16
– деп сұрайды. Әзірейіл (а.с.) оған: «Сені көргелі келдім!» – деп жауап береді. Жақып
пайғамбар: «Ажалым жақындағанда маған білдіріп қоюыңды қалаймын», – деп өтінеді.
«Жарайды, сенің ажалың келерден бұрын екі не үш хабаршы жіберем», – деп айтады
Әзірейіл періште. Бір күні Жақыптың (а.с.) ажалы жеткенде, Әзірейіл періште оның
жанына барады. Жақып пайғамбар одан: «Мені көргелі келдің бе әлде жанымды алуға
ма?» – деп сұрайды. Әзірейіл (а.с.): «Жаныңды алғалы келдім», – дегенде, Жақып
пайғамбар: «Маған екі не үш хабаршы жібермек емес пе едің?» – деп сұрайды. Сонда
Әзірейіл (а.с.): «Шынында, солай болды. Қап-қара шашыңның ағарғаны, денеңнің күш-
қуаттан қалғаны, беліңнің бүкірейгені – мына солардың бәрі өлімнің хабаршылары
еді», – деп жауап қайтарады.
Әбу Али Даххак
28
баяндайды: «Бір тақуа кісі бар еді. Ол өз заманының ұлы ғалымы
болды. Ауырып төсекте жатып қалған екен, көргелі бардым. Жанында оқушылары отыр
екен. Ол кісі өзі жылап жатыр. Мен одан:
28
Әбу Али Даххак – һижри II-III ғасырларда өмір сүрген сопы.
– Ұстаз, неге жылап жатсыз? Бұл дүниеден кетіп жатқаныңызға ма?.. – деп сұрадым.
– Жоқ, дүниеден
кетіп жатқаныма емес, намазымды мән бермей оқып жүргеніме
жылап жатырын, – деді.
– Қалайша? Сіз намазыңызды толық оқушы емес пе едіңіз?! – дегенімде.
– Рас, толық оқимын. Бірақ сол күнге шейін ақыреттен бейхабар намаз оқып жүріппін,
– деп жауап қайтарды.
«Уйунул-Ахбар» атты кітапта Шақиқ әл-Балхи былай дейді: «Адамдар үш нәрсені
айтады. Бірақ істері айтқан сөздеріне кереғар:
1. «Біз Алланың кұлдарымыз» дегенімен, жауапкершіліксіз іс жасайды.
2. «Алла біздің ризығымызға кепілдік береді» дегенімен, көңілдерін дүние ғана
тойдырады.
3. «Өлімнен қаша алмайсың» дегенімен, еш өлмейтіндей іс жасайды.
Бауырым! Өзіңді жөнге сал. Ұлы Жаратқанның алдында қай денемен тұратыныңды
есіңе сал. Қайсы тілмен оған жауап беріп жатқаныңды ойла. Ол сенен анша-мұнша
нәрселер туралы сұрағанда қайтіп жауап бересің? Сұраққа жауап,
жауапқа сауал
дайында. Алладан қорық. Ол барлық жасаған істеріңді біліп тұрады. Мүминдерге
насихат айтып, үлгі бол. Алланың үкіміне мойынсұнсын және оған ширк келтірмесін.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай деп айтқаны риуаят етіледі: «Арштың етегінде
былай деп жазылған: Мен (Алла) маған мойынсұнғанның тілегіне жеткізіп, істеріңді
игілікті қылам. Мені сүйгенді сүйем. Маған дұға қылған пендеге тілегін берем. Кешірім
тілегенді кешірем».
Ақылды мұсылман Алладан қорқып, оған мойынсұнады.
Оған ғана құлшылық
жасайды. Оның үкіміне және тағдырына разы болады. Басына түскен қиыншылықтарға
сабыр қылады. Ие болған жақсылықтарына шүкіршілік етеді. Алланың бергеніне
қанағат қылады. Алла Тағала құдси хадисте былай деген: «Кім Менің үкіміме разы
болмаса, сынақтарыма сабыр қылмаса, берген нығметтеріме шүкіршілік етпесе, ол
өзіне Менен басқа құдай тауып алсын!»
Бір кісі Хасан Басриге
29
келіп: «Мен Аллаға ғибадат жасаудан ләззат ала алмай
жатырмын», – дейді. Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи) оған: «Сен
Алладан
қорықпаған біреуге қол жайып қойғанға ұқсайсың. Құлдық жасау – барлық нәрсені Алла
үшін тастау», – деп айтады.
29
Хасан Басри – атақты табиғин, хадис және фиқыһ саласындағы ұлы ғалым. Һижри 21 жылы туылған. Әзірет
Алидің қолында тәрбиеленген. 130 сахабаға жолыққан. Һижри 110 жылы дүниеден қайтып, Басрада жерленген.
Тағы біреу Әбу Язидке: «Мен Аллаға құлшылық жасаудан ләззат ала алмай
жатырмын», – дегенде, Әбу Язид: «Өйткені сен Аллаға емес,
ғибадатқа құлшылық
17
жасап жатырсың. Аллаға құлшылық жасасаң, ғибадаттың ләззатын татасың», – деп
жауап берген екен.
Бір кісі намазға тұрып, «Саған ғана құлшылық жасаймыз» деген аятты оқығанда,
шынында, өзін Аллаға ғибадат жасап жатырмын деп ойлайды. Сонда ғайыптан:
«Жалған айтып жатырсың. Сен мақұлықтарға ғибадат жасайсың» деген үн естіледі.
Сол оқиғадан кейін ол елден аулақтап, намазын қайта басынан бастайды. «Саған
ғана құлшылық жасаймыз» дегенде, «Жалған айтып жатырсың. Сен киімдеріңе сиынып
жүрсің», – деп қайтадан баяғы үн естіледі. Сонда ол кісі үстіндегілерден басқа барлық
киімдерін садақа қылып таратып жібереді.
Содан соң намазға тұрады, «Саған ғана
құлшылық жасамыз» деген аятты оқығанда, баяғы үн қайтадан естіліп: «Міне, енді тура
айттың. Жалғыз Жаратқанға құлдық қыла бастадың», – дейді.
Бір кісі қаптарын кімге бергенін есіне түсіре алмай жүреді. Бір күні ол намазда тұрып
кім алғанын есіне түсіреді. Нәтижеде қызметшісіне: «Пәленше кісіге барып қаптарды
алып келші», – дейді. Қызметкері одан: «Оны қашан есіне түсірдіңіз?» – деп сұрайды.
«Намазда тұрғанда», – деп жауап қайтарады әлгі кісі. Сонда қызметкері: «Қожайыным,
сен намазда Алланы емес, қаптарды іздеген екенсің», – дейді. Бұл сөзді естіген
қожайын, қызметшісінің иманы бекемдігін түсінеді де, оны азат қылады.
Ақылды пенде дүниені тастап, Аллаға ғибадат жасап, келешегін ойланып,
ақырет
бақытын тілеу керек. Құран Кәрімде бұл туралы былай деп айтылады: «
Достарыңызбен бөлісу: