Иманов а.Қ. «Педагогика» пәні бойынша


Тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие



бет4/33
Дата03.11.2023
өлшемі229,29 Kb.
#189238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
«педагогика»-emirsaba.org

Тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады. Бұл орайда тұқым қуалаушылыққа (биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен қатар тұлғалық гендік қорды да қамтиды. Олар баланың қабілеттілігі, дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады. «Әлеуметтік орта» деген ұғым, кең мағынасында, қоғамдық өмірдің материалдық жағдайлары, әлеуметтік және мемлекеттік құрылыс, өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесі және олар анықтап отырған әлеуметтік жүйе сипаты мен қоғамда пайда болған әртүрлі мекемелер қызметін қамтиды. Тұқым қуалаушылықпен, ортамен қатар тәрбие үшінші шешуші фактор болып табылады, тәрбие – педагогтардың басшылығымен әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі баланың саналы мақсатты басқарылатын іс-әрекеті.
Дәріс 3. Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесінде есепке алу.
Жоспар:
1. Оқушының жеке тұлғалық дамуының жас ерекшелік кезеңдері, оларға сипаттама.
2. Жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік жағдаяттары.
3. Оқушы тұлғасының дара ерекшеліктеріне сипаттама.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және оған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.
Бастауыш сынып жасындағы баланың білім алу іс-әрекеті өзіне бағытталған іс әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу, есептеу, оқу және тағы басқаларына үйрену арқылы бала өзін-өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті әдістерді меңгереді.
Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жеткіншек шағы /10-15 жас/ ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Ағзаның тез өсуі және оның өсуінің бірқалыпты болмауы нерв жүйесінің өзара байланысы мен өзара қарым-қатынасының қайта құрылуына мәжбүр етеді. Жас өспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғарғы сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Бұл жаста /15-17 жас/ адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқарасының негізгі сипаттары қалыптасады. 14-15 жас пен 16-17 жас аралықтары кей жағдайда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шақтың соңы деп аталады. Жас шамасы бойынша кезеңге бөлі схемасында жасөспірімдік шақ бозбалалар үшін 13-16 жас, қыз балалар үшін 12-14 жас, ал жастық шақ жігіттер үшін 17-21 жас, қыздар үшін 16-20 жас болып анықталған. Дарындылық – үлкен нышаннан қабілеттіліктің түрі. Нышан, қабілет, дарындылық – ата-анадан балаға қанмен берілетін белгілер. 19-ғасырдың аяғы және 20-ғасырдың басынан дүние жүзіндегі көптеген елдердің ғалымдары балалардың дене және психикалық дамуының тездеуін – акселерация құбылысы деп атап көрсетті.
Акселерация құбылысы тұрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншектік шақтағы балалардың бойы биік, иықтары қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Күні бұрын тез жетілген организм ауруға, суыққа, және дене салмағына төзімсіз келетіндігі бірте-бірте анықталуда. Ер жетуге дейінгі ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу кезеңінде тез шаршайды. Осындай тез өсетін организмде жүрек тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да өзінің міндеттерін атқара алмайды.ан. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік есею проблемасы. Жеке ерекшеліктерді есепке алу – бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып, тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану.
Әрбір оқушының танымдық іс-әрекетінің, әсерленушілігінің, ерік-жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады. Мектеп оқушысының жеке ерекшелігі дегеніміз – оның жас мөлшеріне, жыныстық және рухани дамуына, жан-жақты тұтас жетілген жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына органикалық жағынан байланысты өзіне тән ерекшелігі. Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін, типтік сипатын мінез-құлқына сәйкес жете білуі қажет. Жеке адамның дүниені сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді. Темперамент – бұл адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. /Сангвиник – еті тірі; флегматик – жай, салмақты; холерик – қызба, шапшаң; меланхолик – ойлы, терең толғанысты/.
Жеке қарым-қатынас әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондайақ ол оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншылықтарды жеңуде зор рөл атқарады..
Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеялық және құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.
Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.
Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық- бағдарлық және іс- әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады.
Тәрбие мазмұны – әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін- өзі жүзеге асыруы үшінжағдайлар жасауға бағытталған қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Тәрбие мазмұны жеке тұлғаның жан- жақты дамуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрлері арқылы іске асады. Оған: көзқарасты қалыптастыру, адамгершілікке, еңбекке баулу, тұлғаның саяси- идеялық, эстетикалық дамуы, дене шынықтыру, оқушылардың түрлі іс- әрекеттеріне, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға жағдай жасау жатады
Баланы оқыту мен тәрбиелеуде жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығы. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік есею проблемасы. Жеке ерекшеліктерді есепке алу – бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып, тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет