық iс-əрекет қоғамға қауiптi, қылмыстық құқыққа қайшы, саналы жəне ерiктi түрде жасалғанда ғана қылмыстық жауаптылыққа əкеп соғады.
Қылмыстық iс-əрекет əрекет немесе əрекетсiздiк түрiнде көрiнедi.
Əрекет адамның белсендi iс-қимылы жəне қоғамға қауiптi iс-əрекеттiң кең тараған түрi. ҚР ҚК Ерекше бөлiмiнде қарастырылған қылмыстардың басым көпшiлiгi осы белсендi əрекетпен жасалады. Кез келген əрекеттiң негiзiнде адамның белгiлi бiр мақсатқа жетудi жүзеге асыруға бағытталған саналы дене қимылы жатыр. Қылмыстық əрекет адамның бiр əрекетiнен немесе бiрқатар жеке, бiр бiрiмен байланысқан əрекеттерiнен құралады. Мысалы, адам бiр қылмысты жасау үшiн оған ең алдымен дайындалады (қылмыстың орнын, уақытын, қаруын iздеу жəне т.б.).
Қылмыстық əрекеттердi жасау кезiнде субъект əртүрлi қаруларды, механизмдердi, техникалық процестердi, жануарларды немесе басқа адамдарды, олардың есiнiң дұрыс еместiгi, жастығын немесе жағдайды ұғына алмауын пайдаланып қылмыс жасауы мүмкiн. Мысалы, егер қылмыс субъектiсi үйретiлген иттi пайдаланып басқа адамның денсаулығына зиян келтiрсе, мұнда ит қылмыс құралы болып табылады да, иттiң иесi қылмыстың субъектiсi ретiнде жауапқа тартылады.
Əрекетсiздiк - қоғамға қауiптi iс-əрекеттiң екiншi түрi. Əлеуметтiк жəне құқықтық қасиетi бойынша əрекетсiздiк əрекетке ұқсас. Ол да əрекет сияқты сыртқы дүниеге белгiлi бiр өзгерiс əкелуге жəне əсер етуге қабiлеттi. Алайда, əрекетке қарағанда əрекетсiздiк адамның белгiлi бiр əрекеттi жасауға мiндеттi немесе оны жасауға мүмкiндiгi бола тұра сол əрекеттi жасамау түрiндегi бəсең, енжар əрекетi.
Қылмыстық заңда объективтiк жағы əрекетсiздiкпен сипатталатын қылмыстар бар, бiрақ шамалы.
Əрекетсiздiк қылмыстық заңға қайшы болса ғана қылмыстық-құқықтық мағынаға ие болады, яғни əрекет жасау мiндеттiлiгi қылмыстық заң нормалары талаптарынан туындауы тиiс.
Əрекетсiздiк үшiн қылмыстық жауаптылыққа тартудың мiндеттi шарттары болып, адамның заңда жүктелген мiндеттердi орындамауы жəне орындауға мүмкiндiгiнiң болуы табылады. Нақты əрекеттердi жасау мiндеттерi адамға заң тарапынан, кəсiби немесе қызметтiк жағдайынан жүктелуi мүмкiн. Мысалы, ҚК 152-бабы бойынша, қауiпсiздiк техникасын, өндiрiстiк санитария ережелерiн немесе еңбектi қоғаудың өзге де ережелерiн осы ережелердi сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттер жүктелген адамның бұзуы қылмысында ҚР еңбек туралы заңының талаптарын орындамау түрiндегi əрекетсiздiк. Қызметтiк мiндеттi орындамау түрiндегi əрекетсiздiк, мысалы, ҚК 119-бабы бойынша науқасқа дəрiгердiң көмек көрсетпеуi түрiндегi əрекетсiздiк.
Əрекетсiздiк үшiн жауаптылық мiндеттен басқа, адамның өзiне жүктелген мiндеттi орындауға мүмкiндiгi болған кезде ғана қарастырылады. Əрекет етуге мүмкiндiгiнiң бар екендiгiн анықтауда белгiлi бiр нақты жағдайдағы адамның мүмкiндiктерi ескерiледi. Егер қажеттi жəне мiндеттi əрекеттер адамның еркiнен тыс жағдайларға байланысты орындалмаса, ол адам əрекетсiздiк үшiн жауаптылыққа тартылмауы тиiс. Белгiлi бiр нақты жағдайда адамның жүктелген мiндеттi орындауға мүмкiндiгiнiң болған, болмағандығы туралы мəселенi сот қылмыстың объективтiк жағдайларын жəне адамның субъективтiк мүмкiндiктерiн ескере отырып шешедi.
Қылмыс құрамы объективтiк жағының келесi белгiсi болып қоғамға қауiптi зардаптар немесе қылмыстық зардаптар табылады.
Қылмыстық зардаптар деп адамның əрекетi немесе əрекетсiздiгi нəтижесiнде қоршаған ортада болған жəне қылмыс құрамының объективтiк белгiлерiне жататын өзгерiстердi түсiну қажет.
Кез келген қылмыстық əрекет немесе əрекетсiздiк қылмыстық заңмен қорғалатын жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне қол сұғады, сондықтан ол зиянды, қауiптi. Ол зиян келтiре отырып қоғамдық қатынасты бұзады жəне осы қатынастарда зиянды өзгерiстердi тудырады.
Сипатына қарай қоғамға қауiптi зардаптарды екi үлкен топқа бөлу қалыптасқан:
1) материалдық зардаптар
2) материалдық емес зардаптар
Көп жағдайларда материалдық зардаптарға азаматтарға, заңды тұлғаларға жəне мемлекетке келтiрiлген мүлiктiк зиянды жəне жеке адамға келтiрiлген дене зиянын жатқызады. Яғни, материалдық зардаптар сыртқы дүниенiң белгiлi бiр заттарын жою, бүлдiру, қасиетiн өзгертумен немесе оларды тұрақты немесе уақытша пайдалану мүмкiндiгiнен айырумен байланысты зардаптар ретiнде түсiндiрiледi.
Сонымен, материалдық зардаптарға тiкелей келтiрiлген зияндар, алынбаған пайда, қажеттiнi алмау азаматтың денсаулығына келтiрген зиянды қалпына келтiрумен байланысты шығыстар жатқызылады.
Мүлiктiк зиян түрiндегi материалдық зардаптарды оның құнының өлшемiмен немесе ақшалай есептейдi. Бұл меншiкке қарсы қылмыстардың барлығында кездеседi жəне экономикалық мүддеге қарсы қылмыстар тарауында көптеп кездеседi. Қылмыстық заңның өзiнде қылмыстардың материалдық мүлiктiк зардабы мына көрсеткiштермен де анықталады ″iрi мөлшер″, ″iрi зиян″, ″елеулi мөлшер″ жəне т.б.
Ал жеке адамға келтiрiлген дене зиян түрiндегi материалдық зардаптар мүлiктiк зиянға қарағанда сандық жағынан өлшенбейдi. Мысалы, адамның денсаулығы немесе биологиялық өлiмiн өлшеу мүмкiн емес. Зиян келтiру дəрежесiн бағалау адам денсаулығының нақты жағдайымен анықталады. Бұл жөнiнде ҚР Қылмыстық Кодексi адамның денсаулығына зиян келтiрудiң үш түрiн қарастырады – ауыр, орташа жəне жеңiл. Денсаулыққа келтiрiлген зиянның ауырлық дəрежесi медициналық көрсеткiштермен анықталады.
Материалдық емес зардаптар деген қылмыстық заңмен қорғалатын қатынастарға қатысушылардың мүдделерiн сыртқы дүниенiң материалдық заттарына жəне адамның денесiне əсер етпей бұзумен ұщтасқан жағымсыз өзгерiстердi бiлдiредi. Материалдық емес зердаптарға – саяси, моральдық, ұйымдастырушылық, əлеуметтiк жəне т.б. зияндар жатады. Мысалы, саяси зиян - мемлекеттiң конституциялық құрылысы мен қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстарда ұйымдастырушылық зиян- мемлекеттiң қызмет мүдделерiне, басқару тəртiбiне қарсы қылмыстарда, ал моральдық зиян – жеке адамға қарсы қылмыстарда, адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстарда кездеседi.
Қылмыстық заң қылмыс арқылы бұзылған қоғамдық қатынастың əлеуметтiк құндылығын, зиянның пайда болу себептерi мен оның мөлшерiн, əрекеттiң субъектiлерi мен оның субъективтiк жағын жəне басқа бiрқатар жағдайларды ескерiп жəне осыған байланысты қылмыстық-құқықтық қатынастың пайда болуын зиянның тууымен байланыстырып немесе байланыстырмай анықтайды. Сондықтан бiр жағдайларда қылмыстық зардап қылмыстық-құқықтық қатынасты тудырушы заңдық фактi ретiнде танылып заңның тиiстi бабының диспозициясында көрiнiс табады. Ал екiншi жағдайларда қылмыс зардабы қылмыс құрамының факультативтi, мiндеттi емес элементi ретiнде қарастырылады. Осыған байланысты қылмыс құрамдарын материалдық жəне формальдық құрамдарға бөлу негiзделген.
Сонымен бiрге, қылмыстық зардаптың ауырлық дəрежесi Қылмыстық Кодекстiң тиiстi баптарындағы ауырлатылған немесе аса ауырлатылған қылмыс құрамдарын бөлудiң негiзiнде жатыр. Мысалы, адам өлiмi ауырлатылған қылмыс құрамының белгiсi ретiнде ҚК көптеген баптарында (99-бап) қарастырылған.
Қоғамға қауiптi зардаптардың маңыздылығын мына жағдайлар түсiндiредi:
1) Қоғамға қауiптi зардаптар əрекеттi қылмыстандырудың басты негiзi болып табылады;
2) Қоғамға қауiптi зардаптар барлық қылмыс құрамдарының мiндеттi элементi бола тұра қылмысты саралауға қатысады;
3) Қоғамға қауiптi зардаптар жаза тағайындау кезiнде жауаптылықты ауырлататын жағдайлар ретiнде ескерiледi;
4) Қоғамға қауiптi зардаптар қылмысты қылмыс емес құқықбұзушылықтардан жəне аморальдық əрекеттерден ажыратудың критерийi болып табылады.[1,33бет]
Адамның істеген кез келген іс-әрекеті сыртқы дүниеде белгілі бір өзгеріс туғызады. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттер де қоғамға зиянды өзгерістер туғызуға немесе соны болдыру қаупін туғызуы мүмкін. Ic- әрекет арқылы келтірілген нақты зиянды анықтау арқылы материалдық өмірге нақты қандай өзгерістер келтірілгенін білеміз.
Қылмыстық құқық бұзушылық үшін - бұл қылмыстық заңда көрсетілген
қоғамдық қатынастарға әрекет немесе әрекетсіздік арқылы келтірілген зиян болып табылады.
Жаңа қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде көрсетілген нормаларға талдау жасап, іс-әрекетті істеу арқылы заң қорғаған, Қылмыстық кодекстің тиісті бабының диспозициясында бейнеленген қоғамдық қатынастарға қандай өзгерістер келтірілетінін анықтаймыз. Мысалы, мемлекеттің Конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды (5-тарау) істегенде мемлекеттің конституциялық құрылысын, егемендігін және мемлекеттің қауіпсіздігін реттейтін қоғамдық қатынастарға теріс өзгерістер келтіріледі. Меншікке қарсы қылмыстарды (6-тарау) істегенде меншік иесіне тікелей материалдық залал келтіріледі. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықта (1-тарау) әр түрлі зардаптар - адамның өмірін жою, әр түрлі дәрежеде жарақат келтіру, жыныстық немесе адамгершілік қатынастарды бұзу зардаптары келтіріледі.
Қылмыстық кодекстің нақты баптарының диспозицияларындағы қоғамға зиянды зардаптарды анықтау үшін заң шығарушы әр түрлі тер- миндерді, түсініктерді қолданады.
Көп жағдайларда заң шығарушы қоғамға зиянды нақты іс-әрекеттен туындайтын зардаптардың бірнеше балама түрлерін көрсетіп берген.
Мысалы, Қылмыстық кодекстің 292-бабының 1-бөлігінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға жауапты адамның қауіпсіздік ережелерін бұзуы абай- сызда адамның денсаулығына ауыр, орташа зиян келтірсе, ұйымға, мем- лекетке ірі зиян келтірсе, 106-баптың 1-бөлігінде: Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, ал осы баптың екінші бөлігінде екі немесе одан да көп адамға, адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына, кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға, сол сияқты адамды ұрлаумен; адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша, бұзақылық ниетпен; әлеуметтік, ұлттық нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша және тағы басқа заңды көрсетілген іс-әрекеттер арқылы қасақана ауыр зиян келтіру» делінген. Осы сияқты баптардағы бірнеше балама зардаптың біреуін орындағанның өзінде-ақ іс-әрекетте қылмыс құрамы бар деп есептелінеді.
Заң шығарушы қоғамға зиянды іс-әрекеттен келтірілетін зиянды анықтағанда «ауыр зардап», «елеулі бұзу», «едәуір зиян» деген түсініктерді қолданады. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 345-бабы көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа зиян келтірсе, қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік туындайтынын белгілеген. Лауазым адамы қызмет бабына қиянат жасаса (361-бап), салақтық жасаса (371-бап), мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерге, я болмаса азаматтардың құқықтарына және олардың заң қорғайтын мүдделерін елеулі бұзған жағдайда ғана қылмысқа тартылатыны атап көрсетілген. «Ауыр зардап», «елеулі зиян», «елеулі бұзу» деген түсініктер бағалау категориясы болып табылады және олар 2014 жылы қабылданған Қылмыстық кодекстің 3-бабында осы Кодексте қамтылған кейбір ұйымдарға түсініктеме берілген. Мысалы, осы баптың өзінде адамды қанау, елеулі залал және оның мөлшері, ауыр зардаптар т. б. Ұғымдарға заңдылық түсінік берілген. Мұндай түсініктер қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағандардың қылмыстық қайшы жасаған қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттін дұрыс саралауға мүмкіндік береді.
Адамға күш қолдану немесе басқадай материалдық игіліктерге тікелей әсер ететін қоғамға зиянды зардабы көп жағдайларда материалдық түрде болуы мүмкін. Мысалы, кісі өлтірудің зардабы - кісі өлімі, денеге жарақат түсірудің зардабы - әр түрлі дәрежедегі дене жарақаты. Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықта одан мүліктік зардап туындайды. Тікелей мүліктік зиян немесе тиісті табыс көзінен айырылуы т. б.
Қоғамға қауіпті істелген іс-әрекетті дұрыс саралауды шешу үшін көп жағдайларда келтірілген жағдайлардың түрін ғана емес, оның шамасын анықтаудың маңызы зор. Көрсетілген белгі бойынша денсаулыққа зиян келтіру ауыр, орта болып белгіленген (ҚК, 107, 108-баптар). Материалдық залалдың мөлшері кейде заңның өзінде атап көрсетіледі. 2014 жылы қабылданған Қылмыстық кодекстің 3-бабында осы Кодексте көрсетілген кейбір ұйымдарға түсініктеме берілген.
Қылмыстық құқықта заң шығарушының тиісті бапта көрсетілген нақты қылмыс құрамының объективтік жағын белгілеуге байланысты құрам материалды және формальды деп екі түрге бөлінеді.
Объективтік жағы тек қана бір заңдылық белгіден қоғамға қауіпті іс- әрекеттен (әрекет немесе әрекетсіздіктен) құралған қылмыстық құқық бұзушылық құрамы формальды қылмыстық құқық бұзушылық құрамы деп аталады.
Объективтік жағы қоғамға қауіпті іс-әрекетпен қатар нақты белгілі бір қоғамға қауіпті зардапты көрсеткен қылмыстық құқық бұзушылық материалдық құрам деп аталады. Қолданылып жүрген қылмыстық заңдарда формальды қылмыстық құқық бұзушылық құрамының саны басым. Мысалы, формальды қылмыстық құқық бұзушылық құрамына жататын қылмыстар бандитизм (268-бап), экономикалық контрабанда (234-бап), қарақшылық (192-бап), қызмет жөніндегі жалғандық (369-бап) т. б. Заң шығарушы материалдық құрамдарда қоғамға зиянды зардаптардың міндетті түрлі болуын көрсетеді. Қылмыстықұқық бұзушылық құрамын материалдық немесе формальдық деп бөлу нақты қылмыстың аяқталу кезеңін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Кісі өлтіру құрамы қылмыстан кісі өлімі нақты болған уақыттан бастап аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық деп аталады, егер мұндай іс-әрекеттен кісі өлімі болмаса, онда бұл әрекетті кісі өлтіруге оқталғандық деп бағалайды.
Заң шығарушы арқылы қоғамға зиянды зардаптың болуы мүмкіндігі
көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар да формальды қылмыстық
құқық бұзушылық құрамына жатады.
Мысалы, Қылмыстық кодекстің 118-бабындағы адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыру қаупінде қалдырғаны үшін жауаптылық белгіленген. Мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтар формальды құрамға жатады. Әрі қылмқық бұзушылық заңда көрсетілген әрекеттер істелген жағдайда аяқталған деп саналады. Еңбек қорғау ережелерін бұзу нәтижелерінде адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса (156-бап), онда қылмыстық құқық бұзушылықта саралау басқа мағына алып, оның объективтік жағы формальды қылмыстық құқық бұзушылық құрамынан материалдық қылмыс құрамына ауысып кетеді.
Заң шығарушы кейде нақты қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағын белгілегенде бір құрамның өзінде қоғамға зиянды зардаптың болуын немесе болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Мұндай құрамдарды балама формальды-материалдық құрамға жататын қылмыстық құқық бұзушылықтар деп атайды. Мысалы, алдау немесе сенімге қиянат жасау
жолымен бөтеннің мүлкіне залал келтіру (195-бап), радиоактивті материалдарды сақтау, пайдалану, есепке алу, көму, тасымалдау ережелерін және олармен жұмыс істеудің басқа да ережелерін бұзу әрекеттері адамдардың
өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін болса (285-бап, 1-бөлігі). Сонымен қоғамға зиянды зардап деп қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға іс-әрекет арқылы келтірілетін зиянды айтамыз. Келтірілетін зиян материалдық және материалдық емес, формальдық болып бөлінеді.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының құрылысы қылмыстық құқық бұзушылықтың аяқталған кезеңін анықтау және оны дұрыс саралау үшін өте маңызды.[6,85бет]
Достарыңызбен бөлісу: |