Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары



бет34/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

4 – ші бөлім: «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»;
Информатика пәнінің жұмыс бағдарламасының жалпы сағат көлемі - 48 сағатты құрайды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс оқу бағдарламаларын құруда төмендегідей құқықтары бар:
- оқытудың әртүрлі технологияларын, түрін, ұйымдастыру әдістері мен оқу процесін бақылау түрлерін таңдауға;
- оқу уақытының жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген сағат көлемінен);
- оқу бағдарламасын оқуда оның ретін негіздеп өзгертуге.
Жалпы білім беретін пәндердің тізбесі мен көлемі техника-технологиялық, педагогикалық, көркемдік-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық, аграрлық-технологиялық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша мамандық бейінін ескере отырып айқындалады.
Бейініне қарамастан міндетті жалпы білім беретін пәндерге: "Қазақ тілі" және "Қазақ әдебиеті" "Орыс тілі және әдебиеті" (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін топтар үшін), "Орыс тілі" және "Орыс әдебиеті", "Қазақ тілі және әдебиеті" (оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтар үшін), "Шетел тілі", "Математика", "Информатика", "Қазақстан тарихы", "Дене тәрбиесі", "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық", "Физика", "Химия", "Биология", "География", "Графика және жобалау", "Дүниежүзі тарихы" және "Жаһандық құзыреттілік" курсы жатады.
Жалпы білім беретін пәндер модулі (жалпы білім беретін пәндер) 1-2 курстарда оқытылады және базалық және/немесе кәсіптік модульдерге біріктірілуі мүмкін.
Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар тұлғалар үшін арнайы оқу бағдарламаларындағы жалпы білім беретін пәндер тізбесі мен көлемін ТжКБ ұйымы мамандығына байланысты дербес айқындайды.
Білім беру бағдарламаларын ТжКБ ұйымдары жұмыс берушілердің қатысуымен осы МЖБС, кәсіптік стандарттар (бар болса), WorldSkills (Ворлдскилс) кәсіптік стандарттар (бар болса) талаптарының негізінде дербес әзірлейді.
ТжКБ-нің білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады және мыналарды:
1. Білім беру бағдарламасының паспортын;
2. Құзыреттер тізбесін;
3. Білім беру бағдарламасының мазмұны:
3.1. Модульдердің (пәндердің) мазмұнын,
3.2. Білім беру бағдарламасының модульдері (пәндері) бөлінісінде меңгерілген кредиттер/сағаттар көлемін көрсететін жиынтық кестені;
3.3. Құзыреттер бойынша пәндер матрицасын (модульдік бағдарламалар үшін) қамтиды.
ТжКБ-нің білім беру бағдарламаларында оқыту нәтижелері көрсетіледі, олардың негізінде оқу жоспарлары (жұмыс оқу жоспарлары, студенттердің жеке оқу жоспарлары) және пәндер/модульдер бойынша жұмыс оқу бағдарламалары әзірленеді.
Білім беру ұйымдарының қалауы бойынша білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің, кәсіптік стандарттардың және Worldskills (Ворлдскилс) кәсіптік стандарттарының (бар болса) өзгеретін талаптарына сәйкес әр оқу жылының басында өзектендіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет