Қылмыстық ҚҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ объективтік жағЫ


ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ



бет7/9
Дата26.01.2022
өлшемі51,48 Kb.
#114987
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
курсовой қылмыстық

2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

2.1 Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативті белгілері

Қайсыбір қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілі бір уақытта, белгілі бір жағдайда немесе белгілі бір тәсілмен, құралмен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының осы факультативтік белгілері арқылы іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігіне елеулі әсер етуі мүмкін. Сол себепті заң шығарушы оның әрқайсысын белгілі бір нақты қылмыстық құқық бұзушылық құрамының негізгі белгісі етіп көрсетуі мүмкін.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тәсілі дегеніміз кінәлі адамның іс-әрекетті істеудегі қолданылатын әр түрлі әдістері мен айлалары болып табылады. Қылмыстың істелу тәсілі бойынша меншікке қарсы қылмыстар (188, 190, 191-баптар) бір-бірінен ажыратылады. Қасақана кісі өлтіру де аса қаталдықпен немесе көптеген адамның өміріне қауіпті тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін (99-бап, 2-бөлігі, «7», «б» тармақтары). Қылмыстық кодекстің арнаулы бабында жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып жоятын өзге де құрылғыларды қолданып, сол сияқты авиа, авто, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы не шағын көлемді кемелерді қолданып заңсыз аң аулағаны үшін жауаптылық көрсетілген (337-бап, 1-бөлігі). Қылмыстық кодекстің өрт қою, жару арқылы немесе өзге де жалпы қауіпті әдістермен бөтен адамның мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жауаптылық белгіленген (202-бап, 2-бөлігі, «а» тармағы).

Қылмыстың істелу жағдайы кейбір реттерде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының объективтік жағының қажетті белгісіне айналып кетеді. Бұл көбінесе әскери қылмыстың құқық бұзушылықтарда кездеседі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 437-бап, 4-бөлігі; 438-бап, 3-бөлігі; 439-бап, 3-бөлігі, т.б.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың істелу орны, біріншінен, қылмыстық құқық бұзушылық істеген кеңістікті, екіншіден жер бетінің қай бөлігінде қылмыстыққұқықбұзушылықістелгенін анықтайды. Мысалы, Қылмыстық кодекстің қылмыстық құқық бұзушылықтың істелт орны теңіз немесе су жолы, ашық теңіз, құрлықтық шельф, ерекше экономикалық аймақ, орман деген ұғымдармен, ал кейбір жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылық істелу орны үй немесе қойма (188, 191, 192-баптар), бас бостандығынан айыру орны (426-бап), тыйым салынған аймақ (331-бап) болып көрсетілуі мүмкін. Қылмыстық құқық бұзушылықты істеу мерзімі қылмыстық құқық бұзушылық құрамының объективтік жағының белгісі ретінде өте сирек кездеседі. Қылмыстық құқық бұзушылықта мерзім деген ұғымға тәулік, жыл уақыты, сондай-ақ белгілі бір жағдайлар жатады. Мысалы, соғыс уақыты. Сот тергеу тәжірибесінде істелген қайсы мерзімде болған, қанша уақытқа созылғаны (дезертирлікте) қоғамға зиянды зардаптың қашан орындалғаны сот-тергеу құжаттарында міндетті түрде көрсетіледі. Кейбір баптарда қылмыстық құқық бұзушылықты істеу мерзімі құрамының объективтік жағының белгісі ретінде көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 337-бабында тыйым салынған мерзімдерде құстар мен аңдарды аулағаны үшін жауаптылық белгіленген. Соғыс уақытында бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (437-бап, 5-бөлігі), т. б. Қылмыстарда қылмыстық құқық бұзушылықтың істелу мерзімі қылмыстық құқық бұзушылық құрамының объективтік жағының белгісі ретінде көрсетіледі. Қылмыстық кодекстің 53-бабында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар айтылған. Осылардың ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалу жағдайын белгілейтін бірнеше белгілер бар. Мəн-жайлардың тоғысуы салдарынан алғаш рет қылмыстық теріс қылық, не алғаш рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасау отбасына немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашынғандық себепті қылмыс жасау, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан да материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті қылмыс жасау, қажетті қорғаудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе үкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау, қылмыс жасау үшін түрткі болып табылатын жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы.

Қылмыстық кодекстің 54-бабында жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар көрсетілген. Олардың ішінен қылмыстың объективтік жағына мыналар жатады: аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қорлап қылмыс жасау, қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, оны бейнелеуші қондырғылар, арнайы дайындалған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялық фармакологиялық дәрі-дәрмектерді пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетіп, психикалық мәжбүрлеу, не жалпы қауіпті қолданып қылмыс жасау. Жоғарыда айтылғандарға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативтік белгілерінің негізінен үш түрлі маңызы бар екендігін көреміз. Біріншіден, мұндай белгілер қылмыстық құқық бұзушылық құрамының міндетті қажетті белгілері болуы мүмкін. Екіншіден, факультативті белгілер қылмыстық құқық бұзушылық құрамының ауырлататын түрін белгілеуі мүмкін. Үшіншіден, қылмыстық құқық бұзушылықты саралауға әсері болмаса, да жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар ретінде

қарастырылады.[6,89бет]

Қылмыстың объективтiк жағына сипаттама беру үшiн қылмыстың жасалу тəсiлi, уақыты, орны, жағдайы жəне құралы маңызды болып табылады. Бұл белгiлер кез келген қылмысқа тəн, өйткенi кез келген қылмыс əрқашанда жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiне əсер ететiн белгiлi бiр уақытта, нақты орында, жағдайда, қандай да бiр қаруды қолданып немесе белгiлi бiр амал тəсiлдердiң көмегiмен жасалады. Алайда, құқықтық табиғаты бойынша олар қылмыс құрамы объективтiк жағының факультативтi, мiндеттi емес элементтерi деп танылады.

Кей жағдайларда, егер заңшығарушы осы аталған белгiлердiң бiрiн немесе бiрнешеуiн ҚК Ерекше бөлiмi бабының диспозициясында тiкелей көрсетсе, олар қылмыс құрамының мiндеттi белгiлерiне айналып, қылмысты саралауға қатысады. Мысалы, ҚК 97-бабындағы ″Анасының өзiнiң жаңа туған сəбиiн туып жатқан кезiнде, сол сияқты одан кейiнгi кезеңде өлтiруi″ қылмысында қылмыстың жасалу уақыты, ҚК 128-бабындағы ″Адамдарды алдау жолымен жасалған нəпсiқұмарлық немесе өзге де пайдалану үшiн, азғырып көндiру″ қылмысында қылмыстың жасалу тəсiлi, ҚК 223-бабында ″Тұтынушыларды алдау тауарлар сататын немесе халыққа қызмет көрсететiн дүкендерде немесе басқа кəсiпорындарда жасалса…″ мұнда қылмыстың жасалу орны қылмыс құрамының мiндеттi белгiсi ретiнде қарастырылады.

Объективтi жақтың факультативтi белгiлерi деп аталатын қылмыстың жасалу орны, уақыты, жағдайы, тəсiлi жəне құралы ҚК Ерекше бөлiмi бабының диспозициясында көрсетiлсе, жасалған iс-əрекеттiң қауiптiлiк дəрежесiне ықпал ететiндiктен жазаның түрi мен мөлшерiн анықтау кезiнде мiндеттi түрде ескерiледi. Көбiнесе бұл белгiлер жауаптылықты ауырлатушы жағдайлар ретiнде танылады.

Қылмыстың жасалу уақыты – бұл қылмыс жасалған белгiлi бiр жыл, ай, тəулiк, сағатпен есептелетiн уақыт аралығы. ҚК Ерекше бөлiмiнiң баптарында объективтiк жақтың белгiсi ретiнде қылмыстың жасалу уақыты сирек кездеседi. Мысалы, ҚК 401-бабы ″Төтенше жағдайлар кезiнде тыйым салынған ереуiлге басшылық жасау, сол сияқты осындай жағдайда ұйымдардың жұмысына кедергi келтiру″.

Ал кейбiр жағдайларда қылмыстың жасалу уақыты жауапьылықты ауырлататын немсе аса ауырлататын белгi ретiнде қарастырылады. Мысалы, ҚК 442-бабының 3-бөлiгi бойынша ″Қашқындық əрекетi соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалса″ жауаптылықты аса ауырлатады.

Объективтi жақтың келесi факультативтi белгiсi - қылмыс жасалатын нақты объективтi жағдайларды құрайтын қылмыстың жасалу жағдайы. Бұл жағдайлар бiрде жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк дəрежесiн едəуiр жоғарлатып, жауаптылықты ауырлатушы белгi ретiнде танылса, кейде жеңiлдетiлген қылмыс құрамын құрауға септiгiн тигiзедi. Мысалы, ҚК 120-бабы 3- бөлiгiнiң ″г″ тармағы бойынша зорлау қылмысы қоғамдық зiлзала жағдайларын пайдаланып немесе жаппай тəртiпсiздiк барысында жасалса жауаптылықты аса ауырлатады. Ал, ҚК 99 жəне 109- баптарында қажеттi қорғану шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтiру немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiру негiзгi құрамға қарағанда жеңiлдетiлген қылмыс құрамдарын құрайды.

Қылмыстың жасалу тəсiлi – бұл қылмысты жасау үшiн адамның қолданған əдiс, амалдары. Олар əртүрлi нысанда көрiнедi: күш қолдану, қорқыту, алдау, сенiмге қиянат жасау, қатыгездiк немесе аса қатыгездiк, жасырын түрде, құжаттарды бұрмалау жəне т.б.

Бiрқатар қылмыстар тек белгiлi тəсiлмен ғана жасалуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда қылмыстың тəсiлi заңда қылмыс құрамының мiндеттi белгiсi ретiнде көрсетiледi. Мысалы, меншiкке қарсы талан-тараж қылмыстары бiр-бiрiнен осы қылмыстың жасалу тəсiлi бойынша ажыратылады. ҚК 188-бабы ″Ұрлық″, яғни бөтен мүлiктi жасырын ұрлау, ҚК 191-бабы ″Тонау″, яғни бөтен мүлiктi ашық ұрлау қылмыстарын айтуға болады.

Қылмыстың жасалу тəсiлi əрекеттiң қоғамға қауiптiлiк дəрежесiне елеулi əсер ететiн жағдайда заңшығарушы оны əрекеттiң ауырлатушы белгiсi ретiнде қарастырады. Мысалы, ҚК 194-бабының 2-бөлiгi бойынша тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытып жасалса жауаптылықты ауырлатуға негiз болады.

Қылмыстың жасалу орны деп қылмыс оқиғасы болған, яғни қылмыстық əрекет басталған, аяқталған немесе қылмыстық нəтиже туған белгiлi бiр аумақты айтамыз.

Объективтiк жақтың басқа факультативтi белгiлерi сияқты қылмыстың жасалу орны да, егер ол нақты қылмыс құрамының мiндеттi белгiсi ретiнде заңшығарушымен қылмыстық-құқықтық нормаға енгiзiлсе, əрекеттi саралауға əсер етедi. Мысалы, ҚК 246-бабы ″Жарылыс қаупi бар объектiлерде немесе жарылыс қаупi бар цехтарда қауiпсiздiк ережелерiн бұзу″, ҚК 385-бабы ″Шайқас даласында өлгендермен жаралғандардың заттарын ұрлау″, ҚК 329-бабы ″ҚР мемлекеттiк туын сауда кемесiнде заңсыз көтеру″. Ал мына қылмыстарда қылмыстың жасалу орны жауаптылықты ауырлататын белгi ретiнде қарастырылады. Мысалы, ҚК 178-бабының 2-бөлiгi ″г″ тармағы ″Тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған тонау″, ҚК 285-бабының 2-бөлiгi ″Төтенше экологиялық жағдай аумағында жердi бүлдiру″.

Ал басқа жағдайларда қылмыстың жасалу орнын əрекеттiң қауiптiлiк дəрежесiне əсер етушi факультативтi белгi ретiнде жазаның түрi мен мөлшерiн таңдау кезiнде сот ескередi.

Қылмыс жасау құралы мен қаруы маңыздылығы жағынан қылмыстың жасалу тəсiлiнен кейiн екiншi тұрады. Олар iс-əрекеттiң қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiне елеулi ықпал ететiн қылмыс құрамының элементтерi.

Қылмыстың қаруы мен құралы деп жанды жəне жансыз компоненттердi қолданып кiнəлiнiң қылмыстыққұқықтық қорғау объектiсiне əсер ету əдiстерiн айтамыз.

Қылмыс құралына мысалы, газ, от, жануарлар, жас өспiрiмдер мен есi дұрыс емес тұлғалар, химиялық заттар, арнаулы техникалық құралдар жəне т.б. жатады.

Қылмыстың қаруы – бұл материалдық объектiлерге əсер ететiн заттар. Оларға: атыс қаруы, суық қару, құрылғылар қару ретiнде пайдаланатын өзге де заттар жатады.

Қылмыс құралы мен қаруы ҚК мына баптарында мiндеттi белгi ретiнде кездеседi: ҚК 163-бабы, ҚК 181-бабы.[1,34бет]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет