+острый бруцеллез
*!Бойжеткен, 16 жаста, лицей оқушысы, ауруханаға ауруының 1-ші күні түскен. Ауру кенеттен басталған: дене қызуы тез 40°С-қа дейін жоғарылаған, қатты бас ауыруы, жеңілдік әкелмейтін құсу пайда болған. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі +4 см, Керниг симптомы «оң». Жалпы гиперестезия байқалады. Өкпесіндегі тынысы везикулярлы. Жүрек тондары тұйықталған, пульс 100 рет/мин., ҚҚ – 120/70 мм с. б.
Аурудың қай түрі ең ықтимал болып табылады?
# +менингококковый менингит
*!Ер адам, 20 жаста, жедел ауырып бастаған: дене қызуы 40°С-қа дейін жоғарылаған, бас ауыруы, әлсіздік, бұлшық еттерінің ауыруы пайда болған, тәбеті төмендеген. Келесі күні аяқтарында бөртпе байқалған. Объективті: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт. Аяқтарында көптеген геморрагиялық бөртпе бар. Бөртпе элементтері дұрыс емес, «жұлдызша» пішінді. Менингеальді симптомдар (шүйде бұлшық еттерінің кернеуі, Керниг симптомы) теріс. ҚҚ 110/70 мм с. б., пульс 100 рет/мин.
Жалпы қан анализінде: лейкоциттер – 24,1 х109/л, лейкоцитарлы формуланың миелоциттерге дейін ығысуы, ЭТЖ – 40 мм/сағ.
Менингококкты инфекцияның қандай түрі ең ықтимал болып табылады?
#+менингококковая инфекция, менингококкцемия
*!Жас жігіт, 16 жаста, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Ауруы 7 сағат бұрын басталған: қалтырау, бас ауыруы, құсу пайда болған, дене қызуы 39 0С-қа дейін жоғарылаған. 4 сағаттан кейін көптеген геморрагиялық бөртпе пайда болған. Түскен кезде: дене қызуы 36,50С. Ентігу, цианоз, қозу байқалады. Пульсі жіп тәрізді. ҚҚ 60/40 мм с. б.
Менингококкты инфекцияның қандай асқынуы дамыған?
#* ДВС-синдром
*+Инфекционно-токсический шок
* Отек-набухание головного мозга
* Острая надпочечниковая недостаточность
* Острая сердечно-сосудистая недостаточность
*!Әйел адам, 30 жаста. Шағымдары: субфебрильді қызба, әлсіздік, тамағының қышуы және ауыруы. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындыларының түсі қалыпты, бөртпе жоқ. Мұрнынан аздаған серозды-іріңді бөлінділер байқалады. Аңқасында: шырышты қабаты гиперемияланған, жұтқыншақтың артқы қабырғасының фолликулдары үлкейген. Менингеальді симптомдар (шүйде бұлшық еттерінің кернеуі, Керниг симптомы) теріс. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты. Пульс – 88 рет/мин. ҚҚ – 120/70 мм с. б. Нәжісі қалыпты.
Жалпы қан анализінде: лейкоциттер – 18,7 х 109/л.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
#+менингикококковый назофарингит
*!Ер адам, 50 лет. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, сол жақ балтырының кернеп ауыруы, қызарып, ісінуі. 5 жыл бұрын бет аймағындағы тілмемен ауырған. Осы ауруын суықтанумен байланыстарады.
Объективті: жағдайы ауыр. Дене қызуы - 39,0°С. Status localis: сол жақ балтырының аймағында шеттері анық, төмпешікпен шектелген айқын гиперемия ошағы мен серозды сұйықтыққа толған көпіршіктер бар. Жергілікті гипертермия анықталады.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
#+повторная рожа, эритематозно-буллезная форма
*!Ер адам, 40 жаста. Жедел ауырып бастаған. Анамнезде: жиі асқынып тұратын созылмалы тонзиллиті бар. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, бас ауыруы, оң жақ санындағы кернеген ауыру сезімі мен күйдіру сезімі. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы – 38,50С. Терісінің түсі қалыпты. Status localis: оң санының аймағында нақты шекарасы мен перифериялық төмпешігі (валик) бар, «жалын тілдері» тәрізді айқын гиперемия ошағы мен жергілікті гипертермия анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульс – 100 рет/мин.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
#* Сибирская язва, карбункулезная форма
*+Первичная рожа, эритематозная форма
* Повторная рожа, эритематозно-геморрагическая форма
* Чума, бубонная форма
* Туляремия, кожно-бубонная форма
*!Әйел адам 35 жаста. Ауруханаға ауруының 8-ші күні түскен. Шағымдары: айқын әлсіздік, тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, құсу 4-5 рет, сарғаю, терінің қышуы, эпигастрий мен оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі. Ауру бір апта бұрын басталған: әлсіздік, буындарының ауыруы пайда болған, одан кейін тәбеті төмендеп, жүрек айнуы, құсу қосылған. Ауруының 5-ші күні зәрінің қоңырлануын байқаған, 6-шы күні нәжісі түссізденіп, сарғыштық пайда болған. Сол күні жүрек айнуы күшейген, құсуы жиілеген, әлсіздігі үдеп, мұрыннан қан кеткен.
Қандай белгі аурудың ауырлығы туралы айтады?
#* Анорексия
* Выраженная желтуха
* Интенсивный кожный зуд
* Кратность рвоты
*+Наличие геморрагического синдрома
*!Ер адам, 45 жаста, қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылған. Шағымдары: айқын әлсіздік, жүрек айнуы, кофе түстес құсу, ұйқысының нашарлауы, қорқынышты түстер көруі. Екі апта бойы ауырады. Аурудың басында жүрек айнуы, құсу, тәбеттің жоғалуы, буындарының ауыруы пайда болған. Эпидемиологиялық анамнез: 2 ай бұрын жарақат себебімен ота жасалып, қан құйылған. Объективті: жағдайы ауыр. Ауызынан бауырлық иіс сезіледі. Терісі мен шырышты қабаттары айқын сарғыш. Пациент ұйқышыл, адинамиялы. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге жоғары анықталады. Зәрі қоңыр түсті.
Қандай асқынудың дамығаны ең ықтимал болып табылады?
#* Вирусный гепатит В, тяжелое течение
+* ОПЭ, прекома I
* ОПЭ, прекома II
* ОПЭ, кома I
* ОПЭ, кома II
*!Ер адам, 43 жаста, ауруханада «Вирусты гепатит В» диагнозымен ем қабылдап жатыр. 10-шы күні айқын әлсіздік, тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, тәулігіне 5 рет құсу, ұйқының нашарлауы мазалайды. Сарғыштығы күшейген. Саусақтарының треморы байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. Пульс 94 рет/мин., ҚҚ 130/80 мм с. б. Бауыры ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті, нәжісі түссізденген. Науқас қарқынды терапия бөлімшесіне «Вирусты В гепатит, ауыр ағымы. Асқынуы: Жедел бауыр энцефалопатиясы, прекома I» диагнозымен ауыстырылды.
Қандай клиникалық белгілер «Жедел бауыр энцефалопатиясы, прекома I» диагнозы туралы айтады?
#* Брадикардия
* Гепатоспленомегалия
*+Тахикардия, тремор кончиков пальцев
* Отсутствие аппетита, тошнота, учашение рвоты
* Темная моча, наростание желтухи
*!Әйел адам 36 жаста, ауруханаға жатқызылған. 8 күн бойы бас ауыруы, әлсіздік, ыстық сезімі, ұйқысыздық мазалайды. Оңтүстік-Қазақстан обылысының тұрғыны. Жағдайы ауыр, дене қызуы 39,00С, тежелген, сұрақтарға баяу жауап береді. Терісі бозғылт, іш аймағында бірлі-жарлы розеолезді бөртпе байқалады. Тілі құрғақ, сұр түсті жабындымен жабылған, шеттері таза, тістің іздері көрінеді. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында перкуторлы дыбыс қысқарған. Бауыры +1,0 см.
Қандай дәрі ең тиімді болып табылады?
#++Левомицетин
Гентамицин
Тетрациклин
Цефазолин
Амикацин
*!Ер адам, 25 жаста. Шағымдары (аурудың 9-шы күні): айқын әлсіздік, бас ауыруы, тәбеттің болмауы, дене қызуының жоғарылауы. Ауру бірте-бірте басталған, алдымен дене қызуы 37,8 С-қа дейін жоғарылаған, әлсіздік, бас ауыруы пайда болған. Келесі күндері дене қызуы 40,0С-қа дейін жеткен. Жүрек айнуы, құсу, диарея, ұйқының бұзылуы мазалаған. Кеше ішінде қызғылт түсті бөртпе байқаған. Объективті: жағдайы ауыр. Дене қызуы – 39,8С. Науқас тежелген. Терісі бозғылт, ыстық. Іш аймағында бірлі-жарлы розеола бар. Пульсі - 80 рет/мин. ҚҚ - 110/70 мм с.б. Тілі қалың жабындымен жабылған, шеті мен ұшы таза. Іші кепкен, оң жақ мықын аймағында ауыру сезімі анықталады. Падалкасимптомы«оң». Бауыры 1,5 см-ге ұдғайған.
Қандай диагностика әдісі диагноз қою үшін ең ақпаратты болып табылады?
#* Клинический анализ крови
*+Гемокультура
* Рентгенологическое исследование
* УЗИ
* Лапароскопия
*!Науқас 40 жаста, 20-шы қыркүйекте ауырып бастаған, бас ауыруы, әлсіздік пайда болып, дене қызуы 40°С-қа дейін жоғарылаған. Ауруханаға аурудың 8-ші күні түскен. Жағдайы ауыр, есі анық, науқас тежелген. Терісі бозғылт, кеудесі мен іш аймағында бірлі-жарлы розеола анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульс - 95 рет/мин.Тілі ылғал, ісінген, тістің іздері бар, сұр түсті жабындымен жабылған, ұшы таза. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында ауыру сезімі анықталады. Бауыры 2 см-ге ұлғайған. Нәжісі «бұршақ пюресі» түрінде.
Нәжісті бактериологиялық зерттеу нәтижесінде қандай қоздырғыштың анықталуы ең ықтимал болып табылады?
#Іш сүзегі/ Salmonella typhi
*!Ер адам, 25 жаста, ауыл тұрғыны, кіші қара мал ұстайды. 15 жасында жедел бруцеллезбен ауырған. Бірнеше ай бойында дене қызуы 37,2-37,5 С-қа дейін жоғарылайды, түнгі уақытта тершеңдік мазалайды, ірі буындардың ауыруы, шаршағыштық мазалайды. 3 күн бұрын басы қатты ауырып, жеңілдік әкелмейтін құсу пайда болған, әлсіздігі күшейген. Физикальді тексеру: терісі ылғалды. Сол жақ тізе буыны ісінген, айналасындағы терісі қызарған, ыстық. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі (ригидтілігі) + 3-4 см, Керниг симптом «оң». Қолтық асты, шап лимфа түйіндері үлкейген. Бауыры 2,0 см-ге ұлғайған. Нәжісі мен зәр шығаруы қалыпты.
Сипатталған клиникалық жағдайда қандай қоздырғын ең ықтимал болып табылады?
# Хронический бруцеллез
Достарыңызбен бөлісу: |