Негізгі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә, о, оһо, ой, ие, аһа, беу дегендер жатады. Бұл одағайлар қайталанып та қолданылады.
Туынды одағайларға: мәссаған, бәрекелді, әттегенай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға... сияқтанғандар жатады. Бұлар әуел бастағы мағыналары сөздердден я сөз тіркестерінен бірігіп одағай сөздерге айналған. Мысалы: мәссаған деген одағайдың бастапқы төркіні – мә, саған: бәрекелді дегеннің төркіні – барақа аллаһу (алла саған бақыт берсін); әттегенай деген одағай әйт деген-ай дегеннен шыққан. Бірақ бұл сөздер өздерінің ьастапқы ақиқаттық мағыналарынан тіпті алыстап көңіл-күйлерін білдіретін одағайларға айналып кеткен.
Сол тәрізді е, тәйір; тәйір-ай; уа, дүние; әттең; шіркін-ай; я сәт; аттан; алақай деген сияқты ескі ұғымдарды білдіретін сөздер көбінесе одағай ретінде әуелі ауызекі тілде қолданылыпы, біртіндеп әдеби тілге де еніп кетіп жүр.
Одағайлардың дәл мағынасы нақтылы сөйлеу жағдайларымен байланысты контексте айқындалады, өйткені бір одағай сөздің өзі қолданылу ерекшелігіне қарай әр сөйлемде әр түрлі мағына береді. Демек, бір одағайдың өзі бірде таңырқау, бірде сүйсіну, бірде налу, бірде аяу, бірде ызалану, бірде ұнату, бірде ұнатпау т.б. сияқты жай-күйлерді білдіріп ауысып отырады. Бұл одағайларды шартты түрде бір топқа жатқызып, көңіл-күй одағайлары деп атауға болады.
Бұлардан басқа тілімізде адамға арнай айтылатын: кәне, міне, әні, мә, жә, әйда, әй, тек, тәйт сияқты одағайлар да бар. Бұлардың мағыналары жоғарыдағы одағайлардан гөрі басқашалау. Демек олардың кейбіреулері көрсету я нұсқау, кейбіреулері ұсыну, кейбіреулері тыю мағыналарын білдіреді; бұларды ишарат одағайлары деген дұрыс.
Одағайлар ойды көріктендіріп, ырғақпен айтылатын сөйлем емес, бірақ сөйлемге балама ретінде қолданылатын сөздер. Бірақ олар іштей мүшеленбейтін, синтаксистік жағынан басқа грамматикалық категориялардан оқшау тұратын, әлеуметтік қызметі мен мәні әбден түсінікті болып қалыптасқан сөздер. Осы ерекшеліктеріне қарай, одағайлар адамның көңіл-күйлерімен байланысты алуан түрлі сезімдерді білдіретін лепті, сұраулы сөйлемдер ретінде қолданылады.
Одағайлар екі түрлі жағдайда ғана сөйлем мүшесі бола алады.
Одағайлар кейбір көмекші етістіктермен тіркесіп күрделі мүшенің құрамына кіреді. Мұндайда көмекші етістік одағайды басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіретін дәнекер болып қызмет атқарады.
Одағай сөздер субстантивтеніп, түрлі қосымшалар қабылдап, сөйлемнің қалыпты мүшесі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |