15
3. АДАМЗАТ: Алла адамзатқа ақыл да, нәпсі де берген. Кімнің дене құмары ақылына
үстемдік қылса, ол хайуаннан төмен жағдайға түседі. Кімнің ақылы нәпсісіне үстемдік
қылса, ол періштелерден де жоғары деңгейге жетеді.
Хикая
Ибраһим Хауас баяндайды: «Бір күні Луқам тауында едім. Бір анар бағын көріп, анар
жегім келді. Біреуін үзіп,
дәмін татсам, қышқыл екен. Лақтырып жіберіп жолымды
жалғастырдым. Біраз жүргеннен кейін жерде жатқан кісіні көріп қалдым. Оған аралар
үйіліп алыпты. Ол кісіге: «Ассәләму аләйкум!» – дедім. «Аләйкум сәләм, Ибраһим!» –
деп жауап берді ол. «Мені қайдан танисың?» – деп сұрадым. Ол: «Кім Алланы таныса,
оған еш нәрсе жасырын емес», – деді. «Алла Тағаламен байланысың жақсы екенін
көріп тұрмын. Аралардан құтқаруы үшін одан сұрамайсың ба?» – десем, ол маған:
«Мен де сенің Алламен жақсы байланыста екеніңді көріп тұрмын. Енді анар қалауынан
құтқаруды сұрамайсың ба? Пенденің анарға (тамаққа) ет-бетінен түсуінің
жазасы
ақыретте беріледі. Ал енді араның шаққаны бұл дүниеде ғана, қысқа минутта айығады.
Ал енді (көп тамақтанудың нәтижесіндегі) дене құмары жүректі жаралайды», – деген
жауапты қайтарды. Бұл жауапты естігеннен кейін ол кісіні тастап, жолымды
жалғастырдым».
Құмарлану
патшаны құл қылады, сабырлылық құлды патша қылады. Жүсіп
пайғамбар (а.с.) сабырлылығымен Мысырдың патшасы болды. Зылиха патшаның
жұбайы еді. Дене құмарына алданғаны үшін ұятқа қалып, бейшара жағдайға түсті.
Себебі Зылиха Жүсіпті сүйіп қалғаны үшін сабыр қыла алмады.
Әбул Хасан ар-Рази баяндайды: «Бірде әкесі екі жыл
бұрын қаза болған әкесін
түсінде оттан киім киіп жүрген жағдайда көріп: «Уа, әкетай, неге тозақылардың
арасында жүрсің?» – деп сұрайды. Әкесі: «Балам, мені нәпсім тозаққа түсірді. Нәпсіңе
алдана көрме!» – деп аянышты жауап берді.
Достарыңызбен бөлісу: