Қылмыстық ҚҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ объективтік жағЫ


Қылмыс жасаудың әдісі, орын, уақыты, жағдайы және құралдары мен қарулары



бет8/9
Дата26.01.2022
өлшемі51,48 Kb.
#114987
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
курсовой қылмыстық

2.2 Қылмыс жасаудың әдісі, орын, уақыты, жағдайы және құралдары мен қарулары

Қылмыс белгілі бір жерде, накты уақытта және накты жағдайда жасалынады. Өз мақсатын іске асыру үшін қылмыскер кейде қару немесе қандай да бір құрал пайдаланады.

Бұрын аталып өткендей, бул белгілер қылмыстың объективтік жағының міндетті белгілері де (егер олар нақты кылмыстың құрамында көзделген болса), факультативтік белгілері де бола алады.

Қылмыстың нақты құрамында міндетті болып табылмайтын факультативтік белгілер саралаушы белгілер болуы мүмкін не олар кінәні жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар ретінде ескеріледі (ҚК-нің 53,54-баптары).

Қылмыс жасалған орын дегеніміз - қылмыс жасалған белгілі бір аумақ Мысалы, ҚК-нің 385-бабында шайқас даласында өлгендер мен жараланғандардың заттарын ұрлағандық (тонағандык) үшін жаза көзделген. Бұл жағдайда қылмыстың жасалу орны - шайқас даласы.

Қылмысты жасау уақыты дегеніміз - қылмыс жасалынатын белгілі бір уақыт аралығы. Мысалы, ҚК- нің 367-бабының 3-бөлігінде соғыс кезіңде бұйрыққа бағынбағандық немесе оны өзгедей орындамағандық үшін жауаптылық көзделген, ал ҚК-нің 373-бабының 3-бөлігі кашқындықтың міндетті белгісі ретінде уақытты (соғыс уақытын) көрсетеді.

Қылмысты жасау тәсілі дегеніміз – қылмыскердің қылмыс жасаған кезде пайдаланатын амалдары мен әдістері. Заң шығарушы ҚК-нің кейбір баптарында

қылмыстың ұқсас құрамдарын ажырату мақсатында қылмыстың жасалу тәсілін көрсетеді.

Мысалы, заң шығарушы ҚК-нің «Мүлікке қарсы қылмыстар» деп аталатын 6-тарауында қылмыстарды мүлікті алу тәсіліне қарай ұрлау, иелену, алаяқтық, тонау, қарақшылық деп бөледі, ал ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінде ауырлататын мән-жайда адам өлтіруде қолданылған тәсілге қарай "д" және «с» тармақтарға бөледі («д» - адам өлтірудің аса қатаң тәсілі, "е" – көп адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен адам өлтіру).

Қылмысты жасау құрамы мен каруы дегеніміз - қылмысты жасауға қажетті қарулар мен құрылғылар. Қылмыстың кейбір құрамдарында, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін баса көрсету мақсатында заң шығарушы қылмыстың объективтік жағының белгілеріне тиісті құралдар мен қаруларды да жаткызады.

Мысалы, қару ретінде пайдаланылатын каруды немесе затты қолдану қылмыстың саралаушы құрамы болып табылады (ҚК-нің 2-бабының "г" тармағы).

ҚК-нің 287-бабының 1-бөлігі жарылғыш және химиялық заттарды, электр тогын, өздігінен жүретін жүзгіш көлік құралын, су жануарлары мен өсімдіктерін жаппай жоюдың өзге де тәсілдерін қолдануды қылмыстың объективтік жағының белгілеріне жатқызады.

Қылмыс жасаудың құралы мен қаруы арқылы қылмыстың объектісі мен затына ықпал жасалынады.

Жауапкершілік пен жазаны жеке даралау керек болған кейбір кездері қылмыстың жасалу жағдайы ескеріледі.

Мысалы, занда төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубат жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық кезінде қылмыс жасау ауырлататын мән-жайға жатқызылған (ҚК-нің 54-бабы 1 бөлігінің "л" тармағы) Мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет, жеке басылық. отбасылық немесе өзге де ауыр-мән жайлар себебімен, материалдық немесе қызметтік тәуелділікке байланысты қылмыс жасау жеңілдететін мән-жайлар деп көрсетілген (ҚК-нің 53-бабы 1-бөлігінің «а», «е»,

«ж» тармақтары).[4,110бет]





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет