Қылмыстық ҚҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ объективтік жағЫ



бет9/9
Дата26.01.2022
өлшемі51,48 Kb.
#114987
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
курсовой қылмыстық

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде қылмыстың объективті жағы дегеніміз қылмыстық-құқықтық қорғаудағы объектілерге кол сұғатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттің сыртқы көрінісін сипаттайтын белгілердін жиынтығы, сондай-ак сол қастандықпен байланысты объективті жағдайлар.

Қылмыстың объективті жағын анықтай отырып қылмыстық заңда тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның пиғылын, сылтауын және мақсатын білуге мүмкіндік аламыз. Қылмыстың қандай да бір құрамында объективті жақ болмаса субъективті жак та болмайды.

Қылмыстың жасалу тəсiлi – бұл қылмысты жасау үшiн адамның қолданған əдiс, амалдары. Олар əртүрлi нысанда көрiнедi: күш қолдану, қорқыту, алдау, сенiмге қиянат жасау, қатыгездiк немесе аса қатыгездiк, жасырын түрде, құжаттарды бұрмалау жəне т.б.

Адамның істеген кез келген іс-әрекеті сыртқы дүниеде белгілі бір өзгеріс туғызады. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттер де қоғамға зиянды өзгерістер туғызуға немесе соны болдыру қаупін туғызуы мүмкін. Ic- әрекет арқылы келтірілген нақты зиянды анықтау арқылы материалдық өмірге нақты қандай өзгерістер келтірілгенін білеміз.

Кез келген оқиға немесе әрекет сыртқы әлемге қалай да бір өзгеріс алып келеді, зардап тудырады.

Қоғамға жасалған қауіпті іс-әрекеттің заңмен қорғалатын қатынастарға және саяси, әлеуметтік, экономикалық саладағы мүдделерге, мораль мен өнегеге зиян келеді.

Қылмыс адамның жеке басына қарсы жасалғанда ол адамның қаза табуы немесе оның денсаулығына зиян келуі мүмкін.

Қолданыстағы Қылмыстық кодексте кандай қауіпті зардаптар болатындығына қарай әртүрлі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады: ауыр зардаптар, ірі мөлшер, ірі залал, едәуір залал, елеулі зиян, елеулі материалдық залал және г. б. Бұл ұғымдар мен терминдердің біразында бағаберушілік сипат бар, оларға түсініктеме керек. Сот практикасын зерделеу негізінде ондай түсініктемені Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты бере алады, басқа ұтымдарды заң шығарушы кылмыстык заңның өзінде, ҚК баптарына берілген ескертулерде ашады.

Қылмыстық зардаптарды материалдық және материалдық емес деп екі топқа бөлуге болады.

Көп жағдайларда материалдық зардаптарға азаматтарға, қоғамдық ұйымдар мен мекемемлекетке келген мүліктік залал, адамның жеке басына келген физикалык зиян жатады. Материалдық емес зардаптарға моральдық, саяси, ұйымдық және басқа материалдық емес зиян жатады.

Материалдық зардаптар мүліктік сипаттағы зардаптарға және азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге белінеді.

Қылмыстың объективтiк жағына сипаттама беру үшiн қылмыстың жасалу тəсiлi, уақыты, орны, жағдайы жəне құралы маңызды болып табылады. Бұл белгiлер кез келген қылмысқа тəн, өйткенi кез келген қылмыс əрқашанда жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiне əсер ететiн белгiлi бiр уақытта, нақты орында, жағдайда, қандай да бiр қаруды қолданып немесе белгiлi бiр амал тəсiлдердiң көмегiмен жасалады. Алайда, құқықтық табиғаты бойынша олар қылмыс құрамы объективтiк жағының факультативтi, мiндеттi емес элементтерi деп танылады.

Объективтi жақтың факультативтi белгiлерi деп аталатын қылмыстың жасалу орны, уақыты, жағдайы, тəсiлi жəне құралы ҚК Ерекше бөлiмi бабының диспозициясында көрсетiлсе, жасалған iс-əрекеттiң қауiптiлiк дəрежесiне ықпал ететiндiктен жазаның түрi мен мөлшерiн анықтау кезiнде мiндеттi түрде ескерiледi. Көбiнесе бұл белгiлер жауаптылықты ауырлатушы жағдайлар ретiнде танылады.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Бұғыбай Д.Б. Қылмыстық құқық. –Алматы. 2006ж

2. Ашитов Е., Рахметов С. Жаза (Оқу құралы) – Алматы: Өркениет, 1999ж.

3. Көрсетілген шығарма. Каиржанов Е.И. Уголовное право Республики Казахстан (общая часть). – Алматы: Арда, 2006ж.

4. Алауханов Е. Қылмыстық құқық. (Жалпы бөлім) – Алматы. 2009ж.

5. Баймурзин Г.И. Ответственность за прикосновенность к преступлению. –Алматы, 1986ж



6. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. (Жалпы бөлім) – Алматы. 2015ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет