7.1.1.1 компьютерлік жад түрлерінің мақсаттарын сипаттау (жедел
есте сақтау құрылғысы, тұрақты есте сақтау құрылғысы, сыртқы жад, кеш-жад);
Сабақтың мақсаты:
Барлықоқушыүшін: Компьютердегі ішкі және сыртқы жадтардың құрамдас бөліктерінің қызметін біледі және сипаттайды.
Бағалаукритерийлері
Компьютердегі ішкі және сыртқы жадтардың құрамдас
бөліктерінің қызметін біледі және сипаттайды.
Тілдікмақсаттар
Пәндіклексикаментерминология: Жад, ішкі жад, сыртқы жад, ЖЖҚ – жедел жад құрылғысы, ТЖҚ –
тұрақты жад құрылғысы, КЭШ, USB, флеш-жад.
компьютерлік жад - память компьютера - computermemory
сыртқыжад -внешняяпамять- secondarystorage
Диалогтерменжазуүшінпайдалысөзтіркестері:
Ішкі және сыртқы жадтардың ұқсастығы пен айырмашылықтары.
Ішкі және сыртқы жадтардың құрамдас бөліктерінің қызметін жазу.
Түрлі ақпарат көздерінен жинақтаған деректерді есіңе сақтауда қандай әдістерді қолданасың?
Ақпаратты сақтауда адамның қай мүшесінің қызметі ерекше?
Компьютердің ақпаратты сақтауға арналған қандай құрылғыларымен таныссыңдар?
Құндылықтарғабаулу
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы қалыптасады.
Пәнаралықбайланыстар
Математика.
Алдыңғыбілім
Ақпаратты өлшеу.
Сабақтыңбарысы:
Сабақтың кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс- әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтыңбасы
2 мин
(Ұ)Ұйымдастырукезеңі Оқушылармен амандасу, түгелдеу, психологиялық жағымды ахуал туғызу.
«Гүлментілектілеу»әдісіарқылы сергіту және топқа біріктіру. Оқушылар гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа
біріктіріледі. І топ – Ішкі жад. ІІ топ – Сыртқы жад.
Қағаздан жасалған гүл
5 мин
(Ұ)«Миғашабуыл»әдісіАлдыңғы білім мен бүгінгі
сабақты
Түрлі ақпарат көздерінен жинақтаған деректерді есіңе сақтауда қандай әдістерді
қолданасың?
Бағалау Мұғалім оқушыларды
«Отшашу»әдісі
«Эстафета» немесе
«Футбол
байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интерактивті тақтадан көрсетіледі.
Ақпаратты сақтауда адамның қай мүшесінің қызметі ерекше?
Компьютердің ақпаратты сақтауға
арналған қандай құрылғыларымен таныссыңдар?
Компьютерде ақпаратты сақтап тұратын жад түрлерінің (ЖЖҚ, ТЖҚ, кэш-жад) қызметін қалай сипаттауға болады? (Т) Ақпараттың бір өлшем бірлігін келесі өлшем бірліктерге ауыстыруға
арналған білімдерін
тексеруге арналған есептерді 2 немесе 3 топ жарысып шығарады.
Ең көп шығарған топ жеңімпаз болады.
Бағалау Мұғалім оқушыларды
«Отшашу»әдісіарқылы бағалайды.
Үйтапсырмасы: Интернет желісін пайдалана отырып, «BIOS модулi» тақырыбында ақпараттық
ізденіс жасаймыз. Алынған мәліметтердің маңыздыларын талдап, дәптерге жазамыз.
ҚМЖ-ғаҚОСЫМША Қысқамерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігі, оқу мақсаты ескеріле отырып, сараланып жасалды.
Тапсырмаларды орындау барысында дербес(жеке-дара),жұппен,топпен жұмыс жасалады. Тапсырмаларды орындау сабақтың ортаңғы кезеңіне жоспарланды. Осы кезеңде саралаудың
«Қорытынды»,«Диалогжәнеқолдаукөрсету»,«Бағалау»,«Тапсырма»,«Қарқын» тәсілдері қолданылады. Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл саралаудың «Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әдістерімен бағаланып отырады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін
көрсетеді. Бағалау оқушының іс-әрекетінің жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Бұл саралаудың
«Бағалау» тәсілі. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау, жинақтау, бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл саралаудың «Тапсырма» тәсілі. Сонымен қатар жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушының білім дағдысына, деңгейіне қарай қарқыны жылдам және баяу оқушылар кездесуі әбден мүмкін деген болжаммен оқулықта қосымша тапсырмалар беру жоспарланды. Бұл саралаудың «Қарқын» тәсілі.
Құндылықтарғабаулудағымақсатымыз: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша
«Жалпығабірдейеңбекқоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдылары қалыптасады.
Психологиялық жағымды ахуал орнатудағы басты мақсат:Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастыру, көңіл күйін көтеру, бауырмалдығын ояту.