Информационное письмо



бет15/119
Дата31.01.2022
өлшемі326,19 Kb.
#116550
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   119
Байланысты:
сөзжасам, морф 2020етістік (2)

Бесінші апта

5 дәрістің тақырыбы: Есімше



Терминдер мен анықтамалар

Есімше деп қимыл мағынасын сақтай отырып, сын есімнің анықтауыш қызметінде қолданылып, сөйлемде заттанып, зат есімше түрленетін етістіктің түрі аталады.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

Етістіктің функциялық формаларының бірі – есімше. Есімше мағынасы жағынан етістіктерше болымды және болымсыз, салт-сабақты болып бөлініп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартады. Бірақ түрленгенде есімдерше көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Осы ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағынаға ие болады да, әрі етістік, әрі сын есім орнына жүре береді.



Есімше деп қимыл мағынасын сақтай отырып, сын есімнің анықтауыш қызметінде қолданылып, сөйлемде заттанып, зат есімше түрленетін етістіктің түрі аталады.

Есімше –ған, (-ген, -қан, -кен), -ар (-ер, -р, -с), -атын (-етін, -йтын, -йтін), -ушы (-уші), -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жұрнақтарының негізгі және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды және болымсыз формаларына, етіс категориясының барлық түріне жалғану арқылы жасалады. Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше жұрнақтары жалғанбайды.



  1. ған, -ген, -қан, -кен. Бұл жұрнақ арқылы жасалған есімшеде қимылды білдіру мәні бар. Мысалы, көрген түс, естіген әңгіме, жауған қар, қатқан мұз. Осы мысалдардағы заттың белгісі болып тұрған көрген, естіген, жауған, қатқан есімшелері заттың бұрын жасаған қимылын оның белгісі ретінде көрсеткен. Есімшенің бұл түрі заттық мағынада жиі қолданылады және зат есімше түрленіп, септік, тәуелдік жалғауларын қабылдайды.

  2. атын, -етін, -йтын, -йтін. Бұл бұрын я ертерек кезде болған, үнемі болып тұратын амал-әрекетті заттың белгісі етіп көрсетеді. Мысалы, Қиналатын кезің де өтер. Білетін жұмысың ғой. Атқаратын қызметің белгілі. Ойланатын әдетің ғой. Есімшенің бұл түрі ұзаққа созылған, әдетке айналған бүгін де, ертең де болып тұратын қимыл-әрекетті заттың белгісі етіп көрсетеді. Есімшенің бұл түрі де заттық мағынада жиі қолданылады.

  3. ар, -ер, -р, -с. Есімшенің бұл жұрнағы түбір етістіктен жасалу, жасалмауы белгісіз мәнді есімше жасайды. Мысалы, Жүрер жолың кең болсын. Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды. Барар жерің балқан тау. Осы жұрнақ жалғанған есімше сөйлемнің анықтауыш қызметін атқарып, зат есімнің алдынан тіркеседі және ол есімше заттанып, зат есімше түрленеді яғни көптік, септік, тәуелдік жалғауларымен қолданылады.

  4. мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек. Есімшенің бұл жұрнағы түбір етістіктен мақсат мәнді есімше жасайды. Есімшенің осы түрі анықтауыш қызметінде сирек қолданылады. Мысалы, айтылмақ пікір, кездеспек жер, көріспек күн, жарыспақ ойын, қайрамақ пышақ.

Есімше жұрнақтарының қызметі - өзі жалғанған етістіктің аңғартатын мағынасын өзгертпей, заттың қимыл-әрекет арқылы білдіретін белгісін жасау. Мысалы, бар – қимыл-әрекетті білдіретін етістік, ал барған (адам), барар (жол), баратын (кісі), барушы (бала) – заттың қимыл нәтижесімен аңғартылған белгісі.

Есімше жіктеледі, бірақ етістіктерше емес, есімдерше жіктеліп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.

Есімшенің есімдерге жақындығы мен өзгешеліктері:

а) Есімше формалары сын есім сияқты заттың белгісін аңғартып, сөйлемде қандай? деген сұраққа жауап береді де, анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: көк шөп – көгерген шөп, ақ шаш – ағарған шаш. Сын есімдер заттың тұрақты белгісін білдірсе, есімшелер қимыл-әрекет нәтижесінде пайда болған өзгерісті аңғартып тұр.

ә) Есімшелер есімдер сияқты көптеліп, тәуелденіп, септеліп заттанады. Сөйлемде бастауыш, толықтауыш қызметін атқарады. Жіктеліп баяндауыш қызметін атқарады.

б) Етістіктің болымсыз формасына есімше жұрнағы жалғанғанда да есімшенің боымсыз мағынасы аңғарылады.

Есімшелердің етістікке жақын белгілері:

а) Есімшенің етістіктің бір түрі болып есептелуіне оның септік жалғауларындағы сөзді салт және сабақты етістік ретінде меңгеруі себеп болады. Мысалы: кітапты алған, қаламды берер.

ә) Есімшелердің шақтық мағынаны беруде қызметі ерекше. –ған қосымшалы есімше жіктеліп, өткен шақ мағынасын берумен қатар атрибуттық қызметте тұрып та сол өткен шақтық мағынаны сақтайды. –ар (-ер, -р, -с) формалы есімшелер әркез келер шақ мағынасын білдіреді.

б) Есімшенің етістікке тән басты белгісі – қимыл-қозғалысқа байланысты мағынадан алыстамайды. Сондықтан да есімше етістіктерше болымды және болымсыз, салт және сабақты болып бөлінеді.

Есімше түрлері жұрнақтарының мағыналарына сәйкес шақ категориясымен бөлінеді:


  1. Бұрынғы өткен шақ есімше -ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағымен жүзеге асады.

  2. Дағдылы өткен шақ есімше –атын (-етін, -йтын, -итін) жұрнағы арқылы жасалады.

  3. Болжалды келер шақ есімше –ар (-ер, -р, -с) жұрнақтары арқылы жасалады.

Мақсат мәнді келер шақ есімше етістікке –мақ (-мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек) жұрнағы жалғану арқылы жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет