Информатика 8-сынып


Паскаль тілінде тұрақтыны қалай анықтаймыз?



бет7/10
Дата21.04.2017
өлшемі1,61 Mb.
#14436
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

24. Паскаль тілінде тұрақтыны қалай анықтаймыз?

А) const n=5 Ә) const n:=5 Б) const n=5 of integer В) const n:=5;



25. Паскаль тілінде «а» айнымалысын енгізу операторы

А) read (a) Ә) write (a) Б) Input (a) В) Print a



26. Write операторы

А) параметрсіз цикл Ә ) Параметрлі цикл Б) Енгізу операторы В) Шығару операторы



27. read және readln операторлардың айырмашылығы неде?

А) read - мәндер клавиатурадан енгізіледі

readln – тізімінде меншіктеу операторы жазылуы мүмкін;

Ә) read - мәндерді бір жолға енгізу readln - әр бір мән келесі жолға енгізу;

Б) read – қарапайым айнымалылар мәндері енгізіледі readln – массив мәндер енгізіледі

В) read - константа жазылады; readln – матрица мәндер жазылады



28. and, or, not қызметші сөздері не үшін қолданылады?

А) құрама шартта Ә) жай шартта

Б) таңдау операторында В) көмекші программада

29. Қай белгі әрбір жолдан кейін міндетті түрде қойылады?

А) : Ә) ; Б) . В) ,



30. Паскальда квадраттау амалын көрсетіңіз?

А) ** Ә) ^ Б) sqr В) sqrt



31. Паскаль тіліндегі шартты алдын ала тексеру операторы .....

А) WHILE Ә) FOR Б) REPEAT В) DOWN TO



32. FOR I = 1 TO N DO …..

А) Параметрсіз цикл Ә) Парамтерлі цикл Б) Енгізу операторы В) Шығару операторы


Тест жауаптары


І нұсқа

ІІ нұсқа

1

Ә

19

А

1

Б

19

Ә

2

Ә

20

А

2

А

20

В

3

А

21

В

3

В

21

А

4

А

22

Ә

4

Б

22

А

5

Б

23

В

5

А

23

Б

6

Ә

24

Ә

6

Б

24

А

7

Б

25

Ә

7

Ә

25

А

8

А

26

Б

8

Ә

26

В

9

В

27

Б

9

Б

27

Ә

10

Ә

28

Ә

10

Ә

28

А

11

Ә

29

Ә

11

Ә

29

Ә

12

Ә

30

Ә

12

Б

30

Б

13

В

31

Б

13

А

31

А

14

А

32

Ә

14

В

32

Ә

15

А







15

А







16

Б







16

Ә







17

В







17

В







18

В







18

В








Үйге тапсырма: 1-3 тарауды қайталау .
Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритмдерді программалау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды Паскаль тілінің шартты алдын ала тексеретін қайталуWHILE операторымен таныстырып, программа құруға дағдыландыру;

Дамытушылығы: Оқушылардың Паскаль программалау тілінде есеп шығару мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Компьютермен жұмыс

4. Сабақты бекіту

5. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары

  • Шартты оператордың қандай түрлері бар?

  • If операторының жалпы жазылу түрі қандай?

  • Таңдау операторы не үшін пайдаланылады?


Жаңа материалды түсіндіру

Көп жағдайда аргументтердің әртүрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процестерді ұйымдастыру үшін циклдық құрылымды алгоритмдер – қайталау операторлары қолданылады.

Цикл деп программадағы қайталанатын әрекетті айтады. Паскаль тілінде қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың үш түрі бар: арифметикалық цикл – FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE , шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT операторлары.

WHILE операторы. Алдын ала берілген шарт бойынша қайталуды жүзеге асыратын бұл оператор WHILE (оқылуы: уаил, аударылуы: әзірше) және DO (оқылуы: ду, орындау болып аударылады) түйінді сөздері қолданылып аударылады.

Цикл қайталанар алдында, логикалық өрнектің мәні тексеріледі. Егер True (ақиқат) болса, онда цикл денесі қайталанып орындалып отырады. Керісінше False (жалған) болса, циклдің орындалуы аяқталып, WHILE операторынан кейінгі жолдар орындалады.

Егер, ең басында өрнектің мәні False (жалған) болса, онда цикл бір ретте орындалмайды.

Мысалы: y = 3x+1, мұндағы х, -1 мен 2 аралығындағы сандарды қабылдайды, қадамы 0,5 тең.

Program eseptey;

Var x, y : real ;

Begin X:=-1;

While x<=2 Do

Begin Y:=3*x+1

Writeln (‘ x=’,x , ‘ ‘ , ‘y=’ , y) ;

X: = x+0.5;

End;

End.


REPEAT қайталу операторы WHILE операторына ұқсас, айырмашылығы – қайталану шарты цикл соңында тексеріледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі – цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады.

Бұл оператор Repeat (оқылуы: рипит, қайталау болып аударылады) және Until (оқылуы: антил, дейін, шейін болып аударылады) түйінді сөздерін пайдаланып орындалады.



Компьютермен жұмыс

12 Р=1*2*3 … * N N ! факториалды табу программасын жаз.

Program fakt;

Var I , n , p: integer;

Begin

WriteLn ( ‘ n= ‘);



ReadLn (n) ;

I: = 1;


P:= 1;

Repeat


P:= p*1;

I:= i+1;


Until i>n;

Writeln (p:4);

End.
13. у =3x+1 x €[1 ; 2 ], h =0,5 өрнегін WHILE, REPEAT операторларын пайдаланып программа құр.

Program y-tabu;

Var x , y : real ;

Begin


X:=-1;

Repeat


Y: = 3*x+1;

WriteLn (‘ y = ‘ , y);

X:=X+0,5;

Until x>2;



End.

14. x €[1 ; 3 ] аралығында 0,2 қадаммен өзгергендегі y= функциясының мәнін тап.
Program esep;

Var x, y: real;

Begin

X:=1;


repeat

y:= sqrt (x+1)-1/x ;

Writeln ( x:3, y:5);

x:=x+0.2;

until x>3

readln;


end.
Компьютермен жұмыс
9. 1-ден n – ге дейінгі сандардың квадраттарының қосындысын табатын программа құру керек.

Program kvadrat;

Var s, i , n: integer;

Begin


WriteLn (‘ n = ’) ;

Readln (n);

I:=1;

S:=0;


While i<=n do

Begin S:=S + sqr (i);

I:= i+1;

WriteLn (‘ S=’ , S);

End;

End.
10. Y= ex sinx+cosx функциясының мәндерінің [a, b] аралығында h қадамы бойынша өзгеру кестесін құратын программа құрыңдар.


Program y- tap;

Var x, y, a, b, h: real;

Begin

WriteLn (‘ a , b , h -? ’);



ReadLn (a, b , h);

X:= a;


While x<= b do

Begin


Y:=exp (x) * sin (x) + cos(x);

WriteLn (‘x=’, x:5:2, ‘, ‘ , y= ‘, y:5:2);



X:=x+h;

End;


End.

11. Х € [1; 3] аралығындағы 0,2 қадаммен өзгергендегі y= функциясының мәнін тап.

Program esep;

Var x, y: real;

Begin


X:=1;

While x<=3 do

Begin y:= sqrt (x+1)-1/x;

Writeln (‘ x=’ , x, ‘y=’, y);

x:=x+0.2;

end;


readln;

end.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет