Информатика әдістемелік нұсқау



бет41/63
Дата08.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#157084
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63
Байланысты:
Informatika Metodika 7 kl Kaz new

Қысқамерзімді жоспар


Бөлімі:

4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

4.4. Тармақталған алгоритмдерді программалау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін: тармақталған алгоритмдерді программалау жолдарын біледі.
Оқушылардың көбі үшін: Шарт тексеру операторының қысқа және толық жазылу құрылымдарын ажырата алады.
Кейбір оқушылар үшін: Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазады.

Бағалау критерийлері

  • Тармақталған алгоритмдерді программалау жолдарын біледі.

  • Шарт тексеру операторының қысқа және толық жазылу құрылымдарын ажыратады.

  • Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазады.

Тілдік мақсаттар






Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Тармақталу алгоритмі қандай алгоритм?

  • Тармақталу алгоритміне күнделікті өзің орындайтын іс- әрекеттердің қайсысын мысал ретінде келтіре аласың?

  • Шарт тексеру операторының құрылымдары жайлы не білесің?

  • Шарт тексеру операторының қысқа және толық жазылу құрылымдарының қандай айырмашылықтары бар? Себебін

түсіндір.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Математика.

Алдыңғы білім

Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді қалай құрастыруға болатынын біледі.

Сабақтың барысы:



Сабақтың кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу, психологиялық жағымды ахуал туғызу.
«Гүлмен тілек тілеу» әдісі арқылы (сергіту және топқа біріктіру). Мақсаты: Оқушылар гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.
І топ – «Білімділер».

Қағаздан жасалған ГҮЛ




ІІ топ – «Дарындылар».







Ұжымдық жұмыс

  • Тармақталған алгоритм қандай алгоритм?

  • Тармақталған алгоритмге күнделікті өзің

орындайтын іс- әрекеттердің қайсысын мысал
ретінде келтіре аласың?

  • Шарт тексеру операторының құрылымдары жайлы не білесің?

  • Шарт тексеру операторының қысқа және толық жазылу құрылымдарының қандай айырмашылықтары бар? Себебін

түсіндір.

Бағалау:







Миға шабуыл әдісі

Оқушылар бір-

5 мин

Алдыңғы білім мен

бірін




бүгінгі сабақты

«Бағдаршам»



байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.

әдісі арқылы бағалайды.











Сабақтың ортасы




(Ж) 1-тапсырма
К саны берілген. Осы санның жұп немесе тақ екенін анықтайтын программа құрастыр. Егер сан тақ болса экранға «1», әйтпесе
«0» шықсын.
Мысалы Нәтиже

Дескриптор:

  • Берілген санның жұп екенін анықтайтын программа құрады.

  • Берілген санның тақ екенін

анықтайтын программа құрады.

  • Берілген санның жұп немесе тақ екенін анықтайтын программа құрып, экранға сан тақ болса «1» әйтпесе

«0» шығарады.

Бағалау: Оқушылар өзін-өзі
«Бағдаршам» әдісі
арқылы бағалайды.

7-сынып оқулығы.
Компьютер




17 1










62 0











(Ж) 2-тапсырма Велосипедші v м/с жылдамдықпен қозғалса, s жолды t секундта жүріп өте ме, анықта. Егер жүріп өтсе «ia», әйтпесе
«joq» жауаптарының бірі экранға шықсын. Деректердің енгізілу реті: v-жылдамдық, s- жол және t-уақыт.
Мысалы Нәтиже

Дескриптор:

  • Велосипедшінің жүріп өткен жолының жылдамдығын және уақытын анықтайды.

  • Егер жүріп өтсе «ia», әйтпесе «joq» жауаптарының бірін экранға шығарады.

Бағалау: Оқушылар өзін-өзі
«Бағдаршам» әдісі
арқылы бағалайды.




5 100 15 joq
















10 800 90

ia














(Ж) 3-тапсырма Қыста күн жылы болса, мұз үстінде хоккей ойнау мүмкін емес. 7-сынып оқушылары бүгін сабақтан соң хоккей ойнауды жоспарлауда. Мұғалім оқушыларға хоккей ойнау үшін соңғы үш күнгі тіркелген ауа райы температурасының ең кіші мәні t температурадан төмен болса ғана ойнаулары мүмкін екенін
ескертті. Берілген деректерді пайдаланып оқушылар бүгін хоккей ойнай ала ма, соны анықта. Деректердің енгізілу реті: соңғы үш күндегі ауа райының мәндері: a, b, c және t температура.
Мысалы Нәтиже
-8 -10 -6 ia
-5

Дескриптор:

  • Деректердің енгізілу ретін дұрыс жазады.

  • Берілген деректерді пайдаланып оқушылар бүгін хоккей ойнай алатынын немесе ойнай алмайтынын анықтайды.

Бағалау: Оқушылар өзін-өзі
«Бағдаршам» әдісі
арқылы бағалайды.

7-сынып оқулығы.
Компьютер

Сабақтың соңы



7 мин
Рефлексия

Сабақты бекіту



Мақсаты: Сабақты қорытындылау.

  1. «Басбармақ» – басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

  2. «Балалы үйрек» –

бірлесу. Қалай
жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза еттім?

  1. «Ортан терек» – ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?

  2. «Шылдыр шүмек»

– шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
5 «Кішкентай бөбек» – көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

Бағалау: Мұғалімнің қорытынды бағасы.
«Бағдаршам» әдісі арқылы жүзеге асады.











Үй тапсырмасы
Шарт тексеру операторының программалаудағы маңызын бағала.
Мақсаты: Өткен сабақты пысықтау.

ҚМЖ-ға ҚОСЫМША
Қысқамерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігі, оқу мақсаты ескеріле отырып, сараланып жасалды.
Тапсырмаларды орындау барысында дербес (жеке-дара), жұппен, топпен жұмыс жасалады. Тапсырмаларды орындау сабақтың ортаңғы кезеңіне жоспарланды. Осы кезеңде саралаудың
«Қорытынды», «Диалог және қолдау көрсету», «Бағалау», «Тапсырма», «Қарқын» тәсілдері қолданылады. Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен, нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл саралаудың «Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әдістерімен бағаланып отырады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін көрсетеді. Бағалау оқушының іс-әрекетінің жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Бұл саралаудың «Бағалау» тәсілі. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау, жинақтау, бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл саралаудың «Тапсырма» тәсілі. Сонымен қатар жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушының білім дағдысына, деңгейіне қарай қарқыны жылдам және баяу оқушылар кездесуі әбден мүмкін деген болжаммен оқулықта қосымша тапсырмалар беру жоспарланды. Бұл саралаудың «Қарқын» тәсілі.
Жоспарланған 1, 2, 3 тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өмірде кез келген жағдайда шарт қоюға және ықтималдылық жағдайдың бар екендігіне көз жеткізеді.
Құндылықтарға баулудағы мақсатымыз: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша
«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдылары қалыптасады.
Психологиялық жағымды ахуал орнатудағы басты мақсат: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастыру, көңіл -күйін көтеру, бауырмалдығын ояту.
Топтастырудағы мақсатымыз: Топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық, тыңдау дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады. Өзгелердің идеялары мен ойларын тыңдап, құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды. Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.
«Миға шабуыл» әдісін қолдану мақсаты: Бұл әдіс ұжымдық жұмыс түрінде яғни оқушылардың барлығын жұмылдыра қатыстырып, сабақтың бастапқы кезеңінде ғана қолданылады. Себебі оқушылардың сабаққа дайындығын, өткен және жаңа тақырып бойынша алдыңғы білімін тексеру мақсатында ой қозғау сұрақтары беріледі.
Рефлексия: Бұл сабақтың соңғы кезеңіне жоспарланды. Өйткені сабақтың бастапқы кезеңінен соңына дейін оқушының нені оқып меңгергенін білу мақсатында және сабақты бекіту, қорытындылау үшін «Бес саусақ» әдісінің критерийлерін орындайды. Бұл әдіс оқушының өз ойын жинақтауға, өз-өзіне есеп беруге және ұжым алдында өз ойын еркін жеткізуге баулиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет