Информатика мен информатика пєні туралы



бет36/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл
rya 21, rya 40, 1863823, Проверьте себя. Тест, Aytbenowa-A-A-WEB-dizayn-negizderi-converted, 7 HTML, КАНАТ ДИПЛом нов, Задан-1-9 казМК, Задан-1-9 казМК, 13-15 апталарына тапсырма, 1.3. РОЛИ МЕН ОРНЫ2, Логика есеп, Логика есеп, жиын тест
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 дамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқышылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделі деңгейде берілген оқу материалын тыңдау ,жазу,көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.
Оқытудың ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді формаларды қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды алыптастыру мақсатында кейінен –алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші-операционалдық-танымдық кезеңін іске асыру болып табылады. Бұл бөлімді қарастырғанда біз Л.Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйенсек:

1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметін жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашлық және тағы да басқа дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.

2. Оқытуды басқарудың психологиялық сенімді түрі-ең алдымен оқушының қажеттіліктерін , қызығушылығын және қызет мақсаттары дамытуға ағдай жасау.

3. Оқуды басқару икемді болуы тийс . Бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ана, балалардың білім дәрежесінің артылуына қарай мүмкіндік болады.

4. Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын аықтауға тікелей қатысуы керек , яғни басқару тұлғалық бағытталған болуы тиіс.

5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына жіне мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс. Оқу модулінің сөйлесу бөімін даярлағанда мұғалім оқу материалының негізгі мазмұны бөліп, құрастырылмайды. Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап ,бекіуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетіні есепке алу керек, бұл бөліктерде қызқаша сыйымды трде тұтас тараудың мазмұны беріледі. Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр оқушының өзі шешеді. Бұның бір маңызы – күрделі, ізденушілік, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған оқушыға, яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады. Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл аударады. Мұғалімнің сөйлесу бөлімін дайындаудағы бес әрекет-қадамнан тұратын даярлық құрылмы қалыптасады.

Модульдік оқыту 60-жылдардың аяғында АҚШ, Англия және т.б. дамыған капиталистік мемлекеттер педагогикасында пайда болды. Оқытудың модульдік технологиясының ерекшелігі- оның білімді меңгеруде емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін (есту,көру, қимыл және т.б.) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, қарым-қатынас, ойын танымдық және шығармашылық қажеттілерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы.

Ал базалық білім бұл технологияның алдына қойған мақсаттарына жетудегі басты құралдардың бірі болып қана табылады.

Оқу процесіндегі жетістіктерге мұғалім мен оқушының арасындағы қарым- қатынас паритетті негізде құрылса ғана жетуге болады. Модульдердің көмегімен қажетті деңгейге оқушылар саналы түрде өздері қол жеткізуге ұмтылады.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, негізгі және қорытынды бөлімнен тұралы(6).

Оқу модулінің ерекшелігі- жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт негізгі бөлімнің меншігінде болады.

Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат- міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде), сызба, кесте және т.б. сүйене отырып түсіндіреді.

Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы негізгі бөлім сабақтарында жүзеге асырылады.

Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен- қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалдарымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, сөздік қорын дамытуға мүмкіндік береді.

Негізгі бөлімдегі танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған.

Оқушының танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.

Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі формалары (ұжымдық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар) қолдану- оқытудың міндетті шарты болып табылады. Негізгі бөлімде алғашқыда оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында, кейіннен алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады.

3, 4–сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі.( ІІІ және ІІ деңгейлер).

І деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне – интеллектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған.

Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.

Тапсырмаларын оқу модулінің орта кезеңінде-ақ орындап болған оқушылар, қалауы бойынша мұғалімге көмекші бола алады.

Модульдік оқытудың негізгі бөлімі оқушының өзін-өзі оқытуына және өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуына және бірін-бірі бағалауына құрылған. Бұл әрбір оқушы үшін тек үш деңгейлік тапсырмалар ғана емес, олардың үлгі жауаптарын да даярлау арқылы іске асырылады.

Бұл технологияның маңызды шарты- оқушылардың кез-келген ғылыми көздерді, оқулықтарды оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай-ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы.

Оқу модулінің қорытынды бөлімі бақылау. Егер негізгі бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қоытынды бөлімде оқушы өзінің негізгі бөлімде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары оқу модулінің осы қортынды бөлімінде беріледі. Егер негізгі бөлімде оқушыларға үш деңгейдегі («жеңілдетілген» стандарт, «стандартты», «стандарттан жоғары») тапсырмалар ұсынылса, қорытынды бөлімде барлық оқушыларға бірдей мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалар беріледі.

Әрине педагогикалық процесс үлкен жетістіктерге, жоғары да атап өткеніміздей, оқушының өзі белсенді болып, ал мұғалім әр оқушыға жеке дара қатынасы негінде кеңесшілік-бағыт-бағдар берушілік қызмет атқарғанда ғана жетуге болады.

Модульдік оқытудағы паритеттілік принцип төмендегідей педагогикалық ережелерді сақтауды талап етеді:


  1. модульдік бағдарлама оқушының өз бетімен белгілі бір деңгейге қол жеткізуіне мүмкіндік беруі тиіс;

  2. мұғалім тек қана ақпарат көзі болу қызметінен арылып, кеңесшілік-бағыт-бағдар беру қызметіне өтуі қажет;

  3. модульдер мұғалім мен оқушыға оқытудың оңтайлы жолдарын бірігіп таңдауына жағдай туғызуы қажет;

  4. модульдік оқыту барысында мұғалім кейбір басқару қызметін модульдік бағдарламаға беруге, яғни оқушының өзін-өзі басқаруына жағдай туғызуға міндетті.

Қазіргі таңда білім беру мақсаты мен міндеті – әлемдік деңгейге сәйкес келетін білімді игерген оқушыларды дайындау. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, өз Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеудегі ұстаздың рөлі ерекше. Жемісті еңбегіміз бен шығармашылық ізденісіміз арқыды ғана нақты жаңару жолына шыға аламыз. Осы тұрғыдан мен өз сабақтарымда оқытудың жаңа технологиясын пайдаланамын. Сынып оқушылары шағын топтарға бөлініп, әрбір тапсырманы ақылдасып, бір-біріне түсіндіре отырып орындайды. ­Өз беттерімен жұмыс жасау арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Мұғалімге тиімді жағы - әр сабақта барлық оқушылар білімі бағаланып шығады. Әр топта жеке бағалау парағы болады. Оқу моделі үш бөліктен тұрады:

  1. Кіріспе бөлімі.

  2. Сөйлесу бөлімі.

  3. Қорытынды бөлімі.

Төменде 7-сыныптағы «WordPad мәтіндік редакторы» тарауы бойынша 1-2 сабақтардың өткізу жоспары ұсынылып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет