Курстық жұмыстың пәні-қылмыстық құқық
Курстық жұмыстың құрылымы. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативті белгілері тақырыбына жазылған курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
1.1 Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі мен маңызы
Қылмыстың объективті жағы қоғамға қауіпті қастандықтың сыртқы жағы болып табылады. Оны мынадай белгілер сипаттайды: қоғамға қауіпті іс- әрекет (әрекет не әрекетсіздік), қоғамға қауіпті зардап (кылмысты нәтиже), қоғамға қауіпті іс-әрекет пен қоғамға қауіпті зардап арасындағы себептік байланыс, қылмыс жасалған орын, уақыт, тәсіл, жағдай, жасау құралы мен қаруы.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы кылмыстық заңы адамның жүзеге асырылуы адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіптілік төндіретін идеясы мен ойын емес, қылмыстық-құқықтық нормаларды бұзатын қоғамға қауіпті іс әрекетті қылмыс деп таниды. Қылмыстың объективті жағы субъективті жақпен тығыз байланысты.
Қылмыстың объективті жағын анықтай отырып қылмыстық заңда тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның пиғылын, сылтауын және мақсатын білуге мүмкіндік аламыз. Қылмыстың қандай да бір құрамында объективті жақ болмаса субъективті жак та болмайды.
ҚК-нің Ерекше бөліміндегі баптардың диспозиция- дарынды заң шығарушы қылмыстың объективті жағынын белгілерін міндетті түрде көрсетеді. Мысалы, ҚК-нін 99-бабы адам өлтіруге баска адамға құқыққа қарсы қаза келтіру деп анықтама береді. Сондықтан, қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыстың барлық құрамдарынын міндетті белгісі болып табылады деп тұжырым жасауға болады. Сонымен қатар заңда, көбіне, қылмыстың объективті жағының басқа белгілері де көрсетіледі. Бұл белгілер қылмыстың әрбір құрамы үшін міндетті болмағандықтан олар қосымша немесе факультативтік деп аталады.
Мысалы, қылмыстың зорлау (КК-нің 120-бабы) сияқты құрамы үшін қылмыстың жасалу орнының маңыздылығы жоқ, бұл қылмыс қай жерде жасалса да жауаптылық туындайды. Сонымен қатар, қылмыстың жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу сияқты құрамы үшін (ҚК-нің 285-бабы) қылмыстың жасалған жері - «жарылыс қаупі бар объектілер немесе жарылыс қаупі бар цехтар" – міндетті белгі болып табылады.
Кейде, нақты қылмыстың белгілерін анықтау үшін заң шығарушы қайсыбір қылмыстардың жасалу тәсілдерін көрсетеді. Атап айтқанда, ҚК-нін 6-тарауында («Меншікке қарсы қылмыстар») ұрлықтың формасын анықтағанда заң шығарушы қандай тәсіл қолданылып мүліктің алынғанын көрсетеді. Мысалы, ұрлық жа- сырын жасалады, тонау - ашық, алаяқтық алдау не сенімге қиянат жасау арқылы жасалады.
Кейбір жағдайларда заң шығарушы қылмыс жасаудың каруы мен құралдарын көрсетеді. Мысалы, ҚК-нің 335-бабында өздігінен жүретін жүзгіш көлік құралы, жарылғыш және химиялык заттарды, электр тогын қолдану сиякты белгілер келтірілген.
Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық катынастарға зиян келтірген немесе зиян келтіру қаупін төндірген іс-әрекет қоғамға қауіпті деп танылады. Қоғамға қауіпті іс әрекет келтірген знянды аныктай отырып қылмыстық кұкық "қоғамға қауіпті зардап" деген ұғымды пайдаланады, ал қоғамға қауіпті іс-әрекет пен қоғамға қауіпті зардаптың арасындағы байланысты анықтау үшін қылмыстық құқықта «себептік байланыс» деген термин пайдаланылады. Бұл екі белгі де факультативтік болып саналады [2,34бет].
Сонымен, қылмыстың объективті жағы дегеніміз қылмыстық-құқықтық қорғаудағы объектілерге кол сұғатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттің сыртқы көрінісін сипаттайтын белгілердін жиынтығы, сондай-ак сол қастандықпен байланысты объективті жағдайлар [3,65бет].
Қылмыстың объективті жағының маңызын сөз еткенде, алдымен, ҚК-нің 3-бабына жүгіну керек, онда жауаптылық тудыратын негіз жайында айтылған. Қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі - қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті жасау. Яғни, қылмыс құрамының объективті жағының белгілері болмаса - жалпы қылмыстық жауапкершілік те болмайды.
Қылмыстың объективті жағы қылмыстардың дұрыс саралануына септігін тигізеді. Мысалы, қылмыстық заңнама бөтен адамның мүлкін ұрлағандык (ҚК-нің 187-204 - баптары) үшін қылмыстық жауаптылықты ұрлықтың формасына қарай аныктайды. Бұл қылмыстардын барлығы (ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, иелену, ысырап ету) бір объектіге (меншікке) жасалатын қастандық, ол қасақана жасалыналы. Объективті жақты дурыс аныктай отырып кана бұл қылмыстарды дұрыс саралауға болады.
Объективті жак шегінде келген кандай да бір зардаптар бойынша денсаулыққа зиян келтіретін қылмыстарда да (ҚК-нің 106, 107-баптары) дұрыс саралауға мүмкіндік туады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекеттің жасалу тәсілі белгілі болса, қандай объектіге қастандық жасалуы мүмкін екендігін де, кінәнің формасын да анықтауға болады. Мысалы, бөтен адамның мүлкін ұрлау мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық көрсете отырып шабуыл жасау (ҚК-нің 192-бабы қарақшылық). Бұдан біз қылмыстық әрекет адамға қарсы және меншікке қатысты жасалған және де қасақана жасалған деген тұжырымға келеміз.
Объективтік жақтың белгілерінің көмегімен бір қылмыстық іс-әрекетті екіншісінен ажыратуға ғана емес, қылмыстық іс-әрекетті құқық бұзушылықтың басқа түрлерінен де (әкімшілік, тәртіптік және т. б.) бөлектеуге мүмкіндік аламыз. Мысалы, ҚК-нің 340 - бабының 2-бөлігінде ағаштар мен бұтақтарды заңсыз кескендік үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Ал, қылмыстың бұл құрамы осындай әкімшілік құқық бұзушылықтан келтірілген зияннын мөлшері сияқты белгілерімен (коғамға қауіпті салдарымен) ерекшеленеді. Немесе қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (ҚК-нің 361-бабының 1-бөлігі) тәртіптік теріс қылықтан объективті жақтың қоғамға қауіпті зардап, яғни келген зиянның мөлшері сияқты белгілерімен ерекшеленеді.
Егер лауазымды адамның өз өкілеттігін теріс пайдалануынан азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келсе, ондай теріс пайдаланғандық қылмыс болып табылады. Егер келген зиян елеусіз болса, онда тәртіптік жауапкершілік көзделеді.[4,97бет]
Қылмыстық іс-әрекет пен оның зиянды зардаптары арасындағы байланысты анықтау қылмыстың материалдық құрамдарындағы қылмыстық жауаптылықтың міндетті шарты болып табылады. Себептік байланыс болмаса келген зиянды зардап үшін қылмыстық жауаптылық көзделмейді.
Себептік байланыс қылмыстың материалдық құрамдарының объективтік жағының міндетті белгісі болып табылады.
Себептік байланыс туралы ілім қылмыстық құқықта себептілік теориясына негізделеді.
Философиялық «себеп» және «салдар» санаттары объективті себептік-салдарлық байланысты көрсетеді. Құбылыс(процесс, оқиға) басқа құбылыстың(процестің, оқиғанын) себебі болады, егер бірінші екіншіден бұрын
болса және екіншінің туындайтын алғышарты немесе туындауының өзгеруінің немесе дамуынынегізі болca.
Себептілік - адам санасынан тыс және оған тәуелді емес, материалдық әлем құбылыстары арасындағы объективтік байланыс. Біздін санамызға тәуелді болмаса да себептік байланысты танып білуге болады. Ол үшін зерттелетін кұбылысты өзара байланыстың жалпы жүйесінен жасанды түрде оқшаулау керек.
Қылмыстық құқықта әрекетті немесе әрекетсіздікті қоғамға келген қауіпті зардаптың себебі деп тану үшін іс-әрекет уақыт бойынша зардаптан бұрын жасалынып, оның болуына нақты мүмкіндік тудыруы және ол зардап басқадан емес, дәл осы іс-әрекеттен болуы тиіс. Мысалы, А. инвентаризация жүргізу кезінде ірі мөлшердегі жетіспеудің бетін ашқан. Бірақ ол пара алып бұл фактыны жасырып қойған. Бірінші инстанция соты оны талан-таражға қатысқаны үшін соттаған. Ал, жоғарғы инстанция соты бұл тұжырыммен келіспеген, себебі A. жетіспеуді жасырып өзінің қызмет бабын теріс пайдаланған. Оның іс-әрекеті талан-тараждан келген материалдық залалмен себептік байланыста емес, себебі жетіспеуді жасыру уақыт бойынша талан-тараждан кейін орын алған [5,45бет].
Себептік байланыс болу үшін іс-әрекет айыптыға тағатын қылмыстық зардаптың, дәл сол зардаптың болуына нақты мүмкіндік тудыруы керек. Мысалы, автомашина басып кетіп, жаяу келе жатқан адам қаза табады. Бұл жағдайда көлік жүргізушінің әрекеті мен жәбірленушінің қаза табуы арасында себептік байланыстың болған-болмағандығын айта салу оңай емес. Алдымен жүргізушінің жол жүру қауіпсіздігі ережесін немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзған-бұзбағандығын айқындау керек, ол үшін арнайы автотехникалық сараптама жүргізіледі.
Батыстың қылмыстық-құқықтық әдебиетінде ғалымдар арасында себепгік байланысқа қатысты ортақ пікір жоқ. Екі негізгі теория: қажетті жағдайлар теориясы (conditio sine gua non) мен барабар себептілік теориясы кең таралған. Бірінші теорияның мәнісі сонда - келген зардаптың алдындағы барлық жағдайлар, өздерінің жақын-қашықтығына қарамай, бірдей деп саналады, яғни әрбір жағдай болған зардаптың себебі ретінде қарастырылады. Бұл теорияны жақтаушылар қажеттілік пен кездейсоқтық арасын бөлмейді.
Барабар себептілік теориясы жалпы ереже бойынша қоғамға қауіпті зардаптар әкелетін әрекеттерді қылмыстық нәтиженің себебі деп қарастырады, нақты жағдайдың ерекшеліктерін есепке алмайды.
Жағдай дегеніміз - өзінше тікелей басқа құбылысты тудыра алмайтын құбылыс, бірақ себептерге қосылып, оларға ықпал етіп, олардын дамуын қамтамасыз етеді.
Зардаптың басқа емес дәл осы құбылыстың болғандығы анықталғанда гана оқиға жағдай емес, себепке айналады. Сондықтан да отандық қылмыстық
құқықта себептік байланыс екі түрге: қажетті және кездейсоқ болып бәлінеді. Зиянды зардап мазмұнында осындай зардаптың нақты болу мүмкіндігі бар және ол үшінші адамның араласуынсыз немесе қандай да бір сыртқы күштің көмегінсіз жасалған әрекеттің заңды салдары болып табылса, кажетті себептік байланыс болады Мысалы, адамды мылтықпен атып өлтіру. Қоғамға кауіпті әрекеттің - атудын нәтижесінде қоғамға кауіпті зардап - алам елім болды. Бұл - қажетті байланыс.
Зардап белгілі бір іс-әрекеттің нәтижесінде емес, өзге себептерден және мән-жайлардан туындысы, ол - кездейсоқ себептік байланысқа жатады. Мысалы адам басқа біреудің денсаулығына зиян келтіреді (ҚК-нің 107-бабы денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру). Бірак жәбірленуші дер кезінде медициналық көмек сұрамаған, онын жарасына инфекция түсіп ол кайтыс болған. Бұл мысалда адамнын әрекеті мен денсаулыққа келген ауырлығы орташа зиян арасында ғана себептік байланыс болады.
Сондықтан айыпты денсаулыққа қасақана женіл зиян келтіргені үшін ғана ҚК-нің 107-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Себептік байланыс, егер қылмыс әрекетсіздік арқылы жасалса, қылмыстың материалдық құрамының объективтік жағының міндетті болып табылады.
Әрекетсіздік те сыртқы әлемге қандай да бір өзгеріс енгізеді, себептік мүмкіндігі жағынан ол әрекеттен кем емес.
Әрекетсіздік пен зиянды зардап арасындағы себептік байланыстың болуы керектігі КК-нің кейбір баптарында тікелей көрсстілген. Мысалы, 361-бапты 1-бөлігінде лауазымды адамның өз міндетін дұрыс аткармауы азаматтардың немесе ұйымдардың заңды мүдделерінің, не мемлекет пен қоғамның заңмен қорғалатын мүдделерінің едәуір бұзылуына алып келсе, қылмыстық жауапкершілік көзделген. Сондықтан да, белсенді әрекет арқылы жасалған қылмыстардағы себептік байланысты анықтауға қойылатын барлық талаптар мен жағдайлар адамның қоғамға қауіпті әрекетсіздігі мен одан келген зиянды зардаптар арасындағы себептік байланысты анықтауда да қойылады.
Бірнеше адамның әрекеті мен одан келген зардап арасындағы себептік байланысты анықтау керектігі де кейбір жағдайларда туындайды. Бұл ретте қылаыстан келген зардап пен оған қатысқан әр адамның әрекеті арасындағы себептік байланыс анықталады.[4,107бет]
Достарыңызбен бөлісу: |